Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері
Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы.
Өзіндік жұмыстардың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігін терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Бұл мақсаттың шешімін табуда оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі - өзіндік жұмыстардың алатын орны ерекше. Сондықтан олардың мазмұнын, формаларын жетілдіру өзекті мәселелер қатарынан орын алады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысыныз жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі.Осының нәтежиесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы мәселе көне заманнан бастау алады. Ежелгі грек философтары (Сократ, Платон, Аристотель) баланың өз бетімен білім алуының мәнділігін ерекше атап өткен болатын. Оқытудың тиімділігін арттыру құралы ретіндегі оқушылардың өзіндік жұмысы туралы пікір Я.А.Коменскийдің, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервегтің, К.Д.Ушинскийдің және т.б. еңбектерінде тереңдетілді.
Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталды.
Соңғы он жылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағытта қарастырылды:
- оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);
- оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.Н.Половникова);
- дербестік- өзіндік ұстаным, рухани-практикалық білім ретінде (Л.П.Буева, С.Т.Зырянов);
- дербестік - жеке тұлѓаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова-Славская, К.К.Платонов).
Көрнекті психологтар Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеулерінің нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық мүмкіндіктері айқындалды. Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н. Леонтьев оқыту мен дамудың өзара байланысын ашып көрсетті. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемалары А.Х.Аренова, Н.Н.Светловская, А.Я.Савченко, М.И.Моро, В.КБуряк, Н.К.Калашникова және т.б. мазмұнды еңбектерінде кеңінен қарастырылды.
Оқушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым саласына қатысты қабілетін дамытуға, алған білімін өз бетінше жетілдіруге, толықтыруға және оны жаңа жағдайларға шығармашылықпен қолдана білуге мүмкіндік жасау қажет. Сондықтан оқушылардың оқу процесіндегі өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру педагогика ғылымының өзекті проблемасы ретінде біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынады.
Жоғарыда аталған психологтар мен педагог-ғалымдардың еңбектерінде оқытудың мақсаты оқушыларға “оқу” деңгейінен “өздігінен білім алу” деңгейіне мүмкіндік беретіндей нақты шығармашылы әрекеттерді меңгерту екендігі айтылған. Бүгінгі мектеп үшін оқушылардың өзіндік жұмыстары мәселесі жаңалық емес, бірақ қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құруларға байланысты жалпы білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай оқыту үдістерін, құралдарын жетілдіру аса қажет. Демек, зерттеу жұмысының көкейкестілігі Қазақстандағы жаңаша білім беру жүйесіне сәйкес оқыту процесін жетілдіруге ықпал ететін өзіндік жұмыстардың сапасын арттыру қажеттілігіне байланысты тәжірибе талабынан туындайды.
Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы
Бастауыш сыныптарды оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Білімнің негізі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардыѕ өз бетінше жұмыс істей білу іскерлігін де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаѕа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс -әрекетін бақылау жасай білу т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру – оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мәселенің зерттелу тарихы көне замандардан бастау алады. Көне грек оқымыстылары Архимед, Аристоник, Платон, Аристотель баланың білімді өз еркімен, белсенді және ізденімпаздықпен меңгеруінің мәнін терең, әрі жан-жақты тұжырымдап берді. ұлы ғұламалар өз ой-пікірлерінде адамның ойлауы өз бетімен жұмыс істеу әрекетінде ғана дұрыс дамитынын, ал жеке тұлғаны жетілдіру және оның қабілеттерін дамыту өздігінен танып-білудің нәтижесінде ғана мүмкін болатынын (Сократ), мұндай іс-әрекет балаға қуаныш пен ләззат сыйлап, оның жаңа білімді алуға немқұрайлы қарауын шектейтінін дәлелдеді. Бұл қағидалар мектеп пен педагогикалық ой-пікірлер дамуының барлық келесі кезеңдерінде көптеген педагог-ғалымдар зерттеулерінің пәні болып табылды.
Өздігінен жұмыс іс-әрекеті проблемасы әрі қарай Франсуа Рабе, Мишель Монтен, Томас Морр, Томаза Компонелла еңбектерінде қарастырылады. Бұл ойлар орта ғасырдағы мектептерде схоластика, догматизм, жаттандылықтан арылу үшін баланың ізденімпаздығын қалыптастыру талабынан туындаған еді. Ол үшін балаға өздігінен жаңа білім алып, заттың дәмін өз бетімен татып көру керек (Монтен), яғни танымның жолын өзі тадағаны жөн.
Өскелең ұрпақтың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шетел және отандық педагогиканың көрнекті цикілдері мұраларында басты орын алды.
Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің еңбектерінде оқушыларды өзіндік іс-әрекетке тартудың ұйымдастырушылық-практикалық мәселелері терең қарастырылды. Мұнда проблеманың негізгі қағидаларының теориялық тұжырымдамасының пәні - оқыту, оқушының іс-әрекетінің табиғатын терең зерттемей және талдамай мұғалімнің әрекет етуі болады, ол бірнеше жылдар бойы жемісті дамытылды және қазіргі дидактикада да белгілі орын алады.
Я.А.Коменский «Выход из школьных лабиринтов» атты ењбегінде оқушылардың дербестігі табиғи нышанында дейді. Ол оқушылардың білім дербестілігі мен өзіндік әрекеттілігінің әрбір кезеңдерін грек терминдерімен белгілейді, атап айтқанда:
1. Автопсия (өзіндік бақылау);
2. Автопрасия (практикалық жүзеге асыру);
3. Автохресия (алған білім, біліктілік және дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану);
4. Автолексия (өз іс-әрекеті нәтижелерін өз бетімен баяндай білу іскерлігі).
Бірақ Я.А.Коменский балалардың табиғи нышандарын оқыту әдістерімен байланыстыра алмады.
Оқыту барысында оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерінің жекеленген аспектілерін ашып көрсетуге, оқытудың тәсілдерін бірізділікпен сипаттауға, оны оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында пайдалануға және оған философиялық-психологиялық, физиологиялық және дидактикалық тұжырымдама беруге талпыныстар мен ұмтылыстарды ең алғаш рет К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдыњ басындағы озық ойлы педагогтар жасады.
К.Д.Ушинский “Халық мектебі білімінің міндеті балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту, айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға олардың табиғи түрде дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, олардың өздігінше құратын өмір мен әрекетке қабілетін дұрыс жетілдіру”,- дейді (56, 123). Ол мектеп білімі арқылы баланың ақыл-ой қабілетін, ойлауын, сөзін т.б. қаншалықты дамыту (формальдық білім теориясы) қажет болса, оны заманының жүйеге түскен білімдерімен қаруландыру (материалдық білім беру) да соншалықты қажет екендігін айтты. Білім берудегі бұл екі міндет бір-бірінсіз болуы мүмкін емес, сол сияқты оларды бір-біріне қарсы қою да теріс. Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс, яғни оқу баланы ақыл-ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын тұтас процесс болғандықтан, оқу үстінде баланың тиісті білімдерімен қоса ақылын да байыту, сол сияқты формальды әрекеттерді, дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі тиіс деп дәлелдеді. Сөйтіп, ол дидактиканың негізгі проблемасы - формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.
К.Д.Ушинский оқытудың догматикалық әдістері мен мектепте құрғақ жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, оқушының да жұмысын, іс-әрекетін шығармашылық процесс деп қарастырды. Ал оның негізі - ойдың, ақылдың жұмысы. Оқу - еңбек және күрделі еңбек болуға тиіс, бірақ оқудың қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай толық мәндегі еңбек болатын болсын деген талап қойып, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлді.
Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, олардың өзіндік жұмыстарды орындауын К.Д.Ушинский «қандай да болмасын жемісті оқудың бір ғана берік негізі» - деп есептеді. Бұл жерде оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін атап көрсетеді: «үнемі балаға өзінің әлі жететіндей жұмыс беру керек және оған тек күші жетпей жатқанда ғана көмектесу қажет, бұл көмек баланың жасы өскен сайын әлсірей түсуі тиіс» (56, 41). Мұның барлығы К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында өзінен бұрын өмір сүрген және сол кезеңдегі әріптестеріне қарағанда оқушылардың өзіндік жұмысы ілімінің дамуында маңызды қадам жасалғанын дәлелдейді.
Оқушылардың өзіндік жұмыс идеясы біршама басқаша аспектіде Л.Н.Толстойдың мектептегі тәжірибесінде дамытылды. Немістің теориялық оқытуында етек алып, Батыс - Европа мен орыс мектептерінің іс-тәжірибесінде таратылған оқыту теориясы мен практикасындағы интеллектуализмді сынай отырып, Л.Н.Толстой балаларды оқытудың құнды тұжырымдамасын жасайды. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидасы - баланың өмірлік тәжірибесін есепке алу, оқыту процесіндегі өзіндік жұмыс арқылы оның әрекетіне ерік беру. ¬¬¬¬Өзіндік іс - әрекет теориясын педагогика, физиология және психология ғылымдарының тығыз байланысы негізінде жасаған К.Д. Ушинскийден айырмашылығы Л.Н. Толстой бұл мәселеде өз тәжірибесіне сүйенді. Дербестікті дамытудың негізгі факторлары ретінде Л.Н. Толстой оқушының жеке тәжірибесі мен оның қоршаған ортасын ерекше атап өтті.
Н.К. Крупская, А.И. Луначарский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.П. Пинкевич, М.С. Пистрак және т.б. еңбектерінде өзіндік жұмыс проблемасы білімдік, дидактикалық және жалпылама тұрғыдан терең қарастырылады.
Н.К. Крупская бұл теорияны оқушылардық дербестігін қалыптастыру проблемасын табысты шешу оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру арқылы ғана жүзеге асырылады деп тұжырымдады. Бұл қағида А.В.Луначарскийдің, П.П.Блонскийдің және т.б. еңбектерінде жан-жақты нақтыланып, сапалы түрде айқындалды.
20-30 жылдары педагогика ғылымында өзіндік жұмыстың мәнін айқындауға, өзіндік жұмыстарды пайдаланудағы мектеп тәжірибесін сипаттауға көңіл бөліне бастады. Бұл кезең өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік аспектісін жасау, әсіресе оқулықпен және кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне бай болды. Дәл осы кезеңде Н.К. Крупскаяның “Кітаппен қалайша өздігінен жұмыс істеу керек” мақаласы жарық көрді, ол педагогикалық ортаға жақсы танымал болды. Бұл мақалада кітаппен жұмыс істеудің әдістемесі жан-жақты беріледі. Педагог-теоретиктер мен мұѓалім- практиктердің күш салуының арқасында бұл кезеңде кітаппен жұмыс істеудің белгілі бір жүйесі қалыптасып, оның нақты түрлері бөліп көрсетілді: сыныпта оқылған параграфты әңгімелеп беру, оқылған материал бойынша жоспар құру, оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс, оқулықтың материалы негізінде схемалар, кестелер, диаграммалар құру және т.б. (28, 47).
30-шы жылдардың аяғы мен 40-шы жылдардың басында алдыңғы қатарлы педагогтар Р.М. Микельсон, Е.Я. Голант, П.Н. Груздев, кейіннен 50-ші жылдардың ортасы мен 60-шы жылдардың басында И.Т. Огородников, М.Н. Скаткин және т.б. сабақта оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын кеңінен қолдануға жүйелі түрде кірісіп, өзіндік жұмыстың дидактикалық-әдістемелік аспектілерін ашып көрсетуге көп көңіл бөлді. Осы кезеңде өзіндік іс-әрекет процесі мен құрылымының мәнін зерттеу не жаңа материалды меңгеру барысында оқушылардың психикалық процестерін, не өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін қарастыруды көздеді, әсіресе соңғы проблемаға көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды. Мұндай зерттеулердің тақырыптары сан алуан бола отырып, орта мектептегі барлық сыныптарда оқу процесінің бөлімдерін қамтыды. Мұнда сабақ жүйесіндегі өзіндік жұмыстардың ролін түсіндіруге, жаңа материалды мұғалімнің түсіндіру барысында оқушыныњ өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі мен олардың мазмұнын анықтауға, жаңа материалды өздігінен оқып-үйрену, білім, білік, дағдыны бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны кезектегі тексеру, оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу және т.с.с. кезеңдерінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын, Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін