Саясаттану | Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы

 Саясаттану | Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы

Мазмұны
Кіріспе:
Негізгі болім:
1. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы.
2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі.
3. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы шетелдік тәжірбие.

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы.
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының «Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!» атты Коалициясы
2005 жылдың 20-21 маусымында Алматы қаласының «Алатау» демалыс үйінде конференция өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы-Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы (PPRC).
Конференция – Сорос- Қазақыстан қоры мен Ашық қоғам
институты ( Будапешт, LGI\OSI) Local Government Initiative and Public Service Refoms бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының «Жергілікті өзін-өзі басқару» атты
жоба бойынша бірінші іс-шарасы.
Іс-шараны өткізуге мақсат: «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды әзірлеп, оны жүзеге асыру мақсатында азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктерін арттыру, олардың тәжірбиелерін, идеялары мен ресурстарын жинақтау. Міндеттері:
- Коалицияны құру жөнінде ұсыныс жасау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының тәжірбиесін қорыту;
- Коалицияны құрап, оның келешекте атқаратын қызметіне қатысты негізгі принциптер мен әдістемелерді дайындау;
- Үкіметтік емес ұйымдар Коалициясының белсенді тобын сайлау;
- Коалиция мүшелері үкіметтік емес ұйымдарының
ынтымақтастық пен мақсаттар жөніндегі меморандумын әзірлеп, оған қол қою.
«Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Махмұтованың көпшілікке таныстыру барысында конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару институтына қатысты ақпараттар мен «Жергілікті өзін-өзі басқару: азаматтық бастамадан- демакратиялық институтқа!» деп аталатын РРRC-дің жаңа жобасы ұсынылды.
Конференцияға қатысушылар «жергілікті өзін-өзі басқару» институтын орнатуға негіз бола алатын Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың тәжірбиесін қорытындылап, талдады. Олар:
• Азаматтардың жергілікті мәселелер мен аймақтың әлеуметтік- экономикалық өркендеуі мәселелерін шешуге қатысуы.
• Азаматтардың жергілікті бюджетті талдауға қатысуы.
• Үкіметтік емес ұйымдардың стратегиялық жоспарлау мен аймақты өркендету мәселелері бойынша жергілікті билік органдарын оқытып, кеңес беруге қатысты тәжірбиесі.
• Жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің ашық болып, есеп беруін қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру үшін қазіргі талапқа сай ақпараттық-коммуникативтік технологияларын енгізу.
Жұмыс нәтижелері негізінде конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнату процесіне үкіметтік емес ұйымдардың қатысуына байланысты негізгі мәселелерді, олардың мүмкіндіктері мен келешегін анықтады. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерді талқылау қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!» деп аталатын Коалияцияны құру туралы шешім қабылдады.
Коалияцияның келешектегі қызметіне қатысты «Ынтымақтастық пен мақсаттар жөніндегі меморандумды» 26 қатысушы әзірлеп, қол қойды. Сондықтан-ақ, Коалияцияны құрушы үкіметтік емес ұйымдардың тізімі берілген.
«Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!»
Коалияциясын құрушы – үкіметтік емес ұйымдардың тізімі:
1. «Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, Алматы қ.
2. «ЗУБР» әлеуметтік-корпоративтік қоры, Өскемен қ.
3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты, Петроповл қ.
4. «Десента» Қоғамдық қоры, Павлодар қ.
5. «Павлодар аймақтық басқару мектебі» қоғамдық қоры, Павлодар қ.
6. «Сайлаушылар лигасы» қоғамдық ұйымы, Шымкент қ.
7. «ТАҢ» қоғамдық қоры, Атырау қ.
8. «Аймақтық даму» қоғамдық қоры, Петропавл қ.
9. «Жалғыз-басты аналар қауымдастығы» қоғамдық ұйымы, Текелі қ.
10. «Әйелдер –ұлт болашағы үшін» қоғамдық ұйымы, Павлодар қ.
11. «Отандастар» қоғамдық ұйымы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемір ауылы.
12. «Әділет орталығы» қоғамдық ұйымы, Тараз қ.
13. Сайлау технологиялары орталығы, Қарағанды қ.
14. Талдықорғандық аймақтық демократияға ықпал ету орталығы, Талдықорған қ.
15. «Үй» қоғамдық қоры, Семей қ.
16. «Намыс» мүгедектер қоғамдық ұйымы, Алматы қ.
17. «Ардагер» қоғамдық ұйымы, Астана қ.
18. «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық ұйымның Жамбыл филиалы, Тараз қ.
19. «Тараз инициативтік орталығы» қоғамдық ұйымы, Тараз қ
20. «Қазақыстан Республикасының бастамашы мектептер қауымдастығы» қоғамдық ұйымының Шығыс Қазақыстандық филиалы, Семей қ.
21. «Дана» жанұяны әлеуметтік қолдау орталығы, Алматы қ.
22. «Арай» жастар орталығы, Алматы обылысы, Сарқант ауданы, Лепсі ауылы.
23. Қазақстан дағдарысорталықтарының одағы, Алматы қ.
24. «Өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» қоғамдыққоры, Өскемен қ.
25. «Жаңа ақпарат технологиялары аймақтық орталығы» қоғамдық ұйымы, Петропавл қ.
26. «Қазақыстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдары Экологиялық форумның ресурстық орталығы» қоғамдық ұйымы, Алматы қ.
Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы директорының орынбасары, «Жергілікті өзін-өзі басқару» жобасының директоры, «Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!» Коалициясының Ұлттық үйлестірушісі Мұхамбетова Гүлнәр Шайдоллақызы.
Қазақстан Республикасының үкіметтік не коммерциялық емес ұйымдарды, еліміздегі жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін талқылай отырып, соңғы он жылдың ішінде жүргізілген реформалар нәтижесінде қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жергілікті басқару жүйесін демократияландыру мен жетілдіруді талап ететін маңызды өзгерістердің болғаны жөн.
Жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнату -әкімшілік реформалаудың негізгі құрамдас бөлігі болуға тиісті.. Жергілікті өзін-өзі басқару –азаматтардың өз бетінше ұйымдасуы ғана емес, заңмен бекітілген барлық тиісті әлеуметтік-саяси және экономикалық құқықтары, міндеттері мен өкілеттіліктері бар толыққұнды бұқаралық билік деңгейі.
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырып, жетілдірудегі негізгі мақсат- әр адамның өз мүмкіндігін толық ашуға жағдай жасау үшін әр азаматтың өзі тұратын жерді өркендету мәселелерін шешуге қатысу құқығын іс жүзінде жүзеге асыру. Жергілікті өзін-өзі басқару- халық билігін мейлінше толық және тікелей жүзеге асыратын қоғамдық институт.
Қызметі азаматтық бастамаларды қолдаумен қалай да байланысты Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары «Азаматтық бастамадан-жергілікті өзін-өзі басқаруға!» деп аталатын коалиция құрып, еліміздегі жергілікті өзін -өзі басқаруды орнату үшін өздерінің күш жігерін біріктіреді.
Осы мақсатта қол жеткізуде жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнату үшін қолайлы орта мен қажетті алғышарттарды қалыптастырудағы негізгі міндеттері.
- азаматтардың мемлекеттік істерін басқаруға қатысудағы конституциялық құқығын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру принциптері, қызметі мен міндеттері туралы халықты хабардар ету;
- Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнату және осы жолда мүмкін болатын кедергілерді азаматтарға түсіндіру;
- Көпшіліктің жергілікті басқару реформаларын қолдауын ұйымдастыру;
- Жергілікті өзін-өзі басқару үшін қажетті мамандар-сайланатын басшылар мен муниципалды қызметкерлерді даярлау.
Коалиция жұмысында «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын ұсынып, әзірлеп, талқылау процесіне және әрі қарай іске асыру үшін көпшілік қауымды тарту басым. Бұл бастама қалың қауымның кең көлемде қолдауын қажетсінетіндіктен, жергілікті жерлерде азаматтарға ақпаратты жеткізу және білімін арттыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлмек. Коалиция жергілікті деңгейде және республикалық деңгейде – Парламент пен Үкіметте жергілікті өзін - өзі басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша шешім қабылдау процесіне баға беріп, ұдайы мониторинг жүргізбек.
Әкімшілік реформалар барысында көпшілік қауыммен мәселелерді талқылап, үкіметтік емес ұйымдардың Парламентдепутаттары және Үкімет өкілдерімен кездесулерін өткізіп, оларға қоғамның талап-тілектерін жеткізу, орталық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында Коалиция жайлы мәліметтер тарату.
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты ортақ мақсаттарға жету үшін коалиция мүшелері бағдарламалар әзірлеп, бекіту барысында ынтымақтастық, өзара көмек беру, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне қатысты ақпараттың жалпыға бірдей ашық болуы принциптерін басшылыққа алады.Коалиция тиісті білімі мен ресурстары бар барлық ұйымдар үшін ашық және жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты мәселелерді зерттеуде барлық қызығушылық танытқандарға көмек беруге әзір.
«Коалиция мүшелері бағдарламалар мен жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру үшін қазақстандық, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың ресурстарын тартпақ. Өз ұйымдары атынан әрекет ете отырып, Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару институтын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттері парасатты әрі мақсатқа сай екендігіне сенімді, және алда атқаратын қызметіміздің негізі ретінде осы «ынтымақтастық пен мақсаттар жөніндегі меморандумды»» қабылдайды.
Негізгі қызметті Ынтымақтастық пен мақсаттар жөніндегі меморандум принциптерімен ұштастырумен қатар, үйлестірілген акцияларды жүзеге асыру мақсатында коалицияда ресурстарды біріктіре отырып, қызмет атқаруға келісім берілді.
«Жергілікті өзін-өзі басқару» - жергілікті халыққа өз өңірінің күйіп тұрған мәселесін өзі шешуге мүмкіндік беру. Қай жерге құбыр тарту керек, қай тұсқа тас жол төсеу қажет және сол сияқты жергілікті проблемаларды сол жер халқынан жақсы ешкім білмейді. Ал оның бәрін жоғарыдан нұсқап, біздің Үкімет жаман үйренген. Осыдан кейін жергілікті билік еліміздің «әлемдегі ең озық елуге» қосылуына өзіндік үлес қосудың емес, орталыққа қол жайып, күн көріске жетер ақша сұрап алудың жол амалдарына көбірек бас қатырады. Жергілікті өзін - өзі басқару (ЖӨӨБ) жүйесін енгізбей, Отанды өркендету бағытындағы жергілікті бастамашылықжөргегінде тұншықтырыла бермек. Онсыз біздер қол жеткіземіз деп жүрген азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі жай бір жайдақ сөз болып қалады.
«Шыққан тауым биік болсын» дейтін қазақ өзінің туған жерін – кіндік қаны тамған жерін көркейтуде қашанда ерекше құлшыныс, ұмтылыс, керек болса бұлқынысқа бейім тұратын халық. Өкініштісі, осы күш жігерді қайда бағыттайтынын білмей, дағдарған жайы бар. Бұқара халықтың негізінен «ЖӨӨБ» не екендігінен хабары жоқтығы. Ал батыс елдерінде, шағын қалаларға барып, жергілікті өзін-өзі ұстау дәстүрін, қалыптасқан саллты, табиғи тазалықты, тәртіптерді бұзса, қоғамның қахарына қалады. Міне, бұл ЖӨӨБ жүйесінің жақсы жолға қойылған бір үлгісі. Қай елде болмасын басқарудың екі сатысы бар, олар – мемлекеттік және жергілікті басқару деп бөлінеді, соңғы жергілікті басқару жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудан тұрады. Бұл 1995 жылдың 30 тамызындағы референдуда халық қабылдаған Ата заңда асты сызылып тұрып, атап көрсетілген. Қазақстан Конституциясы, сондай-ақ «Конституциялық заңдар екі жыл ішінде қабылданып бітуі тиіс» деп талап еткен. Дәл сондай заңдар сапына кіретін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңы он жылдан асты, әлі қабыданған жоқ.
Қалай болғанда, заң жобаларын әзірлеу құзіреті мойнына жүктелген Үкімет Ата Заңды мойындамай отыр ма? Конституцияда екі жыл ішінде өмірге ендіру міндеттелгендерден жалғыз осы заң ғана қабылданбай тұр.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!