Экономика | «Жайлау» шаруа қожалығын басқару әдістерін тиімді пайдалану жолдары

 Экономика | «Жайлау» шаруа қожалығын басқару әдістерін тиімді пайдалану жолдары

Мазмұны
Кіріспе -------------------------------------------------------------------------------------------
1. Ауыл шаруашылығын басқарудағы өзекті мәселелер
1.1 Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың ролі ----------
1.2 Басқару әдістерінің маңызы және әдістерді қолдану жолдары ----------------
2. «Ақнұр» шаруа қожалығы өндірісінің қазіргі экономикалық жағдайы
2.1. Шаруашылықтың табиғи жағдайы және өндіріс ресурстарын
пайдалану деңгейі ---------------------------------------------------------------------------
2.2. «Ақнұр» шаруа қожалығының экономикалық көрсеткіштерін талдау -----
3. «Ақнұр» шаруа қожалығында басқару әдістерін тиімді қолдану
жолдары
3.1. Нарықтық қатынастарды жетілдіру жолындағы басқару әдістерінің
маңызы -----------------------------------------------------------------------------------------
3.2. Аграрлық өндірісті басқарудағы шет ел тәжірибелері -------------------------
3.3 Шаруашылықтың даму болашағы --------------------------------------------------
Қорытынды -----------------------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі --------------------------------------------------------

КІРІСПЕ
Елімізде нарықтық қатынастардың тиімді дамуы ең алдымен басқару саласында еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, экономиканы егжей-тегжейлі білуімен қатар, қазіргі таңдағы өркениетті елдердің өсіп-өркендеу жолдарын жан-жақты түсінетін, әрі айрықша ынтамен қызмет ететін мамандарға байланысты.
Аграпрлық өндірісті басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды ескере отырып, экономиканы жандандыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осындай күрделі іс-шараларды шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі - өндірісті, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықтық-экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа арналған кезекті жолдауында ерекше орын алатын мәселелердің бірі – демократияландыру және тиімді басқару туралы. Басқару жүйесін жетілдіруде басқару әдістерін тиімді қолдану мәселесінің өзектілігі нарықтық экономика жағдайында бұрынғыдан да жоғары болып отыр. Себебі, бұл мәселе мемлекеттік басқару деңгейлеріндегі кадрлар, мамандар ретінде басшыларға қатысты. Сонымен бірге бұл мәселе күн тәртібіне тек бүгін ғана қойылып отырған жоқ, баршаға белгілі, Елбасының «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясында да қазіргі заманғы мемлекеттік қызметпен жергілікті басқару әдістерін жетілдіру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген.
«Біз мемлекеттік басқару жүйесін жаңалап жетілдіруіміз керек»,- делінген Президенттің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында. Мұнда басты міндеттер ретінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктің ара-жігін айқын ажырату, бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері атап көрсетілген. Президент: «Жаңа қоғамға өту оңай емес, нарықтық экономика өз ретімен жүріп жатыр, ал басқару жүйесі бұрынғы сарынмен келеді. Мұндай кереғарлықты жоюымыз керек. Халық үшін барынша қолайлы басқару тиімділігін арттыру, экономикалық қажеттілікті әкімшілдендіру мен басқару әдістері жөніндегі жұмыстар дұрыс болуы тиіс» – деп атап айтты ( 2. 12-14бб).
Ауыл шаруашылығының сала ретіндегі өзгешелігіне байланысты ауыл шаруашылығын басқарудың белгілі бір ерекшеліктері бар.
Біріншіден, ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналымдар (циклдер) мен олардың ұзақтығы биологиялық ерекше табиғи заңдылықтарға тікелей байланысты.
Екіншіден, қазіргі кезде ауыл шаруашылығының техникалық жарақтануы өнеркәсіп деңгейінен едәуір төмен.
Үшіншіден, аймақтық ерекшеліктеріне байланысты нарықтық жағдайда өндірістің ұтымды құрылымын, егіс алаңдары мен мал басы құрылымын белгілеудің бірыңғай тәртібін ұсыну мүмкін емес.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өндірісін басқару ерекшелігі, оның маусымдылығына байланысты. Міне, осындай тағы басқа да көптеген ерекшеліктеріне байланысты ауыл шаруашылығында басқару жүйесін жетілдіру жолында басқарудың, сатылы, функционалды және аралас жүйесіне сай басқару әдістері қолданылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында қазіргі жағдайда ұтымды басқару үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жолдары зерттеліп, Алматы
облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Ақнұр» шаруа қожалығы өндірісінің мәліметтерін талдау жүргізілді.
1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
1.1. Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың ролі
Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән.
Басқару – процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатқа (өндірістік құралдар мен еңбек заттарын басқаруда), тірі табиғатта (биологиялық жүйелерді) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік-экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асады.
Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отырып, өзінің қалыптасуы мен қызмет барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Басқару іс-әрекетінде әрбір территориялық ерекшелігін барынша ескеру, жергілікті экономикалық дамуы мен қызмет жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап етіледі.
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін орындарының рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді:
 өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторы басым роль атқарады;
 аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
 еңбек ресурстарының жылжымалылығының күшейе түсуі;
 аймақтардың өндіріс құрылымы мен нарықтық, әлеуметтік инфрақұрылымының күрделене түсуі;
 территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы.
Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында
басқару функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру, екіншіден, мемлекеттік территориялық басқарумен жергілікті өзін-өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақстанға ғана тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру
экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Егеменді аймақтың саясатын анықтай түсу өте қажет заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылық іскерлігі ескеріледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар: өзін-өзі басқару, серіктес таңдаудағы бостандық, өндіріс құрал-жабдықтар нарығы, валюталық қаражат және басқа элементтер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерінің барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс.
Әрбір мемлекетте екі түрлі территориялық құрылымдар бар. Олар ұлттық деңгейден төмен.
Бірінші – аралық территориялық құрылымдар және соған сәйкес, билік ететін органдар мен басқару.
Екінші – ең төмендегі (негізгі) әкімшілік-территориялық құрылымдар және жергілікті басқару органдары.
Аралық басқару органдарды сипаттайтын негізгі белгі – дербес өмір сүру мүмкіндігі. Оның шарты: өзіне қарасты (автономдық) бюджет және территориялық бөлімдерге әкімшілік басқару жүргізу.
Жергілікті билік жүргізетін төменгі әкімшілік органдар. Олар өз қызметтерін қалалық немесе селолық жерлерде іске асырады.
Сонымен, аралық орган дегеніміз аймақтарды, облыстарды басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз территориясында мейлінше қағидалар негізінде жүргізуге тырысады.
Аралық және жергілікті билік органдарын қанағаттандырудың негізгі үш кіріс көзі салықтар – мемлекетке міндетті түрде қайтарылмайтын төлемдер;
 салықтық емес табыстар – басқа да барлық табыстар (әр түрлі жәрдемдер, займдар, т.б.);
 субсидиялар – пайызсыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.
Жаңа кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуда аймақтық басқару саласы
онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән келтірмейді.
Аймақты нарықты объект ретінде екі жағынан қарауға болады.
Бірінші жағы – ол елдің халық шаруашылығы нарығының ажыратылмайтын бөлігі.
Екінші жағы – дербестік жүйе. Аймақтық нарықтың екі жақты - әуелі аймақтың өз ішіндегі субъектілерде нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы білінеді, сонан кейін,аймақ шеңберінен тыс шаруашылық субъектілердің жалпы ұлттық, немесе дүние жүзілік нарықпен ұштасуы арқылы көрінеді.
Оған көп себептердің бірі – нарықтық факторлардың аймақтық саралануы (диверсификация). Материалдық элементтер, ұйымдық құрылымдар, өндірістің әр түрлі реттеушілері аймақтарда бірдей емес, олар әртүрлі болады. Мұнымен қатар айта кететін бір фактор - өндіріс күштерінің аймақтарда әр түрлі орналастырылуы мен дамуы.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік тиімділігін қамтамасыз ету төмендегідей негізгі бағыттарда жүргізілуі керек:
 аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз ету, соның
мүдделі пайдалануын қолдауды бақылау тетіктерін әзірлеу;
 жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың нысандарын
жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мүдделі субвенцияларды бөлуді тәжірибеге енгізу;
 экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа
ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және тағы басқа төлемдер бойынша жеңілдіктер енгізу қажет.
2006 жылғы Президент жолдауында 2007 жылдан бастап кейбір салық түрлерін төмендету мәселесі көтерілді.
Аймақтық басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымының өте күрделілігімен, т аймақтық басқару объектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп басқару объектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылыс, өндіріс күштерінің орналыстырылуы мен адамдардың тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары, т.б. жатады. Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір объективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет.
Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі – аймақтық басқару объектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі, екіншісі оның субъектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін-өзі басқару ұйымдары кіреді.
Ең басты зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін-өзі басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық әдістерге көшу. Өйткені жергілікті үкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды бағыттауды басқару болып табылады.
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік-экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктердің кеңейтілуін қамтамасыз ету:
 аймақтық – салалық өзара байланыстар;
 салааралық байланыстар;
 жеке кәсіпорындарда өндірісті дамыту;
 әлеуметтік- және өндірістік инфрақұрылымның дамуы;
 салааралық өндірістің дамуы, ресурстарды қайта пайдалану;
 нысандарды үйлестіру, олардың орындалуын бақылау.
Республикалық өзін-өзі басқару тұжырымдамасына төмендегідей
жағдайларды енгізу қажет:
 территориялық деңгейдегі мүдделер жүйесі және басымдықтар;
 өзін-өзі басқарудың субъектілер жиынтығы, олардың функциялары,
құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;
 өзін-өзі басқарудың мүдделеріне жету үшін өндірістік-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;
 экономикалық кешенінің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер;
 мемлекеттік басқару мен территориялық өзін-өзі басқару мәселелері үйлесімді болу қажет.
Қазақстандағы оңтайлы құбылыстың бірі – аймақтық басқаруға бетбұрыс
жасалуы. Мысалы, үкіметтің 2005-2006 жылдары қабылданған бағдарламасында аймақтық басқарудағы негізгі бағыттары белгіленген. Нақты айтқанда онда қабылданған қағидалар төмендегідей:
 негізгі экономиканы басқарудағы аймақтық деңгейде ауыстыру;
 аймақтық деңгейде орталықтандырылған жеке орталықтандырылған сәйкестікті ұқыпты іске асыру, орталық үкіметтің көптеген өкілеттілігін жергілікті органдарға өткізу;
 аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімшілікке кеңейтілген өкілеттік беру.
Мемлекеттік реттеу әр түрлі аудандарда арнайы тәсілдерді жасау арқылы
олардың толықтай потенциалды мүмкіндіктерін ашу мақсатында құрылады. Осы тұрғыда Қазақстанның барлық аймақтарын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және түрлі инфрақұрылымдық деңгейлеріне байланысты бөлу арқылы басқару көзделген.
Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыруда жергілікті билік органдарының өкілеттілігін күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін енгізу маңызды.
Үкімет жұмыс күнін, капиталды және ақпаратты еркін ынталандыра отырып, қаржы, білікті еңбек, инвестициялар және жаңа жұмыс орындары нарықтарында аймақаралық бәсекелестікті күшейту көзделуі керек.
Жергілікті атқарушы органдарға дәйекті түрде әрбір кәсіпорынның әлуетті салық төлеуші және жұмыс орнының көзі ретіндегі тиімді жұмысы үшін жауапкершілік жүктеледі. Осындай жағдайларда аймақтық инвестицияларды тартуға, жаңартуға және жеке негіздегі жаңа құрылысқа жауапкершілігі артатын болады.
Үкіметтік бағдарламада инвестициялық жобалар мен ниеттерге сәйкес алдағы кезеңде аймақтардағы өндірістік күштердің дамуы жеке-жеке көзделген.
Аймақтарда орталықтандырылған көмектердің атаулығын қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдау ұсынудың нысандарын, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып білім беруге, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға арналған мақсатты субвецияларыды тәжірибеге енгізу, реттелетін кірістерден жоғары тұрған бюджеттерге аударымдардың тұрақты жылдық мөлшерін белгілеу қажет.
Жергілікті атқарушы органдарға кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс істемейтін өндірістерді қайта дамыту, дәрменсіз кәсіпорындарды, банкроттық және тарату рәсімдерін жүзеге асыру мәселелерінде міндеттер мен жауапкершіліктерді шешу жүктеледі.
Бағдарламаның міндеттері:
 тұрақты экономикалық өсуді және село халқының әл-ауқатын арттыруды
қамтамасыз ету мақсатында селода басталған реформаларды тереңдетуге және ауыл шаруашылығы өндірісін экономикалық сауықтыруға жәрдемдесу;
 халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған, нарықтық
жағдайда селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жүйелі шешімдер әзірлеу;
 қолайлы тұрғын үй және мәдени жағдайлар жасау, медициналық
қызметтерге, білімге, байланыс, электрлендіру, газ құралдарына, таза суға және қоршаған ортаның табиғи тазалығына қол жеткізу арқылы тіршілікті қамтамасыз етудің лайықты жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
 жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кедейлікпен күрес ( 8, 142-145 б.б.).
Аймақтық басқару жүйесіндегі болашақтағы күрделі мәселелердің бірі 2005-
2010 жылдардағы кезеңге арналған. «Селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
Бағдарламаның мақсаты тіршілікті қамтамасыз етудің толық бағалы жүйесін
қалыптастыру және селода жиынтық кірістер мен шығыстарды арттыру негізінде әлеуметтік игіліктерді жақсарту арқылы село халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын жоғарылату болып табылады.
1.2 Басқару әдістерінің маңызы және әдістерді қолдану жолдары
Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы
зор. Ұйымның көздеген мақсатына жетуі үшін басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау түрі, яғни мақсатқа жетудің ең тиімді жолдары басқару әдістері деп аталады.
Басқару әдістері - басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінң болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғы шарты болып табылады.
Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғарғы тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік – шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше көрініс береді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Әдістер – басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады. Өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі