Әдебиет | Қазақтың әдет ғұрып құқығының бастаулары

 Әдебиет | Қазақтың әдет ғұрып құқығының бастаулары

Мазмұны

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

а) Қазақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары.
ә) «Қасым ханның қасқа жолы».
б) «Есім ханның ескі жолы».
в) Тәуке хан кезіндегі «Жеті жарғы».
г) Меншік құқығы.
д) Міндеткерлік құқық.
е) Отбасы – неке құқығы.
ж) Мұрагерлік.
з) Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы.
и) Сот және сот процесі.
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер


Қазақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты: а) әдет-ғұрыптар — адат; б) билер сотының практикасы (сот-прецеденті); в) билер сьездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.
Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Таптық қатынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады.
Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынастарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды.
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшырап, оларға ресми сипат беріп отырды. Әдет-ғұрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның зандары бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім — мүліктік және жер қатынастарын реттеуші нормалардан тұрды. Екінші бөлім — қылмыс пен жазаға қатысты құқық нормаларын жинақтады. Үшінші бөлім әскери міндеттілік жәнс оны орындау, сондай-ақ әскери тәртіпті бұзғандағы жазаларға байланысты құқықты нормаларды қарастырды. Төртінші бөлім — елшілік жораларға қатысты, елшілерді тағайындау және қабылдау тәртібі, шет ел өкілдерімен келіссөздер жүргізу, дипломатиялық этикет мәселелері туралы нормалардан тұрды. Бесінші бөлім — қайтыс болғандарды жерлеу, еске алу, мерекелер өткізу т.б. рәсімдерге арналды. Қасым ханнан соң шамамен жүз жылдан кейін әдет-ғұрып құқықтары Есім ханның тұсында қайта жүйеленді. Қалмақтармен соғыстардың күшеюіне байланысты Есім хан әскери міндеткерлікті күшейтіп, әскери тәртіпті бұзғаны үшін жазаларды қатайтты. Есім хан негізінен бұрынғы Қасым хан тұсындағы құқықтық ережелерді қайталады. Сондықтан оны ескі жолды жалғастырушы ретінде " Есім ханның ескі жолы" деп атап кетті. Тәуке хан Есім ханнан соң шамамен 80-90 жылдан соң дала заңдарына өзгерістер мен толықтырулар ендіріп оны "Жеті жарғы" деген атаумен қайта қабылдатты. Тәуке хан әдет-ғұрып заңдарын қайта жүйелеуге көп еңбек сіңірді. Аты аңызға айналған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басшылығымен қазақтың белгілі би, шешен, білгірлері бірнеше рет жиналып "Жеті жарғының" нормаларын талқылаған " Күлтөбенің басында күнде жиын" деген сөз сол кезден калган. Ақырында жан-жақты сұрыпталған "Жеті жарғы" зандар жинағы дүниеге келген. "Жеті жарғының" алғашында қағазға түскен нұсқасы да бар болуы мүмкін деген жорамалдар бар."Жеті жарғының" бізге жеткен қазіргі нұсқаларының бір-бірінен өзгешеліктері бар. Оның қазақша нұсқасы бізге жетпеген. Бізге жеткені XIX ғасырдың алғашқы ширегінде орыс ғалымдары жазып алған нұсқалары.
Кіші жүздің жаппас руының старшины Көбек Шүкірәлиевтен 11 фрагменттен тұратын "Жеті жарғының" нұсқасын алғаш рет жазып алып "Сибирский вестник" журналында жариялады, Екінші нұсқа атақты тарихшы А.Левшиннің 1832 жылы Санкт-Петербургхе жарық көрген "Описание киргиз-казахских или киргиз-кайсакских, орд и степей" атты кітабында келтіріледі. Бұл нұсқа 34 фрагменттен тұрады. Нұсқаларды мұндай фрагменттерге бөлу кейінірек жасалған.
Қазақтың ежелгі ғасырлар бойы қалыптасқан құқық дәрежесіне ие болған әдет ғұрып қағидалары, солармен бітіскен хан би ережелері талай дәуірді басынан кешірді. Соған қарамастан өзіндік алғашқы ішкі қасиеттері мен құрылымдарын сақтап қалды, жаңа дәуірге шейін жеткізді. Ертедегі тұғыры мен қасиеттерін сақтап қалған ата-баба заңдары қазақ қоғамы тарихының ажырамас бөлігі.
Белгілі бір жүйе есебінде қазақ әдет-ғұрып заңдарының сыртқы-ішкі өзгерістерге төтеп беріп, өз келбетін сақтап қалуының сыры неде еді? Ең әуелі, бұл өзгерістердің қоғамның әлеуметтік-экономикалық негіздеріне тигізген әсерінің аздығында еді.
Қазақ халқының мемлекеттік тарихында, құқықтық танымы мен санасында халықтың әдет заңының мәдени-әлеуметтік, саяси құқықтың маңызы өте жоғары. Тәуке хан тұсында жүйеге түсіп қабылданған әдет заңы тұсында ел өмірінде өлшеусіз маңызды қызмет атқарды. Жеті арна болып, ел өмірінің жеті саласын тұтас қамтыған әдет заңының жүйесі халық мемлекет жеке адам тіршілігінің барлық бағыты бойынша белгілі өлшемдерді қағидалар мен ережелерді қалыптастырды. Әдет заңының мұндай өлшемдерді; баптары мен тармақтары, салалары Тәуке ханға дейін де, халық арасында, мемлекет ішінді қолданылып келгенінде сөз жоқ Шыңғыс ханның "Яссы", "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы" - бұлардың да заң ретінде қызмет атқарғаны анық. Тәуке хан қабылданған әдет заңының баптары мен тармақтарының бірқатарының негізгі көне Түркі қанағаты кезінде де болған. Бұдан тереңірек іздегенде, қазақтың әдет заңының қайсібір өлшемдерінің көне үлгісің Ғұн мемлекеттерінің біздің заманымызға дейін де әдет, салт өлшемдері ретінде үлкен әлеуметік қызмет атқарғанына көз жеткізуге болады. "Жылнама", "Ханнама" секілді ертедегі Қытай жазба ескерткіштерінде бұл пікірді растайтын толып жатқан мәліметтер сақталған. Ол мәліметтердің біразы нақты тұжырым күйінде қалыптасқан деңгейде көзге түссе, енді біреуінің туу, қалыптасу процесіндегі жай күйі аңғарылады.
Осы ретте Ғұн мемлекетіндегі жерге иелік туралы қағиданың туу, қалыптастыру тарихында назар аударуға болар еді. Ғұн тәңір құты мемлекет жерін көрші елдердің бірінің иелігіне беру туралы ұсынысқа қолдау көрсеткен кеңесшілер мен уәзірлерін өлім жазасына қиып, жер-елдіктің негізі, оны қалайша жат елге береміз? - деп ашу шақырған. Мемлекет, халық иелігіндегі жер туралы осы көзқарас бірте-бірте қағида, өлшем, ереже ретінде қалыптасып, Көне, Түркі мемлекеті, қазақ хандығы тұсында заң тармағы, одан соң әдет заңының тұтастай бір саласы ретінде орнықты. Қазақ халқының әдет заңының бастау алған қайнар көздері тереңде жатқанын білдіретін басқа толып жатқан деректер бар. Әдет заңының негізінде халықтың тұрмыс тіршілігінде көптеген әдет өлшемдері қалыптасты. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті жүйесіндегі әдеп өлшемдерінің көпшілігі әдеп заңына, негіз болса, сол заң күшіне енген негіздер кейінгі тұстарда халықтың әдебін, мәдениетін белгілейтін күнделікті, үйреншікті қағида да тәртіпке айналады. Мұндай әдеп өлшемдері елдің тұрмыс-салтында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Екінші жағынан, қазақ халқының Абай тұсындағы және Абайдың қатысуымен жасалған.
Қазақстандағы заң жүйесінде халықтың әдет заңының тарихи маңызы жоғары екендігін көрсетеді. Әдет заңының қайсыбір өлшемдері баптары күні бүгінге дейін өз мәнін практикалық маңызын жойған жоқ десек, бұл артық болмайды. Нарық заманында нарық билеп кетуге дайын тұрған шақта көне дәуірлерден үзілмей жалғасып келіп, әдет заңының жеке бір саласын түзген жер-су туралы заң баптары жөнінде бүгінде заң танушылар мен ел танушылар аз шамымызды өзіміз жаға алмай өзгеге жақтырдық, өз отанымызды біреудің жат елдік бір алпауыттық жағып отыруына көндік. Заң да мемлекет те ел иелігіндегі жерді, ел иелігіндегі суды елдің көзіндей қорғады. Заңның әділеттегі оның иелігіне қызмет істеуінде. Ел иелігіне түпкілікті қызмет етпеген заң әділетті емес, ондай заң халықтық та бола алмайды. Мемлекет тарихы, ел мен жер тарихы осылай деп тұжырым жасайды. Бұл ретте әсіресе халықтың байлығы, дәстүрлі құқықтың таным беретін тәлімнің мәні зор. Көне түркі әдеби ескерткіштері де осындай маңызды ойларға бай. Өткен өмірді қайта оралту мүмкін емес, оған қажеттілікте жоқ, табиғат заңына ешкім билік жүргізе алмайды. Бірақ одан ғибрат алмай және болмайды. Өткен тарих ғибратын мансұқ еткен жағдайда, жаңадан опа табу қиын.
Халықтың байырғы заң жүйесі, дәстүрлі мәдениет өлшемдері тарихи құқықтың ескерткіш болумен қатар бүгінгі заңгерлерді, қоғамдық ой өкілдерін ойландыратын, тарихи да, ғылыми да, әлеуметтік те маңызы жоғары ақыл-ой қазынасы болып табылады.
Көшпенділердің құқықтық мәдениетінің халық тұрмысына және тіршілігіне барынша лайықтанған, оның күнделікті өмірінде қолдауына бейімделген сүбелі бір бөлігі әдет-ғұрып құқығы нормалары мен институттары. Дегенмен, әдет-ғұрып құқығының нормалары мен институттарын зерттеуде кемшілік кеткен тұстар мен олқылықтар да жоқ емес.
Айталық, әдет-ғұрып құқығы нормалары әлі күнге дейін көп жағдайда мемлекет заңдарын зерттеу әдістері тұрғысынан қаралып, осындай зерттеу әдісін қолдану арқылы танып-біліп жүр. Әдебиетте әдет-ғұрып нормалары, негізінен статистикалық тұрғыдан зерттеледі. Біз оларды қалған ережелер күйінде алып, қарастырылып жүрміз. Мысалы: әдет-ғұрып құқығы нормалары тұп-тура және дәлме-дәл іске асып қолданылуға, орындалуға арналмаған. Қоғам мүшелері оларды бұлжытпай орындауға сырттан, жоғарыдан міндеттелмеген еді. Қоғамдағы әдет-ғұрып құқығы нормаларындағы басты нәрсе олардың ішкі мәні еді, олардың негізінде жатқан принциптері еді. Ең басты нысана - сол принцинтердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Әдет-ғұрып нормалары сол үшін қызмет ететін және осы жолда өздерінің формальды жағын "құрбандыққа" шалып жіберетін, яғни, осы принциптері іске асу үшін олар өздерінің қолданылу ортасының әр түрлі жағдайына бейімделіп, түрлі-түрлі болып айтылып вариацияларға баратын, бір норма әр-түрлі болып айтылып, ерекшеленетін нюанстарға ие болатын.
Бұл құбылмалылық осы нормалардың өміртеңдігінің қоғамдық қатынастардағы титтей де өзгеріске елгезектігінің және өздерінің негізіне беріктігінің көрінісі еді. Өйткені әдет-ғұрып құқығы нормаларының негізінде жатқан принциптердің тұрақтылығын, біркелгілігін, мызғымас беріктігін қамтамасыз етудің және соған жетудің бірден-бір жол әдісі осы еді; яғни, әдет-ғұрып құқығы дегеніміз, ең бірінші ол құқықтың принцип, көзқарас, ой-түсінік жүйесі және соларды іске асыруға бағытталған нормалар жүйесі еді. Көзқарас, ой-ағым қоғамындағы іс-қимылдың, тәртіптің негізі болатаын. Әдетте, әдет-ғұрып құқығы нормаларының көп түрлігі, яғни, әмбебаптағы, елгезектікі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше кері түсініп оның тұрақсыздығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет-ғұрып құқығы нормаларының нағыз беріктігін, бірлігін және біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіп құбылмалы, елгезек өзгергіш болу арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың беріктігін, тұрақтылығын бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді. Тағы бір айта кетер жәйт қазақ әдет-ғұрып құқығы принциптерінің және нормаларының басты мақсаты қоғамдағы талас-тартыстарды, дау-дамайларды шешу еді.
Көшпелі қоғамдағы құқықтың мәдениеттің қаймақты бөлігі әдет-ғұрып нормалары ерекше бір құбылыс. Олар өзгеше бір әлеуметтік кеңістіктің, қоғамдық өмірдің көріністері. Сондықтан олардың параметрлері, өлшемдері мемлекет заңдарынан бөлек босатып әдет-ғұрып құқығы нормаларын дұрыс ұсынып түсіну үшін оларды ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу әдістері керек. Әрине, әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір бөлігі мемлекет тарапынан қолдау тапты. Мемлекет оларға аса көңіл бөліп, өз мақсат мүддесі тұрғысынан әсер етуге, өз қызметіне жаратуға әрекет жасады. Бірақ, әдет-ғұрып құқығы нормалары оның ішінде "Ереже" жарғылары да одан мемлекет заңына айналған жоқ.. Ал бұл мәнер көш-қоғамның ішкі табиғатынан ондағы әлеуметтік қатынастардың ерекшелігінен, қоғам мүшелерінің тәртібін реттеу, басқару ісінің өзгешелігінен туындап жататын, солар арқылы түсіндірілетін.
Қазақ хандығында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Тәуке ханның жеті жарғысы" деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын. Күншығыс пен орта Азияның бір сыпыра елдердегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам дінінің "шариғат" заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді. Қазақ хандығының заңдары "Жарғы» деп аталды. Негізгі орта ғасырларда қыпшақ шағатай ұлыстарында қолданған ярғу заңынан алынған. Қазақша "Жарғы" әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билербі халық бұқарасы ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермейді, дәл айыру әділдіктің мезгеуі болған Жарғы заңының негізі, міне, осында: Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия арнасына барып тіреледі.
Қазақ хандығы заңдарының түп-төркіні қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелерден шықты, Бұл ғұрып-әдеттік ережелер ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасына түсінікті заң болды.
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершілік иманға және тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге толы ұлттық құқықтық мәдениеті бар. Бұл мәдениеттің бастаулары дүниесаулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет.
Сондықтан осынау бір "өтпелі кезең" атты беймәлім өліара дәуірде тұрған бүгінгі ұрпақтың басты міндеті елеусіз қалған осы асыл қазынасына көңіл аударып, оны өзінің бүгінгі өмірінің айнымас тіректерінің біріне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттік және құқықтық өміріміздің бүгінгісі мен болашағының мызғымас қателіктерінің бірі екендігін мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетін толық игермей, оны өзіміздің төл мемлекетімізбен құқықтық жүйеміздің алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудің өзі - "көзжұмбайлыққа" салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазір жүргізіліп және болашақта көзделіп отырған реформаларға пәрменділік қуат берері асыл арналарды тануда кешірілмес селқостық таныту.
Ұлттық құқықтың мәдениетіміздің ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашу әлі де болса келешектің ісі. Бұған дейін біз бұл мәселеге тек танымдық ғана мәні бар деген көзқарас төңірегінен қаралық, сөйтіп оның тарихи контексіне ден қойдық. Құқықтық мәдениетіміздің бүгінгісі мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?