Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымы

 Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымы

Мазмұны
Кіріспе
1. Бөлім. Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның Қазақстан Республикасында қолданылуы.
1.1. Салық саясаты мемлекеттің қаржылық саясатының құрамдас бөлігі.
1.2. Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылу механизмі және бағытталуы.
1.3. Қазіргі замандағы салық саясаты және салық құқығы.
2. Бөлім. Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі замандағы жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасының салық салудың құрылымдық жүйесі, дамуы, құрылымдық этаптары.
2.2. Қазақстан Республикасында жүргізілетін салық жүйесінің мінездемесі.
2.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің өсу динамикасы, құрылымы, сараптау факторлары.
3. Бөлім. Қазақстан Республикасының салық саясаты және оның
3.1. Қазіргі заманғы салық саясатының жағдайы және оның даму перспективалары.
3.2. Қазақстан Республикасының салықтық-бюджеттік саясатының стратегиялық даму жоспары.
3.3. Қысқа мерзімді перспективадағы салық жүйесінің
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.
Салық проблемасы ең маңызды және қайшылықты болып келеді, өкінішке орай, бүгінгі күні салық жүйесінің дұрыс жүргізілуін, салық төлеушінің заңды құқығының, мүдесінің әлеуметтік қорғалуының қамтамассыз етілгендігін айту әлі ертерек. Өз кезегінде кім болсада салық төлеудің амал-тәсілдерін қарастырады, ал бұл айлалар қоғамның басқа да шеңберлеріне тарап, мемлекеттік қазынаға түспеуді қамтамассыз етеді. Бұл облыстарда өткізілген, мемлекет тарапынан, салық және алым жүйесіндегі өзгерістер шындыққа жанаспайды.
Салық саясаты – салық механизмінің құрамдас бөлігі бола тұра, мемлекеттің маңызды функцияларының бірі болып келеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ыңғайлылық және тиімділік функцияларын белгілейтін Қазақстан Республикасының салық салу ұйымының барлық субъективтік факторлар жүйесі салық облысының белгіленген шараларының сапасына тәуелді болып келеді. 1995 жылы 24 сәуірде шыққан заңдылық күші бар №2235 «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» жөніндегі Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына Қазақстан Республикасының дербес салық саясатының негізін қалайтын көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, ставкілердің құрылымын қайта қараумен байланысты жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістер толықтыруларға келесі жылдың қаңтарынан бастап шектеу қою керек. Мұндай қадам салық заңдылығының тұрақтандырылуына және дұрыс жүргізілуіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар салық салу мүддесіне «трансферттік баға, салық құпиясының институты» сияқты ұғымдар және олардың салықтық есепте қолдану ерекшеліктері енгізілді.
Салық кодексінің кезекті кіріспесін қоса алғанда, салық жүйесінің кез-келген новация салық жүйесіндегі шиеленістің, дәмсіздіктің тойылып, оның орнына айқындықтың болуын көздейді. Нақ осылар дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Әкімшілік директивтік әдістен экономикалық басқару жағдайына көшу барысында, біздің республикада салық нарық экономикасын реттеуші құралы ретіннде маңызы артып отыр. Салық арқылы мемлекет пайдасы жоқ кәсіпорындарды ликвидациялайды және болашағы бар кәсіпорныдарды дамытып тиімді саясат жүргізеді.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымының теориялық негіздерін, қалыптасуын және дамуын зерттеу. Ол үшін біз келесідей міндеттерді шешіп алуымыз қажет:
1. Қазақстан Республикасының салық саясатының теориялық жағдайының анализі және салық жүйесінің құрылу жолдары, бұл жерде: Қазақстан Республикасының салық саясатын сипаттау, қысқа мерзімді перспективада салық жүйесінің құрылу жолдарын анықтау қажет.
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жалпы анализ беру; ҚР салық кодексі қабылданғанға дейінгі ҚР-ң салық жүйесінің реформасын ашу; салық кодексі арқылы салық қатынастарын түзету.
3. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесіне міндеттеме беру; міндетті төлемдердің түрлерін көрсету, салықтың негізгі элементтерін ашу және олардың класификациясын беру; құрылым дамуының анализ факторын келтіру және салық түсуінің динамикасын көрсету.
1. Бөлім. Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның Қазақстан Республикасында қолданылуы.
1.1. Салық саясаты мемлекеттің қаржылық саясатының құрамдас бөлігі.
Қаржылық саясат – бұл қаржы саласында мемлекет арқылы өз қызметін және міндетін іске асыруға бағытталған шаралардың мәні. Қаржылық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып келеді.
Экономикалық заңмен белгіленген қоғамдағы өндірістік қатынас категориялар арқылы көрінеді. Экномикалық категориялар – бұл жалпылама түрде ұсынылған және экономикалық өмірдің белгілі бір жағын сипаттайтын біржақты экономикалық қатынастар Оларға: баға, қаржы, сақтандыру, несие, кіріс және т.б. жатады.
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы пайда болады. Ол өзі мекеменің әдістерін және түрінің нысанын, қаржылық басқару және жоспарлауды айқындайды. Қаржы жалпы экономикалық категория болғандықтан, ол жекеленген субкатегориялардан тұрады. Онда белгілі бір дәрежеде салық саясатының, бюджеттік саясаттың және оларға әйкес механизмдер – салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлардың, қаржылық басқарудың, қаржылық-құқықтық өзбеттілігін бөліп көрсетуге болады.
Қаржылық механизм өз құрамына қоғамдық-экономикалық өмір деңгейіндегі және сферасындағы барлық қоғамдық өнім элементтерінің, материалдық емес игіліктер, қызметтердің құрамына кіретін кеңейтілген қаржылық ресурстар – нақты, адрестік, шын нәтижелер, яғни мемлекет арқылы белгіленген қаржылық шараларды жатқызады. Қаржылық саясат пен қаржылық механизм экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан кеңейтілген өқндіріс процесінің дұрыс ағымы осларға тәуелді болып келеді. Дұрыс құрылған қаржылық саясат, айқын жөнделген және сихронды жұмыс істеуші қаржылық механизм қоғамның әлеуметтік-экономикасының дамуына жағңдай жасайды. Бұған кері тенденция да бар: егер де сәйкестендірілген қаржылық механизм экономикалық заңдардың жүргізілуімен толық көлемде санаспаса немесе олармен қайшылықты жағдайда болса, онда сәйкестендірілген қаржылық механизм халық шаруашылығының және басқа да салалардың өндірістік мүмкіншіліктерін пайдалануға жағдайы болмайды; Бұл кезде қоғамның экономикалық дамуы жетеледі; болымсыз көріністер толастайды , антиқоғамнық процестер туындайды. Адамдардың жетілген экономикалық көзқарастары арқылы саясат пен механизмнің дамуы тауар – ақша қатынастарының жоғары деңгейде қолданылуы, әтбір жұмысшының айы мен творчествосы жоғары нәтиже әкелетіндігін тарих көрсетеді. Бұл кезеңдере 20 – шы жылдардағы «жаңа экономикалық саясат», 50 жылдың екніші жартысындағы экономикалық либерализация жатады. Нақ осы кезеңдерде экономикалық жоғарғы даму темпі және адамдардың жағдайының жақсаруы жоғары жетістіктерге жеткен. 80-жылдардың екінші жартысында қаржылық саясат пен қаржылық механизм белгілі роль атқарған радикалды экономикалық реформа іске асырыла бастады. Бұл кезеңнің басында қаржылық саясат өз еркімен дамыған Қазақстанда қайшылықтармен және қайталанбаушылығымен ерекшеленеді. Біржағынан басқа елдерде, әсіресе Ресейде, ьолып жатқан қаржылық шаралар мен дестаблизациялық факторлар саясатты таңдауда әсерін тигізеді. Бұл шаруашылық байланыстармен, біріккен экономикамен, бір валютамен, жалпы шекарамен және құрылып отырған ТМД едерінің менталитетімен анықталады. Экономикада нарыққа көшуді жылдамдату үшін «шоковая терапия» өткізілді: баға мен нарықты либерализациялау, жоспарлық бастаманы алып тастау, мемлекеттік мнонполияны алып тастау, қаржылық шектеуді ашу, халық шаруашылығының төменгі құрылымындағы бақылауды жеңілдету.
Бір жағынан Қазақстанда қоғам үшін қажетсіз тездетілген және дайындалмаған шаралар өткізіледі. Олардың санына өндірістік қатынастағы еркін шешімдер, қаржылық орталықтандырылуға ұмтылу, мемлекетті меншіксіздендіру, приватизациялау, материалдық өндіріс сферасындағы субъектілер ынтасын, материалдық емес сфера салаларын , ары қарай қоғамдағы негізгі әлеуметтік топтарды және жиі ауыстырулар,үкіметтегі толықтырулар мен нормативтік актілер жатады.
Қазақстан жағдайында қаржылық саясаттың міндеті – қаржылық механизм арқылы экономиканы кризистен шығару және оның жолдарын табу, халық шаруашылығының құрамын қайта құру мақсатында, шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттің үлесін азайтып, жекеменшік құру, ішкі экономикалық қызметті кеңейту және дамыту болып табылады. Республикада нарық экономикасына көшу бағдарламалары, қаржылық механизм және саясат жүргізілуде.
Қаржылық саясат арқылы шешілетін міндеттер:
• Мемлекеттің әрбір нақты кезеңдерінің ерекшеліктері негізінде қаржылық ресурстардың шекті мөлшерін жасау үшін, жағдайды қамтамассыз ету.
• Қаржы ресурстарын қоғамдық өндіріс сферасы, халық шаруашылығы секторлары арасында белгілі бір мақсаттар үшін бөлу және пайдалану.
• Экономикалық дамуда белгіленген бағыттарды іске асыру үшін сәйкес қаржы механизмдерін өндіру және оның үнемі асырылуын қадағалау.
Экономиканы тұрақтандыру бағдарламаларында және ҚР-ң нарыққа көшуінде экономиканы қаржылық сауықтыру, ақша айналымын реттеу, тұтыныс нарығын дұрыстау, өндірістің тұрақтандыруын қамтамассыз ету, шаруашылық байланыстарды нығайту шаралар комплексі қарастырылған. Нарықтық қатынасқа көшудегі негізгі бағыттар: экономиканы мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, экономиканы демонополизациялау, кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, нарық инфрақұрылымын құру (тауар және қор биржалары, инвестициялық қор, тауар сатудағы коммерциялық көтерме сауда желісі, коммерциялық банктер, сақтандыру фирмилары, транспорттық шаруашылық, коммерциялық ақпараттар орталығы, жарнамалық фирмалар, сервистік жөндеу желісі, консультациялық және заңгарлік қызметтер және т.б.) болып келеді. Келесідей нарық түрлері құрылады, ауылшаруашылық өнімдері, еңбек, тұрғын үй, қаржылық нарық.
Осы бағдарламаға сәйкес негізгі мақсат – мемлекеттік бюджетті толықтыру және экономиканы тұрақтандыру негізінде халық шаруашылығының қаржылық сақтандыру проблемаларын шешеу болып келеді.
Қаржылық саясатты жүргізгенде қаржылық саясаттың келесідей қағидаларының іске асырылуы негізгі роль атқарады.
• Қоғамдық өндірістің барлық мүшесінің мүддесінің сақталуы, құрылк барысында кәсіптілік, ұлттық, әлеуметтік топтардың сақталуы.
• Қаржылық қатынастың толық ұйымның қамтамассыз етілуі, қаржы жүйксінің барлық сферасындағы шығыс пен кірісті тексеріп отыру.
• Қаржы резервтерін құру (қаржы саласындағы қаржы резервтері мен бюджет жүйесіндегі кірістің шығыстан артуы).
• Қызмет етуші субъектілер мен мемлекет арасында қаржы реурстарын оптималды бөлу.
Қаржылық саясат пен ұйымда алға қойған мақсаттарға жету үшін қойылған мақсаттарды орындауда логикалық тұтастығы бар қаржылық механизм ретінде қаржылық саясаттың құрамдач бөліктерінің құрылу механизмдерін көрсету керек (1-сурет)..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?