Экономика | Жал есебінің мазмұны мен маңызы

 Экономика | Жал есебінің мазмұны мен маңызы

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жал есебінің мазмұны мен маңызы
2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
3. Қаржылық жал мен лизингтің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
4. Қаржыландырылған жал есебінің қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өсуінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқаша субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Менің курстық жұмысым осы жалгерлік есебіне негізделген, соның ішінде қаржыландырылған жал есебі.
Жұмыстың мақсаты:
Қаржыландырылған жал есебінің мазмұны мен мақсатын, оның қолданылуын ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына жету барысында белгілі бір міндеттер қарастырылады:
1. Жал есебінің маңызы мен мазмұны
2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
3. Қаржыландырылған жал есебін қолдану
Жұмыс барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамалары:
Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруде меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.
Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.
Жалдау шарты – бұл тараптардың еркінділігі мен толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын талдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқығын беруге әкеп соқтырмайды.
Жалдау ақысы – жалдаушының жалға алған мүлкі үшін жалдау мерзімі кезінде тұрақты түрде төлейтін төлемі.
Жалгерлік процент – жалдау шартында нақты ақша сомасы түрінде белгіленетін жалданатын мүлік құнының үлесі (проценті). Экономикалық табиғаты бойынша ол банк несиесін пайдаланғандағы процентке ұқсайды.
Өткізу бағасы – тәуелсіз жақтар арасындағы келісім шарт негізінде мүліктің айырбастау сомасы.
Арендаға жалпы капитал салымы – қаржылық жал бойынша минималды арендалық төлемдердің жиынтық сомасы.
Арендаға таза капитал салымы – жалгердің жалпы капитал салымы мен өткізілмеген табыс арасындағы айырмашылық. Жал бойынша қарастырылған пайыз мөлшерлемесі – дисконт ставкасы, минималды арендалық төлемдерді анықтау үшін жалгерліктің басындағы мүліктің дисконтталған сомасы.
Тәуелділік – қарастырылмаған жағдайларға байланысты шығындар-дың туындау мүмкіндігі, мысалы, қарапайым құрал-жабдық, ескірген технологияны қолдану, күтілген табыстың алынбауы.
Пайда –мүлікті пайдалы қызмет ету мерзімінде қолданудан күтілетін табыс немесе оның бағасының жоғарылауы және тарату құны бойынша өткізуден күтілетін табыс.
Жалгердің қарыз капиталы бойынша өспелі пайыздық ставкасы –
Жал бойынша жалгердің төлейтін пайыз мөлшерлемесі немесе (қарызды) кредитті пайдалану үшін жалгердің жал басында белгіленген пайыз мөлшерлемесі.
Минималды жалгерлік төлемдер – жал мерзімі барысында жалгердің төлеуге міндетті төлемдері (жал беруші төлейтін және кейін оған өтелетін қызметтер бағасы мен салықтарды шегергенде).
1. Жал есебінің мазмұны мен маңызы
Жалдау – жалға берушінің дүниені жалға алушыға уақытша пайдалану үшін ақы төлеп тұруға беру. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Халықаралық практикада жалдаудың үш түрі бар.
• ұзақ мерзімді
• орта мерзімді
• қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) – мүлікті 3 жылдан астам мерзімге жалдау. Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық болып бөлінеді. Жай лизинг жалдау шартының мерзімі біткен соң мүлікті жалға берушіге қайтаруды көздейді. Қаржылық лизинг (қаржылық жалдау) жалгерлікті ұзақ мерзімді несиелеу нысаны. Жалдаушы мүлік құнын жылдық төлемдер арқылы өтейді. Қаржылық лизингтің 3 түрі болады:
• Лизинг «стандарт» - жабдықты дайындаушы өнімді қаржыландыратын қоғамға сатады, ол өзінің лизинг фирмасы арқылы оны тұтынуға жалға береді;
• Лизинг «лиз-бек» - жабдықтың меншік иесі оны лизингтік фирмаға сатады және бір мезгілде одан жалға алады (жалға берушінің қаржылық жағдайын уақытша жақсарту тәсілі);
• Лизинг «жабдықтаушы (жеткізуші)» негізгі құрал-жабдықтарды сатушы «лиз-бек» лизингідегідей жалдаушы болады, бірақ жалға алған жабдықты өзі емес, басқа жалдаушылар пайдаланады.
Қазақстан Республикасының субъектілер тәжірибесінде жай лизинг неғұрлым кең таралған.
Орта мерзімді жалдау («хайринг») – жалдаушыға меншік иесі құқығын бермей, мүлікті бір жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге жалдау.
Қысқа мерзімді жалдау («рейтине», «чартер») – жалдаушының мүлікті бұдан кейін сатып алу құқығынсыз жалға алуы. Жалдау мерзімі 1 жылға дейін. Рейтине бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда жоғарырақ. Чартер әдетте рейсті, куекті бірнеше рейсті, белгілі бір мерзімге («тайм-чартер») жалдауға жасалады (ұшақ, кеме). Чарторлерді алдын-ала немесе жедел түрде («промт-чартер») және тіпті кеменің шұғыл жүруін талап етіп («спот-чартер») те жасауына болады.
Экономикалық жағдайлары бойынша жал ағымдағы және қаржыланатын болып бөлінеді. № 17 «Жалдау есебі» БЕС-на сәйкес негізгі құралдардың ағымдағы жалы негізгі құралдардың жалға берушіге міндетті түрде қайтарылуын көздейді, яғни жалдау кезеңінде жалгерге жалданған негізгі құралдарға иелік ету және олардың пайдалануы мен жалға берушіге уақытылы қайтарылуын бақылау құқы ғана өтеді. Талдамалы есебі журналда жүргізіледі, онда есеп талаптарына сәйкес қажет көрсеткіштер болады.
Ағымдағы жалгерлік – қаржыландырылатын жалгерліктен басқа кез-клген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушіінң өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі.
Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиесілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 6200 «Басқа да» (6260) (Операциялық жалдан алынған табыстар) шоттың дебетінде және 6100 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса) шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатынболғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 7400 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.
Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп, 6260 шоты кредиттеледі.
Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жалға алушының жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал ақысы келешектегі есеп кезеңдеріне жатқызылатын болса, онда 6280 «Жал ақысы» шоты дебеттеліп және тиісті ақша қаражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына (8 бөлімдегі) немесе 7 бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.
Операциондық жал бойынша ақпараттардың қаржылық есепкерлікте ашып көрсетілуі:
Активтің тозу шегерілгенге дейінгі баланстық құны, амортизация сомасы, есептік кезеңге жинақталғантозу және құнсыздандыру шығындары туралы ақпарат активтің әрбір түріне байланысты көрсетілуі тиіс.
Жал алушының көрсететін ақпараттары:
• келесі көрсетілген кезеңдердің әр қайсысына болашақ жалгерлік төлемдердің сомасы: 1 жылдан кем емес; 1 жылдан соң, бірақ 5 жылға дейін; 5 жылдан соң;
• суб-аренда келісімшарты бойынша болашақ минималды төлемдер сомасы;
• кезең табыстары болып танылған аренда және суб-аренда бойынша төлемдер;
2. Қаржылық жал есебі туралы түсінік
«Жалдау есебі» туралы № 17 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қаржылық жал – бұл мүлікке берілетін меншік құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдің едәуір бөлігін жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүліктерді өзінің балансында көрсетеді. Меншік құқының өзі жал мерзіміне берілуі де, берілмеуі де мүмкін. Жалданған негізгі құрал объектілері белгіленген келісім бағасы бойынша несие жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өтемі төленіп алынған жағдайда, жалгердің меншігіне берілуі мүмкін.
Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқымен біршама немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса; сондай-ақ егер:
1. Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса;
2. Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет көрсету мерзімінің 80% - інен астам болса;
3. Жал мерзімінің соңында жалданған активтің қалдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдық құнының 20%-нен кем болмаса;
4. жалдау ақысының жалдық барлық кезеңіндегі дисконтталатын құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90% -нен асатын болса;
5. Жал мерзімінің соңында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса жал қаржылық болып табылады.
Осы шарттарға сәйкес келмейтін жалдаудың қай-қайсысы да ағымдағы жал болып табылады.
Қаржыландырылатын жал мерзімінің ішінде жалға берілген мүлік баланста бір ғана баға бойынша көрініс табады.
Жал төлемі екі төлемнен тұрады: қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша төленетін шығысынан) және жалгерлік міндеттемесінен, демек объектінің баланстық құнын азайтатын төлемнен негізгі міндеттемесін өтеуден.
Жалгерлік төлем: ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша (активті пайдаланғаны үшін төленетін пайызын ескере отырып) есептелінуі мүмкін.
Дисконтталған құн бойынша есептелген кезде жал ақысының өте аз (минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын өсіп (отыратын) пайыздық мөлшерлемесін қолданады.
Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі ақша ағынының болашақтағы құнын анықтайтын арнайы кестесінен алынып анықталады және ол келесідей формула бойынша есептелінеді:
FV = PV (1+г) n
Мұндағы, FV – n жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны; PV – есептеу кезінде салынған сомасы;
Г – пайыздық мөлшерлемесі; n – есептеу кезеңіне алынған жылдар саны;
Жалға алушының қарыз капиталына өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлеме – бұл пайыз мөлшерлемесі, оны осы тәріздес жал үшін жалға алушы төлейді; немесе бұл мөлшерлемені жалға алушы жал басында басшылыққа алады.
Жалгерлік мерзімінің барысында келісім-шартқа сәйкес жалға берушіге минималды жал ақысын төлейді.
Минималды жал ақысы – бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімнің барысында, жалға алушы жүзеге асырады (көрсетілген қызмет құны мен салық сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек).
Қаржыландырылатын жал жағдайында қабылданған жалгерлік актив, 2400 бөлімшесінің тиесілі шоттарының дебеті бойынша және 4150 «Жал бойынша ұзақ мерзімді борыштар» шотының кредиті бойынша көрініс табады. Жалгерлікке берілген активтер үшін төленетін пайыздар сомасына ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі