Азаматтық құқық | Жалгерлік

 Азаматтық құқық | Жалгерлік

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Жалгерліктің мәні мен мазмұны 4
1.1. Жалгерліктің мазмұны 4
1.2. Жалгерліктің жіктелуі 11
2.Операциондық жалгерліктің есебін ұйымдастыру 20
2.1. Операциондық жалгерлік кезінде жалгердегі жалдау есебі 20
2.2 Операциондық жалгерлік кезінде жалға берушідегі жал есебі 25
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 35

Кіріспе
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігінесатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері; жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүліктің қайтарудың тәртібі және тағы басқа қарастырылады. Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді. Жалгерлік есеп №17-ші « Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және №17 Қаржылық есептің халықаралық стандартымен реттеледі. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берілуі мүмкін. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын, пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлік жалдау объектісі болуы мүмкін. Заң актілерінде мүлікті жалдауға тапсыруға жол берілмейтін немесе шектеу жасалатын мүлік түрлері белгіленуі мүмкін. Заң актілерінде тұрғын үй жайларды, жер учаскелерін және басқа да оқшауланған табиғи объектілерді, соның ішінде коцессиялық келісімдер негізінде, сондай ақ өзге де жағдайларда мүлікті жалдауға беру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Мүлікті жалдау шартында жалға алушыға мүлікті жалдау объектісі ретінде берілуге тиесілі мүлікті анықтауға мүмкіндік беретін деректер көрсетілуге тиіс, шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлікті жалдауға берілуге тиесілі объект туралы талап тараптарымен келісілмеген деп, ал тиісті шарт жасалмаған деп есептеледі.
Осы курстық жұмысымда мен жалпы жалгерліктің мазмұнын, оның берілу мерзімін, жалгерліктің артықшылықтары мен кемшіліктерін, жалгерліктің жіктелуін, мүліктің түріне және қатынастардың сипатына қарай қалай бөлінетінін, халықаралық практикадағы түрлерін, азаматтық кодекске сәйкес қандай шарттардан тұратынын анықтаймын. Және де жалгерліктің есебіне операциондық жалгерлік кезінде жалгерден жалдау есебін және операциондық жалгерлік кезінде жалға берушідегі жал есебін қалай жүргізетінін қандай корреспонденция арқылы жасалатынын анықтаймын.
1. Жалгерліктің мәні мен мазмұны
1.1. Жалгерліктің мазмұны
Жалгерлік-бұл кәсіпорындар мен өзге муліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердіңшаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді,қайтарымды түрде пайдалану. Жалдау нәтижесіндежалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізднлген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші-жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар,сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алды.
Жалгер-бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңдыжәне жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.
Жалдау шарты- бұл тараптардың еркінділігі толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге әкеп соқтырмайды.
Мүлікті жалдау шартының нысаны
1. Бір жылдан астам мерзімге жасалған,ал егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ,мүлік жалдау шарты жахбаша түрде жасалуға тиіс.
2. Қозғалмайтын мүлікті мүліктік жалдау шарты, егер заңда өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік тіркеуге жатады.
3. Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге мүлік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкін.
4. Мүлікке меншік құқығының кейіннен жалға алушыға ауысуын көздейтінмүлік жалдау шарты сондай мүлікті сатып алу-сату шарты үшін көзделген нысанда жасалады.
Жалгерлік мерзімі- жалгер мүлікке жалгерлік шарт жасайтын нақтылы мерзім уақыты,сондай-ақ жалгерлік мерзімінің басындаескерілген, жал иесі құқықты, жалгерлік мерзімін одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа да кез-келген одан кейінгі мерзім. Егер мүлік жалдау шарты мерзімі көрсетілмей жасалса, ол белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. Қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбір тарап екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, мұндай шарттан кез келгенуақытта және өзге мүлікті жалдаған жағдайда, бір ай ішінде бас тартуға құқылы. Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін шарттың барынша ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдуу мерзімі белгіленбесе және заң актілерінде белгіленген шекті мерзім біткенге дейін тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шекті мерзімнің бітуіне қарай тоқтатылады. Бұл жағдайда заң актілерінде белгіленген шекті мерзімнен асатын мүлік жалдау шарты барынша ұзақ мерзімге тең етіп жасалған деп есептеледі.
Мүлікті жалдау шарты бойынша жасалатын төлем
1. Жалға алынған мүлікті пайдалану үшін төлемді, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта белгіленген тәртіп, мерзім мен нысан бойынша жалға алушы төлейді.Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы мән- жайларда әдетте сол сияқты мүлікті жалға алған кезде қолданылатын тәртіп,мерзім мен нысан белгіленген деп есептеледі.
2. Төлем барлық жалданылған мүлік үшін тұтас немесе оның құрамдас бөліктерінің әрқайсысы бойынша жеке:
o Мерзімдік немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің тұрлаулы сомасында белгіленген;
o Жалданылған мүлікті,өнімді, жемістерді немесе кірістерді пайдалану нәтижесінде алынған белгілі бір үлес;
o Жалға алушының белгілі бір қызмет көрсетулері;
o Жалға алушының шартта келісілген затты жалға берушінің меншігіне немесе жалдауына беруі;
o Жалға алушыға жалданылған мүлікті жақсарту жөнінде шартта келісілген шығындарды жүктеуі түрінде белгіленеді.
3. Мүлікті пайдаланғаны үшін жасалатын төлем мөлшері, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, көп дегенде жылына бір рет өзгертілуі мүмкін. Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін жасалатын төлем мөлшерін қайта қарауға өзге де ең аз мерзімдер көзделуі мумкін.
4. Орталықтандырылып белгіленген баға мен тарифтер өзгертілген жағдайда тараптардың біреуінің талабы бойыншатөлем мөлшері қайта қаралуы мүмкін.
5. Егер жалға алушы мауап бермейтін мән-жайларға байланыстышартта көзделген пайдалану жағдайлары немесе мүліктің жай-күйі едәуір нашарлап кетсе, заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ол төлемді тиісінше азайтуды талап етуге құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін төлеу төлеу мерзімін елеулі түрде бұзған жағдайда жалға беруші белгіленген мерзімнен бұрын төлеуді талап етуге құқылы. Бұл ретте жалға берушінің төлемді қатарынан екі мерзімнен астам уақытқа мерзіміненбұрын төлеуді талап етуге құқығы жоқ.
Жалгерлік төлемінің ең аз мөлшері - жалгердің жалгерлік мерзім ішінде (көрсетілген қызметтер құны мен салықтардың шегерілімін жал иесі төлеуі және оған қайтарылуы керек ) жүзеге асыруға міндетті төлемдері, сондай-ақ:
Жалгерлер тарапынан- оған байланысты олардың немесе жақтардың кепілдеме берген кез-келген сомасы;
Жал иесі тарапынан- жалгердің немесе жақтардың жал иесіне кепілдеме берген, бұл кепілдемені қаржымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар, оған немесе тәуелсіз үшінші жаққа байланысты кез-келген қалдық сомасы.
Өткізілім құны-мәмілешілер арасында айырбасталуы мүмкін мүліктер, тәуелсіз жақтардың мәміле жасауға даяр сомасы.
Кепілдік берілмеген құн қалдығы- бұл, жал иесіне байланысты жалгердің өткізуге кепілдік бермеген немесе өткізуге тек жақтар ғана кепілдік беретін мүлікті жалға беруденқалған құн қалдығы.
Жалгерлікті жалпы күрделі қаржыландыру-қаржыландырылатын жалгерлік төлемнің ең аз сомасының оған мүліктің кепілдік бермеген құн қалдығы қосқандағы жиынтығы.
Өткізілмеген табыс- жал иесінің жалгерлікті жалпы күрделі қаржыландыру және жалға берілген уақыттағы дисконтталған мүлік құны арасындағы айырма
Жалгерлікті таза күрделі қаржыландыру-жал иесінің жалгерліктікүрделі қаржыландыру және пайдаланылмаған табыс арасындағы айырма.
Жалға беру кезінде көзделген пайыздық мөлшерлеме- жалгерлік басында ең аз мөлшерлі жалгерлік төлемдерді айқындау үшін мүліктің дисконттық құнын анықтайтын және жалгерлік активтердің ағымдағы құны бойынша жалгерлік басында кепілдік бермеген қалдығыны дисконтық мөлшері.
Жалгердің қарыздық қорының пайыздық мөлшерінің өсуі : жалгердің соған ұқсас жалға төлеуі керек болатын пайфздық мөлшері немесе жалгердің жалға алу барысында сондай мерзімге активтер сатып алу үшін несиелерді пайдалануды қабылдайтын мөлшер.
Қатер деп-белгісіз жағдайлар салдарынын жүз беруі мүмкін шығындар айтылады, мысалы жабдықтардың тқтап қалуы,ескі технологиянықолданғандықтан күтілген пайданың алынбауы.
Мүлікті жалға алушыға беру: жалға беруші мүлікті жалға алушыға шарт талаптары мен мүліктің мақсатына сәйкес келетін күйде беруге міндетті. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлік жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүліктің жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану тәртібін куәландыратын және т.б. құжаттарымен) бірге беріледі. Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар барілмеген болса, адайда жалға алушы мүлікті оларсыз мақсатқа сәйкес пайдалана алмаса не шарт жасасу кезінде үміт етуге құқығыболғанынан едәуір дережеде айрылатын болса, ол өзіне жалға берушіден мұндай керек-жарақтай мен құжаттарды беруді немесе шартты бұзудыталап ете алады
1. Жалға берушінің жалға берілген мүліктің кемшіліктері үшін жауапкершілігі: Жалға беруші жалға берілген мүліктің оны пайдалануға толық немесе ішінара кедергі жасайтын кемшіліктері үшін, тіпті ол шарт жасалған кезде бұл кемшіліктер туралы білмесе де, жауап береді.Осындай кемшіліктер табылған жағдайда жалға алушы жалғаберушіден өз қалауы бойынша:
• мүліктің кемшіліктерін тегін жоюды;
• жалдау ақысын соған мөлшерлес азайтуды;
• жалға берушіге бұл туралы алдын ала хабарлай отырып, сол кемшіліктерді жою жолында өзі жасаған шығындар сомасын мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін төлемнен ұстап қалуды;
• шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
2. Жалға алушының талаптары туралы немесе оның мүліктің кемшіліктерін жалға берушінің есебінен жою ниеті туралы хабарланған жалға алушының келісімімен жалға берілген мүлікті тез арада тиісті жағдайда тұрған басқа осыған ұқсас мүлікпен ауыстыра алады не мүліктің кемшіліктерін тегін жоя алады.
3. Егер жалға алушының талаптарын қанағаттандыру немесе оның мүлкі пайдаланғаны үшін жасалатын төленен кемшілікті жоюға кеткен шығындарын ұстап қалу жалға алушыға келтірілген залалды өтеуге жетпесе, ол шығынның өтелмеген бөлігін өтеуді талап етуге құқылы.
4. Жалға беруші жалға берілген мүліктің шарт жасасқан кезде айтылған немесе жалға алушыға бұрыннан белгілі болған кемшіліктері үшін жауап бермейді.
Жалға берілетін мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтары: мүлікті жалға беру бұл мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарын тоқтату немесе өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Жалға беруші шарт жасасқан кезде жалға алушыға жалға берілетін мүлікке үшінші тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепіл құқығы және т.б.) туралы ескертуге міндетті. Бұл ережені орындамау жалға алушыға мүлікті пайдаланғаны үшін төлемді азайтуды не шартты бұзуды талап етуге құқық береді.
Жалға алушының жалға алынған мүлікке билік ету шегі
Жағдайларда, қайта жалға беруді қоспағанда, жалға алушы жалға берушінің алдында шарт бойынша жауапты болып қала береді. Мүлікті басқа тұлғаларға беру туралы шартту жалдау шартының мерзімінен асатын мерзімге жасауға болмайды. Қайта жалға беру шартын, егер заң актілеріне өзгеше көзделмесе, мүлік жалдау шарты туралуы ережелер қолданылады.
Жалға берушінің жалға берілген мүлікті ұстап-тұту жөніндегі міндеттері
1. Жалға беруші жалға берілген мүлікке тараптармен келісілген мерзімдерде, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, есебінен күрделі жөндеу жүргізге міндетті.
2. Жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты пайда болып , шұғыл қажеттілік туғызған жөндеуді, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға беруші қисынды мерзімдерде өз есебінен жүргізеді.
3. Жалға берушінің күрделі жөндеу жөніндегі міндеттерін атқармауы жалға алушыға өз қалау боцынша:
• Жөндеуді өз бетінше жүргізуіне және жөндеу құнын жалға берушіден өндіріп алына;
• Жөндеу құнын шарт бойынша төлемнің есебіне есептеуіне;
• Шарт бойынша төлемді тиісінше азайтуды талап етуіне;
• Шарттан бас тартуына құқық береді.
Жалға алушының жалданған мүлікті ұстап-тұту жөніндегі міндеттері
Жалға алушы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті дұрыс күйде ұстап-тұтуға, ағымдағы жөндеуді өз есебінен жүргізуге және мүлікті ұстап-тұтуға кететін шығымдарды көтеруге міндетті.
Жалға алушының жалданған мүліктен алынатын өнімге, жемістерге және өзге де кірістерге меншік құқығы
Жалданған мүлікті пайдалану нәтижесінде жалға алушының алған өнімі, жемістері және өзгеде кірістері, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, оның меншігі болып табылады.
Мүлікті жақсарту
Жалданған мүліктің жалға алушы жүргізген бөлігінің ажыратылып жақсартылуы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншігі болып табылады. Жалға алушы өз қаражаты есебінен және жалға берушінің келісімімен, жалданған мүлікке зиян келтірмей ажыратуға болмайтын жақсарту жүргізсе, шартта өзгеше көзделмегендіктен, оның шарт тоқтағаннан кейін осы жақсартудың құнын өтеттіріп алуға құқығы бар. Жалға алушының жалға берушінің келісімінсіз жүргізген ажыратуға болмайтын жақсартуының құны, егер заң актілерінде немесе өзгеше көзделмесе, өтеуге жатпайды.
Талаптардың біреуінің талап етуі бойынша мүлікті жалға алу шартын өзгерту және бұзу
1. Тараптардың біреуінің талап етуі бойынша мүлікті жалға алу шарты осы Кодекске, өзге де заң актілерінде немесе шартта көзделген жағдайларда сот тәртібімен өзгертілуі немесе мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
2. Жалға берушінің талабы бойынша мынадай жағдайларда:
• егер жалға алушы мүлікті шарт талаптарын немесе мүліктің мақсатын елеулі түрде бұзып, жалға берушінің мұндай іс- әрекетті тоқтату туралы жазбаша ескертуіне қарамастан пайдаланса;
• егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлікті елеулі түрде нашарлатса;
• егер жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін шартта белгіленген төлем мерзімінің өтуі бойынша екі реттен астам төлем жасамаса;
• егер жалға алушы жалға алу шартында белгіленген мерзімде мүлікті күрделі жөндеуден өткізбесе, ал ол шартта көрсетілмеген жағдайда- заң актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеті жалға алушыға жүктелген жағдайларда, оны қисынды мерзімде өткізбесе, мүлікті жалға алу шарты бұзылып, мүлік жалға берушіге қайтарылуы мүмкін.
Жалға беруші жалға алушыға өз міндетін қисынды мерзімде орындауға мүмкіндік берілгеннен кейін ғана шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
3. Жалға алушының талап етуімен шарт мынадай жағдайларда:
• жалға беруші мүлікті жалға алушыға пайдалануға бермегеніне мүлікті шарт талаптарына немесе мүліктің мақсатына сәйкес пайдалануға кедергі жасаған;
• жалға беруші өзіне жүктелген мүлікті күрделі жөндеу міндетін шартта белгіленген мерзімде, ал ол шартта болмаған жағдайда-қисынды мерзімде жүргізбеген;
• жалға алушыға берілген мүлікте оны пайдалануға кедергі келтіретін кемшіліктер болып, оны шарт жасалған кезде жалға беруші ескертпеген, жалға алушыға алдын ала белгілі болмаған және мүлікті көрген кезде оның байқалуы мүмкін болмаған;
• егер мүлік жалға алушы жауап бермейтін мән- жайларға байланысты пайдалану үшін жарамсыз күйде болған реттерде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Мүлік жалдау шартының тараптар өзгерген кезде күшін сақтап қалуы
Жалға берілген мүлікке меншік құқығының, шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы мүлік жалдау шартын өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды. Қозғалмайтын мүлікті жалға алушы болып табылатын азамат қайтыс болған жағдайда осы мүлікті жалдау шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттері, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе оның мұрагеріне ауысады. Мұндай мұрагерге шарттың қолданылу мерзімін қалған уақытында шарт жасасудан бас тартуға, шарт жасасу жалға алушының жеке басының қасиеттеріне байланысты болған жағдайды қоспағанда, жалға берушінің құқығы болмайды...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі