Онлайн ақша табу пайда әкеле ме?




Әлеуметтік желі демекші, кішкентай баладан жасы үлкен қарияға дейін онлайн сатылыммен айналысу бүгінгі күні дүкенге барып нан алғанмен тең. Ол үшін арнайы платформасы іске қосылған «Kaspi» мен «Wildberries» көмекші құрал болмақ. Дәл осы типте өзіндік жүйесін құрып алған блогерлер мен жаңа бизнес бастаушы кәсіпкерлер курс ашып, пиар ходтың арқасында одан бекер ақша үлесін арттырумен айналысуда. Тауарды ешқайда шықпай-ақ бір батырманы басу арқылы сатып, сатушы мен тұтынушы арасындағы байланысты көріспей шешудің амалын тапқандай.
Гарвард университетінен құрмет дәрежесін алған профессор Роберт Энтони «Мақсатың болмаса, онда бар адамға жұмыс істе» деп кезінде студенттеріне айтқан екен. Ерте кезден тапқан пайдасын өз пайдасына жаратып, ата-анасына масыл болғысы келмейтін оқушы/студенттер бар болары анық.

Осы орайда «Wildberries»-тің базасын терең меңгеріп, декретке шыққан күннен бастап қосымша табыс табу көзін іздеуде найзасы дөп түскен эксперт Раушан Садырханмен онлайн жұмысқа қатысты пікір алмастық.
Оның айтуынша, адамдардың киімге тапсырыс беретін қолайлы кез-көктем мезгіліне келіп түседі. Ұсақ-түйек, тұрмыстық заттар алуға әуес әйел адамдардың көпшілігі базар араламай, тікелей Wildberries-ке жүгінеді екен.

- Өзім де ана болғандықтан, ең алдымен балаларыма киім қараймын. Бір ұтымды жағы, келген аяқ-киімнің өлшемі қызымның аяғына сәйкес келмесе кері ақшасын алып немесе қайта басқа өлшемді жіберуің сұраймын. Алғаш тауарды сатып бастаған сәтімізде, жолдасым екеуміздің көзіміз мультипісіргішке түсті. Кейіннен тапсырыс көбейген сайын, оған қажетті сомада қаражат бөліну қажеттілігін ескердік. Кішігірім қандай нәрсе бар дегенде, ойымызға Power bank келді. Сол кезде қаңтар айында 2 миллионға жуық айналымды (оборот) телефон қуаттағыш құрылғы әкелерің кім білген.
Егер адамның өмірге деген нақты мақсаты болса, қиындығына қарамай соңғы финиш нүктесіне жетуді көздейді. Процесстен гөрі тез нәтиже көруге асық жандар үшін болашағы иллюзияға айналу қаупір бар дерлік. Қысқа мерзімде 1 миллион табу мүмкіндігі туралы Раушан ханым не дейді?
- Қараңызшы, Инстаграм желісіндегі осы Wildberries бойынша ақылы түрде курс ашқандар осындай айда пәленше миллион тауып кетесің, мынандай күн ішінде былайша ақша жинайсың дегеннің көбісі жалған ұсыныс. Негізінен, барлығы өзіңізге және жұмыс жасау қарқыныңызға байланысты. Сапасы жоқ, ал бағасы қымбат курстардың үйретері тек онлайн ақша, көріп отырсақ зат сатқанда қанша қосымша қаражат салу керектігін өкінішке орай ешкім әлі айтпады, -деді эксперт.

Wildberries платформасын ашып, кездейсоқ тауардың жарнамасын қараған жағдайда әртүрлі пікір мен бағалау негізіндегі жауапты көреміз. Біреуде заты сынық болс, екінші адамда тапсырысы мүлде келмей қалады. Бұндай көрініс орын алмас үшін, неден аулақ болу қажет екенін Раушан Садырхан былай түсіндірді:
- Тұтынушылармен жұмыс істеу коммуникацияға жақсы, алайда өзіндік ұстану принциптері болады. Біріншіден, тауар сипаттамасына сай келуі шарт. Екіншіден, баға. Сатып алушыға қолайлы баға қойғанда қателесіп кетпеу керек. 700 рубль тұратын нәрсені 70 рубль деп шығып кетсе, көп сұраныс түсіп минусқа кіруіңіз ықтимал. Үшіншіден, қолда бар нәрсені тіркеу маңызды. Заказ көп ал тауар бітіп қалса кесірі тиеді.

Әрбір жарнамада көрінген курсты алуға асықпаған абзал. Сырты әдемі, іші бүлінген көйлекті алғанша, эксперттердің сөзіне құлақ асқан жөн. Пайда әкелер, бірақ жұмыс процессін көрмеген адамға бірінші нанын шынайы жұмыс жасап табуға кеңес береміз.

Сұхбаттасқан, Дарина ТАУПИХОВА


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу