Қасқыр неге ұлиды

 Қасқыр неге ұлиды

Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен.

Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді.

— Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қырды да кетті, – дейді Халық күйініп кемпірі мен баласына.

— Ол өзі бізге қас, ешкілерді қырды, демек, ол қасқыр ғой, – деп қалады сонда бала. Содан бастап қасқыр қасқыр атанған екен. Қасқырлар кедейдің малын қыруды қоймайды. Кеш қарайғанда, тіпті, қамаулы тұрған ешкіні қораға түсіп алып кететін болады. Ондайда ешкінің бар бітіретіні: сақалы шошаңдап бақырады екен. Қораз болса, алтын қанатын қағып-қағып жіберіп: «ку, ка-ре, ку!» – деп, айғайға басады. Онысы: қасқырлар келді, қуа гөр деп, Халық атайға хабар бергені екен деседі. Сол түн, сол күннен бастап, қораз шақыратын болыпты, ешкі де бақыратын болыпты.

Халық атай күнде үйіне қайтқанда, өрістен қасқырлар жемей, тастап кеткен ешкінің құйыршықтарын бір етек қып жинап ала келіп жүреді.

Бір күні кедейдікіне сақалы беліне түскен бір ақсақал келеді. Ол:

— Жауыздықпен күресу менің парызым еді. Мә, мына кітапты ал. Оқы. Оқығаныңды көңіліңе тоқи біл. Ерінбесең, дұшпаныңнан құтыласың, – деп, кедейдің баласына бір кітап береді.

Сол күннен бастап, бала кітаптан көз алмайды. Оның бар ойы жауыз қасқырды өлтіретін дәрі жасап шығару болады. Ақыры, бірнеше шөп тамырларын қайнатып, дәрі жасайды. Оны апарып құйыршық жемтікке сеуіп қояды. Ешкілерді үйге қамайды. Қасқырлар бірінші күні келіп, үйді ториды, ешкілер көрінбейді. Екінші күні келеді, ешкілер шықпайды. Үшінші күні қасқырлар ырылдап келіп, үйдің іргесін қаза бастайды. Бірақ үйге кіруге батпайды. Ешкіден күдер үзген соң, жауыздар жемтікке жиналады. Қомағайлау біреуі келген бетінде арс етіп, жемтікті қауып өтеді де: «У-у-у...» – деп, мұрнынан шаншыла құлап түседі. Қалғандары басы ауған жаққа қаша жөнеледі.

Содан бері қасқырлар: «У-у-у!..» – деп ұлитынды шығарыпты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 253



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі