Ертегі: Үш аю

Ертегі: Үш аю казакша Ертегі: Үш аю на казахском языке
Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және мықтысы ақ төс аю болыпты. Қазандай тасты допша домалатып ойнайды екен. Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті.

Бір күні түлкіні құйрығынан ұстап жұлқылайды. Екі аю:

– Түлкі бізге тиіскен жоқ қой, қоя бер, – депті.

– Бұл түлкі мені сыйлап жүрем десе, жіберем! – деп, құйрығын бұрай түседі аю. Құйрығы ауырған түлкі қыңсылап:

– Аю аға, босатшы мені, сыйлап жүрейін, – деп жалыныпты. Аю есіріп:

– Енді түлкі мені сыйлап жүреді! – деп мақтаныпты.

Тағы бірде қасқырды ұстап алып, аяғын мытып, құлағынан жұлқылап, босатпай, есін шығарады. Екі аю тұрып:

– Қасқыр бізге тиіскен жоқ қой, – депті.

– Егер мені сыйлап жүремін десе, босатамын! – деп, гүр-гүр етіпті ақ төс аю. Жаны қиналған қасқыр қырылдап:

– Аю аға, сыйлап жүрейін, – деп жалбарынады.

Ақ төс аю екі серігіне:

– Енді мені қасқыр да сыйлап жүретін болды! – деп қоқиланыпты.

Екі аю:

– Сені бұдан былай түлкі мен қасқыр жек көреді және ешқашан сыйламайды. Өйткені сен оларға күш көрсетіп, жәбірледің, – депті.

– Жоқ, сыйлайды, – деп, екіленіпті ақ төс аю.

Ақыры екі серігінен бөлініп кетіпті. Тоғайды аралап ұзақ жүреді. Бір уақытта әлгі өзі жәбірлеген қасқыр бір топ ұяластарымен ақ төс аюдың алдынан шығыпты.

– Сен маған жазықсыз азап көрсетіп едің ғой, енді бәріміз жабылып, сені талаймыз, – депті қасқыр.

Көп қасқырдан зәресі ұшқан ақ төс жуан бір ағаштың басына өрмелеп шығып алып, аман қалыпты. Қасқырлар біраз тұрып-тұрып кетіп қалыпты.

Сонан соң жерге түсіп, жан-жағына қарап, сескеніп келе жатса, өзі жәбірлеген түлкі кездесіпті. Түлкі сызылып:

– Аю аға, неден қорқып келесің? – деп, жайын сұрапты.

– Көп қасқырдан қашып келемін, – депті, ақ төс аю ентігіп.

– Онда жылдам бері қарай жүр, жаңа мына жақтан қасқырлар көрініп еді, – дейді, түлкі жол көрсетіп.

Түлкі нұсқаған жаққа тұра қашқан аю күмп беріп батпаққа түсіп кетеді. Түлкі аюдың қасына келіп, сықылықтап күледі де:

– Сен ана жолы маған жазықсыз жәбір көрсетіп едің, сол үшін сазайыңды тартқызғым келді, – деп кетіп қалады.

Ми батпаққа батқан ақ төс аю әуреге түсіп, өліп-талып әрең шығады. Шаршап-шалдығып, сүмірейіп үңгірге оралады.

– Саған не болды? – дейді екі серігі.

– Мені қасқырлар қоршап алып, талап тастай жаздады. Содан ағаштың басына шығып құтылып ем, қайтып келе жатқанымда түлкі кездесті. Ол мені алдап, батпаққа батырып кетті, – дейді ақ төс аю мұңайып.

– Күшіңе сеніп, әлсіздерді күшпен сыйлатам деген ойың дұрыс емес екендігіне енді көзің жеткен шығар, – депті екі серігі.



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 1 116 |



Загрузка...

KZ / Қазақ халық ертегілер жинағы, ертегі Үш аю туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Үш аю для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Үш аю, ертегилер казакша оку, Үш аю, ертегі Үш аю туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Үш аю для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Үш аю ертегилер казакша оку Үш аю, Ертегі: Үш аю ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн