Құқық | Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту

 Құқық | Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту

Мазмұны

Кіріспе
І тарау. Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту
жағдайы, проблемалары
1.1. Құқықтық мемлекет қағидалары және орта мектептегі мемлекет және құқық пәнін оқыту еркшеліктері
1.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Құқықтану негіздері» пәні орта мектепте

ІІ тарау. Мемлекет және құқық пәнін оқытудың бағдарламасы
әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары
2.1. Бастауыш эжәне орта буын сыныптардағы
мемлекет және құқық пәнін оқыту жолдары.
1-7 сыныптар
2.2. Жоғарғы сыныптардағы құқық пәнін оқытудың
ерекшеліктері және жетілдіру жолдары
8-11 сыныптар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі

Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр.
Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады.
Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25 қарашада «Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991 жылғы 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты /1/.
Бірақ, 1995 жылы 30 тамызда қоғмдағы өзгерістерге, соңғы талаптарға сай, толықтырылған жаңа Констиуция бүкіл халықтық референдум нәтижесінде дүниеге келді.
Референдум дегеніміз- мемлекет өмсірінің маңызды мәселелері жөнінде хаолықтың шешім қабылдауы /2/.
Бұл Крнституцияға адамгершілік принціпке негізделген заң деп күмәнсіз айтуға болады. Сесбебі оның ұйытқысы адамның құққтары мен бостандықтары. Қабырғасы жаңа қаланып отырған қоғамның бір екрешелігі- мемлекет, қоғам алдында жеке адамның жауаптылығын арттыру, жеке адам құқықтарының құқытарын орынды пайдалану мен қатар, басқалардың қол сұғуынан заңды жолмен қорғана білу де қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы мемлекет пен қоғамның нығаюы, дамуы және қоркеюі адамдардың кауіпсіздігі, олардың заңсыз өмір сүріп, өздері үшін қоғам үшін пайдалы жұмыс істеуі заңдардың мүлтіксіз орындалуына байланысты. Заңдылықсыз ешқандай құқықтық тәртіп болмайды.
Егемендікке қол жеткеннен бері мемлекетіміздің негізгі Ата заңы мен бірге 250 –ден астам заңдар қабылданып, адамдардың арақатынасын жаңа шынайы демократиялық негізде реттеуге жол ашылды. Осындай түбегейлі өзгерістерге орай, әр Конституцияда аталып көрсетілгендей құқықтық мемлекет құруымызға бет бұруымыз құқықтану пәніне бүгінгі таңда айырықша мән беруді талап етеді.
Осыған байланысты және Қазақстан Республикасындағы құқытық реформа жасадың мемлекеттік бағдарламасын атқару үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 21 мауысымында «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқытың оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданып, осы қаулымен оқушы жастарды құқытық оқыту тұжырымыдамасы бекітілген.
Бұл тұжырымдама бекітілгенге дейін Республика мектептерінде 1991 жылыға дейін заңның құқытық негіздері 8 сыныптағы «Кеңес мемлекетінің құқытық негіздері» пәні арқылы үйретіліп келді. Ал егемендігімізді алғалы бері, орта мектептерде «Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқығы негідері» пәні 1992-1993 жылдары оқу жылыннан бері оқытыла бастады. Бұл уақыттарда ата заңымыздың толық қабылданып, үлгермеу себебінен осы пін бағдарламасыз, тек бағдарламаның жобасымен оқытқан болатын. Ең алғаш «Мемлекет және құқық» пәніне бағдарламалары Ғайрат Сапарғалиев құрастырып және 1994 жылы «Атамұра» баспасы көмегегімен. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» оқулығын жарыққа шығарды /3/.
Бұл кітап ұлтымыздың тарихындағы тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналған ана тіліміздеге жазылған құқықтық төл еңбек болып табылады.
Қазіргі күнге дейін бұл пән, осы ескі оқулықтың оқылуы жүйесімен оқылып жүр.
Мектеп жобасына дейінгі құқықты оқыту және құқықтық тәрбие мәселенің қажетті мемлекеттік маңызы бар дәрежеге көтеріліп отыр. Құқықты оқытумен құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы Қазақстан халқының алдына қойып отырған тарихи мақсатын құқықтық мемлекет құруға байланысты құқықтық мемлекет құру үшін жаңа құқықтық жүйе қалыптастыру қажет, ол қоғамөмірін демократиялаға, адамгершілікке баулуға, адамдардың жағдайына, ұлтына, мүліктік жағдайына, қызметіне, жынысына т.с. белгілеріне қарап кемітуді жоюға бағытталады.
Міне осындай құқықтық жүйе Қазақстан Республикаы өз егемндігене иеленіп, тәуелсіз болғанан бастап қалыптаса бастады. Бірнеше жыл дербес өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдармен құқықтық нормативтік актілер қабылданып, олар адамдар өмірінің түрлі салаларын реттеуге бағытталды.
Барлық қабылданатын заңдардың басым көпшілігі тікелей немесе жанамалы азаматтарға, жеке адамға туғаннан бастап қатысы бар. Әрбір адамөзіне қажетті, құқықтар мен босандықтардың қорғайтын заңдарды білуі керек.
Бұл мәселенің екінші жағы: заң адамға мінтеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзуы керек, олардың өміріне денсаулығына ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді. Отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерлереде т.с. барлық жерде белгіленген құқытық тәртіп бар. Соны сақтау керек.
Әрине бірде-бір адамның елдегі қолданылып жүрген барлық заңдарды білуі мүмкін емес. Дегенмен күнделікті өмірге қатысы бар заңдар қағидаларының жалпы нұсқаларын білген жөн. Ол үшін құқықты тануды жастайынан, баланың жақсы мен жаманды айыра бастаған кезінен жүргізілген жақсы. Заң игілікті жақсы, істерді, пайдалы әділ әрекеттерді жасауға рұқсат береді. Соынсен қатар жаман, зиянды, әділетсіз әрекеттерге тиым салады. Мұндай сабақты адам күнделікті өмірден стихиялы түрде алып отырады. Бірақ мұндай білім адамның заң туралы, оның адам, қоғм және мемлекет үшін қандай маңызы бар екендігі туралы, тұтас ой-жүйесін қалыптастырмайды. Заңдар туралы, адамның құқықтары туралы жүйелендірілген білімді адам тек оқу барысында ала алады, сондықтан осы игілікті жұмысты неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тезірек құқықтық сана қалыптасады.
Оларды тану Қазақстанда қандай мемлекет құрып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді, азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары бар екенін, адамның заңды мүддесіне нұқсан келтірсе оларды кімнің қорғайтынын білетін болады.
Заңдарды үйретудің пайдасы сонда болады, егер, біріншіден, мұғалімнің өзі заңның не екенін, олардың әлеуметтік маңызды қандай екенін, заңның талаптары мүмкінсіз орындалғаннындай зиян келетінін түбегейлі білуі тиіс. Осыған байланысты мұғалім өз құқы мен міндетін білген дұрыс, яғни Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын білуге, оқу бағдарламасының орындалуына, оқушылардың білім санасының болуына, шәкірттердің адамгершілік қасиеттерін азаматтық ар-ождан беделін құрметтеуге, оқушыларға мамандық таңдауға ықпал етіп, кәсіптік бағдар беруге міндетті. Екіншіден, оқушылар зор ынта-ықыласпен заңдардың мәнін, мазмұнын оқуға, түсінуге тырысулары керек. Бұл да әрине, жетекшіліксіз. Заң туралы алған білімді, заңның идеяларын өз жеке басының ой-жүйесіне, сана-сәзіміне айналдыру керек. Сөйтіп әр адам өзінің өмірін, іс-әрекетін заңдар тарапына сай сәйкес жүзеге асырулары қажет. Сонда ғана құқықтық білімнің жеке адам үшін, қоғам және мемлекет үшін пайдалы болды.
Қазіргі таңда орта мектепте мемлекет және құқық пәні жылына 34 сағат, ал аптасына 1 сағаттан оқытылып жүр. Мемлекет және құқық пәніне мектепте өте аз сағат бөлінген. Бұл берілген 34 сағат ішінде оқушылар толық құқықтық білім алып үлгере алмайды. Сол себепті балаларды құқықтық нормалар «әліппесіне» оқытуды мектептке дейінгі тәрбие мекемелерінен бастау ұсынылған. Өйткені, жеке адамның құқықтық санасының негізгі, жеке адам ретінде қалыптасуы сәби кезден, адамның жан-дүниесі енді қалыптаса бастаған кезден бастауы керек.
Болашақта осы пәнді1-ші сыныптан оқытуды енгізсе, оқушылар ерте жастан әртүрлі заңдармен таныса алар еді.. Сонымен қатар оқушылар өз бойында өзін-өзі тәрюбтелеуді қалыптастыру және заңды сыйлағыш тұлғаны ерте жастан қылыптастыра алатын еді.
Қазіогі кезде білім жүйесі құрылымыдық және мазмұндық тұрғыдан жаңару үстінде. Білімді ізгілендіру мен демократияландыру бағытында үлкен өзгерістер жасалып жатыр.
Мәселең Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 1-бабына сәйкес, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жасалды. «Құқық негіздері» пәні бойынша стандарт 2002-2003 жылдар негізінде дайындалды. /4/.
Әрбір ел азаматы өз құқығын білуі тиісті және міндетті. Көп елдерде құқық пәні 1-сыныптан енгізілген. Осыған байланысты, Алматы қаласындағы Білім депаттаментінің 2003 жылғы мамыр айындағы 173а бұйрығы бойынша 1-11 сыныпқа дейін «Құқық негіздері» пәні Алматы қаласындағы мектептерде енгізілуі ұсынылды. Осы бұйрыққа сәйкес Алматы қаласы Білім инстиуты «тарих кабинетінің» әдіскерлерінің басшылығымен 1-11 сыныптарға бағдарлама және әдістемелік нұсқау жасап шығарылды.
Алматы қаласының мектептері 2004 жылы қыза бастап осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Болашақта осы бағдарламаға сәйкес әдістемеліктер, оқулықтар шығару жоспарлануда. Бұл, Ы.алтынсарин атындағы Білім Академиясының қоғамдық, гуманитарлық, лабороториясының қызметкерлерінен қолдау тауып, Білім министрлігіне ұсыныс жасалынып, ғылыми Кеңесте бекітіп, Республикаға таратылуы ұсынылды.
Қазақстан әлеуметтік, азаматтық және құқықтық мемлекет орнатуға, қоғамды демократияландыруға бағыт алуы жалпы білім беретін мектептерде құқықтану негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде алдыңғы лекке шығарып отыр. Өйткені, келешекте өркениетті қоғам орнату құқықтқ білім берудің бүгігіне тәуелді. Осыған орай, құқықтану негіздерін бұдан гөрі толық және ертерек бастап оқыту проблемасы алға тартылуда /5/.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: «Мемлекет және құқық» пәнінің негізгі зертелу объектісі Қазақстан Респубдликасының констиуциялық құрлысы, Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесі, құқық салалары-негіздері, адам құқығы, сот, прокуратура және өзге құқық қорғау органдарының қызметі, құқықтық қоғам мәселелері, құқықтық мәдениет, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар болып табылады.
Стандарт мектеп оқушыларына, олардың әлеуметтік, мүліктік және өзара жағдайларына қарамастан, құқықтанушылық білімдер тобынан қатардағы азаматқа үнемі қажет болатын ең маңыздыларының іріктеп алып игеруге мүмкіндік береді.
Бұл тақырып ьойынша зерттеулер өте аз. Кейінгі жылдары демократиялық құқықтық мемлекет мәселелері Қазақстандық ғалымдардың-философтардың, тарихшылардың, заңгерлердің еңбектерінде жан-жақты зеттелуде. Олардың қатарында: К.Бейсенбаев, С.Сортаев, С.Зиманов, О.Сегізбаев, Ғ.Сапарғалиев, С.Созақбаев секілді ғалымдарымыз көптеген еңбектер жазып жүр.
Қазіргі таңада осы пәнді қызықтыра ізденпаздықпен бағдарламалар, жекелеген оқулықтар жазуға өз үлестерін қосып жүрген ғалымдарды да атап өткен дұрыс. Алайда, профессорлар Мұхтаров А.Қ., Пашкевич И.А., философия ғылымдарының кандидаты Қ.Ж.Жүкеш, мұғалімдеріміз Қ.Қ.Кунапина, М.З. Иісова, Т.С.Асанбекова және т.с.
«мемлекет және құқық» пәнінің зерттелуі мерзімді басылым беттерінде де жарияланып жүр.
Ең алдымен бірінші зерттеулерге тоқталып өтетін болсақ, Дана Смағұлованың «Құқықтық мемлекет қағидаттары» //Қазақстан заңдары 1998 ред жарияланған зерттеулерде- егеменді еліміздің ата-заңына сәйкес мектеп оқушыларына құқықтық білім берудің маңыздылығына тоқталып өткен /6/.
Рыскүл Баймырзаеваның «Жалпыға бірдей құқықтық оқытудың өзекті мәселелері» //Қазақа заңдары 1998 №8 жарияланған зерттеуінде жас өспірімдерге құқықтық білім беруді- мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде балалар адамгершілік тәрбиесін алуды ұсынған. Өйткені, жеке адамның құқықытық сапасының негізгі, жеке адам ретінде қалыптасуы сәби кезден, адамның жан дүниесін енді қалыптаса бастаған кезден басталуы керек деген /7/.
Оразалиев С. «Құқықтық білім беру және тәрбиелеу» // Заң 2003 №5. Бұл мақаладанегізінен орта мектеп қалай құқықтық білім беру керек және оны қалай жүзеге асыру туралы айтылады. Сонымен қтара құқықтық пән мектептерде негізгі пән болып енгізілуі керек. Оқу құралдары міндетті және факультативті оқыту нысандарына арналып жазылуға тиіс жәнет.б. мәселелер қарастырылған /8/.
Қабдеш Ыдырысов «Заман талабынан туған оқулық» // қазақ тарихы 1995 №3 шығарылған мақала. Мұнда Ғайрат Сапарғаливтің «Қазақстан мемлекетімен құқығының негіздері» оқулығы туралы пікір жазылған. Бұл кітап ұлтымыздың тарихындағы тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналып, ана-тілінде жазылған құқықтық төл еңбек болып табылады. Мақалада осы оқулыққа талдау жасалынған /9/.
Бұл айтылып өткен зерттеулермен қатар, көптеген мақалалар жарияланған болатын. Бұл зерттеулерде, яғни орта мектепте «Мемлекет және құқық» пәнінің оқытудың өзекті мәселелері қарастырылған.
Тақырыптың мақсаты: Орта мектепте «Мемлекет және құқық» пәнінің оқытылу ерекшеліктерінің маңыздылығын, өзекті мәселелерін көптеген зерттеулер мен мақалаларға сүйене отырып ашып көрсету және сабақты өту барсыныдағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдарын бірнеше сабақ түрінен көрсету.
Тақырыптың міндеті:
- Құқықтық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықтық биліктердің қалыптасуын қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасы және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат болып өсуіне көмектесу;
- «Құқықтану негіздері» пәніне жасалынған стандарттық бағдарлманың маңыздылығын ашып көрсету.
Бітіру жұмысының құрылымы: Жазылған жұмыс Кіріспеден, екі тарудан, әрбір тарау екі бөлімшеден, Қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.
І тарау. Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту
жағдайы, проблемалары

1.1 Құқықтық мемлекет қағидалары және орта мектептегі мемлекет және құқық пәнін оқыту еркшеліктері

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетретінде даму әрбір азаматтың бойына құқықтық сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына-адам, адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақ өкілдері осы қымбат қазынаны бағалай білу керек. Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың түпкілікті негізі де осыдан басталады. /1/.
Бүгінгі күнгі құқықтық мемлекеттің өзекті мәселесі- Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуы және өркениетті қоғам орнату, яғни Конституция негізінде және соған сәйкес мемлекеттің тұрақтылығын күшейту болып табылады /2/.
Осы мақсатта 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы (негізгі заңы) қабылданған болатын /3/.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбае осы жылғы мамырдың 27-29 аралығында Республиканың ордабасы таңында XVIII ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күндерінде сөйлеген сөзінде: “Тәуелсіздік туып қолда беріп ұстау әрбір қазақтың ,Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы ,ең биік мақсаты ,құқықты мемлекетке ,демократиялық қоғамға тән заңдылық қағидасын қатаң сақтай алсақ ғана ол борышты адал ақтап, ол мақсатқа қапысыз жете аламыз.
Конституцияны білу,заңдылықты сақтау – құқықты мемлекет құрудың бірінші шарты …заңды жетік білмейінше,оны сыйламайынша,берік ұстанбайынша біз өмірдің қай саласында да қиыншылықтан арыла алмаймыз.
Біздің болашағымыз – жастар.Біз жастарды өмірге бейімдей білуіміз керек ”-деген болатын.Бұл сөздер жастарға, әсіресе мектеп оқушыларына Қ.Республикасының конституциясы мен заңдарын оқытып,үйретудің қаншалықты маңызды екенін дәлелдейді./4/
1995ж 30-тамызда қоғамдағы өзгерістерге,соңғы талаптарға сай толықтырылған жаңа конституция бүкілхалықтық референдум нәтижесінде өмірге келді.
“Егер конституция жөніндегі Референдумға келетін болсақ"-дейді Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев – оның еліміз үшін іргелі салдары болды.. Бұрынғы конституция аса қарама-қайшылықта еді. Жаңа конституция өзінің мәні бойнша бүкіл мемлекеттік –құқықтық жүйені оның түбегейлі өлшемдерімен бірге қоғамның нақты жағдайына сәйкес етті. Бүгінгі таңдабіз мемлекеттік биліктің құрылымдарындағы кез-келген қайшылықты шешу жөніндегі нақты процессуалдарға ие болып отырмыз. Негізінен еліміздің негізгі заңына көптеген мәселелер шешілген және осының арқасында біраз проблемалар ретке келтіріледі.
Жаңа Конституцияға мемлекеттегі ең аумаңызды мәселе ретінде адам құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан құқықтық мемлекеттің тағы бір тірегі- жеке адамның заңды мүддесін қамтамасыз ету, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Еліміздің төл Конституциясында айтылған құқықтық мемлекет болуы үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы керек. Ал оның басты элементтері құқықтық сауаттылық пен азаматтардың заңды сыйлап, оны орындауы болып табылады /5/.
1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесін реформалау үрдісін шартты түрде брнеше кезеңге бөлген болатын. Соның ішінде, Тәуелсіз Қазақстанда білім берудің заңды негізін қалыптастыру кезеңі (1991-1993 жж.) аралығы. Бұл кезеңің негізгі міндеттері оқу-тәрбие үрдісін саясаттан бөлу, ел азаматтарына білім берудің мемлекеттік кепілдіктерін бекіту, білім беруді экономикалық жағынан қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерінжүзеге асыру үшін құқықтық негіздер жасау болды. Соның нәтижесінде «Білім туралы» заң 1992 жылы және «жоғарғы білім туралы» заң 1993 жылы қабылданды. 1994 жылы тамызда «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» қабылданды /6/.
Көп салада әрбір азаматтың білім алуына, қоғамның жоғары білім беруіне арналған, жоғарыдағы жазылып өткендегі біршама заңдар жарық көрген.
Мәселен 1993 жылы қабылданған «Жоғары білім беру туралы Қазақстанның заңында», жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принціптерін белгілейді, жоғары оқу орындарының ұйымдастырылуы мен қызметінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін орнықтырады, азаматтардың жоғары білім алуға, Констиуциялық құқықтарын іске асыруға жағдай жасауға бағытталған, олардың құқықтары мен міндеттерін, құзіреті мен жауапкершілігін белгілейді /7/.
Жалпыға бірдей білім беру заңы осымен шектеліп қоймайды, бұл мәселені шешуде тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға қамқорлық жасауда Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы Қаулысымен бекітілген «Жалпыға бірдей білім беру қоры туралы Ережесі» үлкен рөл атақарады.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тарихи оқиға 1998 жылы желтоқсанында өткен білім қызметкерлерінің І құрылтайы болды. Онда білім беру жүйесіндегі игіліктерді сақтай отырып, болашақта осы саланы одан әрі реформалау мен дамытуға құқықтық, мамандық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдай туғызудың жолдары анықталды.
1999 жылы білім берудің халықаралық стандарт дәрежесіне сай жаңа, ұлттық модельін бекіткен, елдегі білім берудің барлық деңгейіне ортақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңының қабылдануымен есте қалды. Осы заң бойынша елімізде мектепке дейінгі мекемелердің мектеп алды топтары мен сыныптарына барлық 5 жасар балаларды міндетті әрі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!