Халықаралық қатынастар | Еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі Германияның рөлі

 Халықаралық қатынастар | Еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі Германияның рөлі

Мазмұны

1 Европалық одақтың ішкі істер және құқық саласындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы
1.1 Шенген ережелері және ЕО кеңеюі
1.2 Маастрихт келісім шартындағы ішкі істер және құқық саласындағы жалпы саясаттың құқықтық негізі
1.3 Амстердам келісім-шарттары үшін үшінші тірек реформасы
2 ЕО елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың мазмұны мен механизмдері және Германия позициясы
2.1 Миграциялық бақылау және босқындар мәселесі
2.2 Европалық Одақ 11 қыркуйектен кейін- қауіпсіздік мәселесі
2.3 ЕО қазіргі қауіпсіздік жуйесінің моделі
3 ЕО қауіпсіздік жуесіндегі Германия
3.1 Германияны бірыңѓай Европаның алѓашќы саяси жобасына ќосќан үлесі
3.2 Европалыќ ќауіпсіздік мєселесіндегі «Париждік келісімдердіњ» (1954 ж.) мањыздылыѓы және Германия
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛНАҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР


Зерттеудiң өзектiлiгi
Соңғы елу жыл шеңберiнде барлық дүниежүзiлiк қоғам Еуропада бiртұтас, жалпы экономикалық, саяси және әлеуметтiк кеңiстiк құруды мақсат ете отырып, өзiнiң ерiктi жаулап алу деңгейiмен Батыс Еуропаның тәуелсiз мемлекеттерiнiң бiрiгуiне куә болып отыр. Тарихтан көретiнiмiздей, түрлi мемлекеттердiң бiрлестiктерi, қауымдастықтары мен одақтары көп жағынан халықаралық экономикалық және саяси қатынастардың анықтаушы факторына айналды. Әсiресе, Еуропалық Одақ шеңберiндегi интеграция үрдiсi өзiне ерекше қызығушылық тудыруда. Оның көмегiмен батысеуропалық мемлекеттер өткен жүзжылдықтағы екi алапат соғыстың салдарларын жеңе отырып, тез қарқынмен өзгерiп отырған дүниеде өзiнiң мәнiн сақтап, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарда жаңа жүйенiң қалыптасуына үлкен әсер ете алуда. Бұның жалғасы немесе салдары ретiнде зерттеушiлер Еуропалық Одақта болып жатқан интеграциялық үрдiстерге мiндеттi түрде тек аймақтық деңгейде баға берiп ғана қоймай, дүниежүзiнде болып жатқан жағдайлармен қоса, оған сабақтастыра ескерулерi қажет.
ХХІ ғасырдың басында Еуропалық Одақтың мүше-мемлекеттері алдында аса үлкен көлемдегі бірнеше мәселелер тұрды. Олардың ішінен ішкi iстер және құқық саласының, яғни Еуропалық Одақтың «үшінші тірегінің» қалыптасуына тікелей екі бағыт әсер етуде. Біріншіден, интеграцияның ұлтүстілік тәсілі ұлттық біртұтастықтың және мемлекеттің егемендігінің үндеуіне айналды, өйткені еуропалық деңгейде өкіметтің биполярлы құрылымы жасалуда, онда ЕО-ның институттары мен мүше-мемлекеттердің өзара өкілеттіктері айқындалып отыр. Екіншіден, ЕО елдеріне дүниежүзінің басқа мемлекеттерінен миграция ағымы, сонымен қатар есірткіні заңсыз тасымалдау, лаңкестіктің кең етек жаюы – Еуропалық Одақты барабар тәсілді жұмылдыруға міндеттеп отыр, яғни ортақ саясат шеңберінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі туындауда.
Ішкi iстер және құқық саласы Еуропалық Одақ саясатының институционалдық құрылымның және шешiм қабылдау үрдiсiнiң өзiндiк ерекшелiктерi тән келетiн, үкiметаралық және ұлтүстiлiк тәсілдің айрықша үйлесiмiне ие ең қарқынды дамитын бағыттарының бiрiне айналды, ал бұл осы саланы ЕО шеңберінде «арнайы тәртіп» деп санауға негiз болды. Алғашқы кезде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатын көздей отырып, ЕО-тың осы арнайы тәртібі өз шекараларынан тыс мемлекеттерге, сондай-ақ өзге азаматтарға, онда өмiр сүрiп, жұмыс iстеуге немесе тек оның шекараларынан өтуге ұмтылғандарға ықпал ете алмайтын едi. Осылайша, бүкiл Еуропа құрлығының дамуын ұзақ жылдар бойына анықтайтын «қосылу-шығу» немесе «қатысу-қатыспау» жүйесi пайда болды.
Кеңес өкіметі күйрегеннен кейiн еуропалық саясат жаңа өлшемге ие болды. Ол жаңа геосаяси болмыстағы кең түрдегi саяси экономикалық және әлеуметтiк жиынтық мәселелерiне қатысты. Сонымен қатар қауiпсiздiк саясатын қайта қарау қажеттiгi туды. Бұған ЕО-тың тұрақтылығы және қауiпсiздiгi дамыған мемлекеттердiң өз қызығушылықтары итермеледі. Жаңа үндеулерге Еуропалық Одақ елдері бiрқатар жобалар мен жоспарларды қайта өңдеу мен жүзеге асыру арқылы жауап берді.
Орта Азиядағы және өзге де республикалардағы жүріп-тұру еркіндігі, шекаралық және иммиграциялық бақылау, трансшекаралық қылмыспен және халықаралық лаңкестікпен күрес мәселелері соңғы жылдары айрықша маңызға ие болып отыр.
Диплом жұмысының мақсатына Еуропалық интеграция үрдісіндегі Еуропалық Одақтың қауіпсіздік жүйесін зерттей отырып, ондағы Германияның рөлін талдау жатады.
Зерттеу міндеттері:
– ЕО елдеріндегі ішкі істер және құқық саласындағы ынтымақтастықтың деңгейін анықтайтын факторларды талдау;
– ЕО елдеріндегі ішкі қауіпсіздік жүйесінің жетілуінің негізгі бағыттарын, жалпы Еуропалық ішкі қауіпсіздік үлгісінің құрылымы мен қызметін зерттеу;
– ЕО елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың мазмұны мен механизмдері және Германия позициясын анықтау
– ЕО қауіпсіздік жуесіндегі Германияны көрсету
Зерттеудің деректік негізі. Қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін диссертациялық зерттеуде ішкі қауіпсіздік мәселелеріне арналған дерек көздерінің кең шеңбері қолданылды. Оларды қайнар көздеріне қарай бірнеше топтарға бөліп қарастырамыз.
Дерек көздерінің бірінші тобын ішкі қауіпсіздіктің саяси-құқықтық механизмінің қалыптасуы тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік беретін ЕО мемлекеттері қабылдаған заң актілері мен қаулылары құрайды. ЕО мүше-мемлекеттердің Атазаңдары, ЕО Атазаңының Жобасы, ЕО және жекелеген Еуропа мемлекеттерінің нормативті құжаттары енгізілді.
Екінші топты Еуропалық Одақ мүше-мемлекеттерінің негізгі құрылтай құжаттары құрайды. Аталмыш құрылтай құжаттар Одаққа мүше елдердің қауіпсіздік саясатының қалыптасуын қарастыруға мүмкіндік берді. Берілген зерттеудің тақырыбына сай, ЕО елдерінің және институттарының ресми жарияланған құжаттары негізгі деректер болып табылады. Олар өз алдына ЕО-тың барлық интеграциялық үрдісі мен қауіпсіздік құрылымы үшін заңдық негізді көрсетеді. Оларға ең алдымен мыналар жатады: ЕО мүше-мемлекеттері арасындағы келісім-шарттар, Біртұтас Еуропалық Акт, Еуропалық Одақ туралы Келісім-шарт, Амстердам келісім-шарттары, Ницца келісімі, осыларға қатысты декларациялар мен хаттамалар.
Үшінші топты ЕО комиссия өкілдері Р. Продидің, Ж. Мануэл Баррозудың, еркіндік, қауіпсіздік және әділет мәселелерімен айналысатын Ф. Фраттинидің, ІІМ Г. де Врис және Еуропалық Одақтың лаңкестікке қарсы күрес координаторы Х. Солананың сөйлеген сөздері мен сұхбаттары, сондай-ақ мемлекет және үкімет басшылары Ж. Ширак, Г. Коль және т.б. және көрнекті дипломаттардың және саяси қайраткерлердің еңбектері, мемуарлары құрайды.
Төртінші топ. Қазақстанда ішкі қауіпсіздік мәселесі бойынша көлемді зерттеулер мен монографиялардың жоқ екендігіне қарамастан, ЕО мәселелері және еуропалық интеграцияның алғышарттары мәселелерімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының ғалымдары бел шеше айналысуда. Еуропалық интеграцияның теориялық негіздері бойынша Ж.У. Ибрашевтың қауіпсіздік мәселелері бойынша Қ.И.Байзақованың , Ф.Т. Кукееваның , М.Ш. Губайдулинаның, А. Черныхтың , екі жақты қатынастар жөнінде К.Н. Мақашеваның, С.Ж. Сапановтың, А.С. Әлипаевтың, Б.З. Бюжееваның], және миграция мәселесімен айналысатын Ж.К. Идрышеваны , Ж.А. Атымтаеваның еңбектері ерекше орын алуда.
Дерек көздерінің бесінші тобына мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған материалдар мен ақпараттар кірді. Дерек көздерінің осы тобы ЕО елдеріндегі, талдау жасау мүмкіндігін беретін үлкен деректік материалдарды қамтиды. Бұған республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары кіреді.
Диплом жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздерін халықаралық қатынастар теориясы мен тәжірибесін талдаудың жүйелік-құрылымдық тәсілдемесі құрады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысының алдына қойылған мақсат пен міндеттерімен анықталынған. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан тұрады.
1 ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ІШКІ ІСТЕР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Шенген ережелері және ЕО-тың кеңеюі
Шенген ережелері (Schengen acquіs) Шенген келісімінен (1985), Конвенциядан (1990), елдердің Шенген тобына кіруі туралы келісімдерінен, сонымен қатар 1999 жылдың 1 мамырынан кейін қабылданған Шенгенге қатысы бар барлық құжаттардан тұрады. Осы күнге дейін қабылданған Шенген ережелері 2000 жылдың қыркүйегінде ЕО-тың «Ресми журналында» жарияланды.
Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Германия Федеративті Республикасы және Француз Республикасы үкіметтері арасындағы ортақ шекаралардағы бақылауды біртіндеп жою туралы келісімге 1985 жылдың 14 маусымында Шенген елді мекенінде (Люксембург) қол қойылды. Оның мақсаты Еуропалық қоғамдастық елдерінің бірінің визасын екінші елдің территориясында өзара мойындау, ішкі шекаралардағы бақылауды біртіндеп жою, Келісімге қатысушы елдердің, сонымен қатар ЕО-тың басқа мемлекеттерінің және үшінші елдердің барлық азаматтары үшін еркін қозғалыс тәртібін орнату болатын.
1990 жылы сол елдер Шенген келісімін қолдану туралы еркін қозғалысты жүзеге асыру шарттарын анықтайтын Конвенцияға қол қойды. Ол Екінші Шенген келісімі деген биресми атқа ие болды. Конвенцияға біртіндеп Италия, Испания және Португалия қосылды, соңынан Греция да енді. Ұлыбритания мен Ирландия келісімге қатысудан бас тартты, себебі олар миграциялық ағынды реттеу мүмкіндігінен айырылып қалу қаупіне байланысты визалық және шекаралық бақылау тәртібін сақтап қалуды қалады. Шенген аумағында үш ай мерзім ішінде еркін жүріп-тұру құқығына үшінші елдер азаматтары да ие болды, бірақ олардың кәсіби іс-әрекет жасауына тыйым салынды. Шенген келісімінде ЕО-қа мүше-мемлекеттердің саяси баспана беру жөніндегі өтініштерді талқылаудағы жауапкершіліктері де бекітілген.
Шенген елдерінің ішкі шекараларындағы бақылаудың жойылуы олардың сыртқы шекараларын нығайтуды талап етті. Осы мақсатпен Страсбургте қатысушы-елдердің миграциялық және полициялық ведомстволары арасында ақпарат алмасуды жолға қою үшін Шенген компьютерлік ақпарат жүйесі (SIS) құрылды [113]. Бұл жүйеге іздеудегі қылмыскерлер, хабар-ошарсыз жоғалған адамдар, т.б. туралы мәліметтер түседі.
Шенген келісімі бірнеше рет кейінгі қалдырылып, 1995 жылдың 26 наурызында күшіне енді. Алғашқы болып шекаралық бақылауды жеті ел жойды (Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Франция, Германия, Италия, Португалия), содан соң бірнеше жыл ішінде Шенген аумағына ЕО мемлекеттерінің Ұлыбритания мен Ирландиядан басқасының барлығы кірді. Соңғы болып 2001 жылдың наурызында скандинавиялық елдер қосылды. Шенген келісімін қабылдауды оған қол қойған мемлекеттердің кейінге қалдыруы олардың миграциялық және визалық саясаты саласындағы заңдарын үйлестірумен, полиция күштерінің өзара қызметін ұйымдастырумен, Шенген ақпарат жүйесін жолға қоюмен түсіндірілді.
Шенген келісімінің бастапқы мақсаты – Қоғамдастықтың ішкі шекараларындағы бақылауды біртіндеп жоюға қол жеткізілді, демек, қазіргі таңда басты назар сыртқы шекараларды нығайтуға, шекаралық бақылаудың, визалық тәртіптің ортақ стандартын құруға, Шенген ақпарат жүйесінің ішінде және одан тыс ақпарат алмасуға, полициялық ынтымақтастық құруға ауып отыр.
1999 жылдың мамырына дейін шенген тобын Шенген елдерінің министрлерінен немесе мемлекеттік хатшыларынан тұратын Атқарушы комитет басқарды. Амстердам келісімі күшіне енген күні комитет қысқартылып, оның құзыреті ЕО Кеңесін берілді (Ұлыбритания мен Ирландиясыз). Атқарушы комитеттің шешімдерін даярлайтын Шенген орталық тобын «36-шы бап комитеті» («үшінші тірекке» қатысты істер бойынша) және СКИФА комитеті (SKIFA – «бірінші тірек» істері бойынша) ауыстырды. Кандидат-елдердің шенген тобына қосылу даярлығы деңгейін бағалауға жауап беретін Арнайы комитет өз қызметін ЕО Кеңесі құрамындағы арнайы жұмыс тобына (Shengen Evaluation working group) өткізді [30, с. 43].
Шенген ережелері 1999 жылдың 1 мамырында күшіне енген Амстердам келісіміне қосымша Қарар арқылы acquіs communautaіre-нің бір бөлігіне айналды. ЕО Кеңесіне шенген ережелерін екіге бөлу тапсырылды: виза саясаты мен шекаралық бақылау мәселелеріне қатысты біреуі бірінші тірекке жатады, полициялық ынтымақтастық және Шенген ақпарат жүйесі туралы ережелері бар екіншісі - үшінші тірекке. Арнайы шара (Ventilation decision) көмегімен әрбір бөлім үшін заңи негіз даярланды. 1999 жылдың мамырына қарай Кеңес ойға алынған операцияны жүзеге асырды. Дегенмен, Шенген ақпарат жүйесінің жұмысына қатысты acquіs бөлігіне байланысты қиыншылықтар пайда болды. Негізінен, жүйеге байланысты мәселелер «үшінші тірек» шеңберінде реттеледі, бірақ жүйенің одан әрі дамуы екі құқықтық негізге ие болады деген шешім қабылданды – Келісімнің «бірінші» және «үшінші» тіректерге жатқызылуы мүмкін сәйкес баптары [114].
Қарарда шенген тобына жатпайтын Ұлыбритания мен Ирландияның ерекше ұстанымдары туралы да айтылады. Дегенмен, бұл мемлекеттердің шенген заңының барлық баптарына емес, жекелеген баптарына қосылуға рұқсат етілген. Сонымен қатар олар өз шекараларында бақылау жасау құқықтарын сақтап қалды. Жеке Қарар Данияның ерекше ұстанымын анықтайды.
ЕО саясаткерлері мен зерттеушілері арасында Еуропалық Одақтың сыртқы шекараларын қорғау тәсілдері жөнінде келіспеушіліктер туындап отыр. Бірқатар танымал зерттеушілердің - Дж. Батт, Х. Граббе, Л. Фриис - пайымдауынша, визалық шенген тәртібін қатаңдату Еуропалық Одақ шекараларын сенімді қорғауды қамтамасыз ете алмайды. ЕО шекаралық бақылаудың адамдардың (соның ішінде қылмыскерлер мен лаңкестердің де) Орталық және Шығыс Еуропа арқылы қозғалысын мониторингтеу мен реттеудің басты құралы ретіндегі функционалды маңызын асыра бағалап отыр деген қауіп бар [19]. Бақылауды қатаңдату алдамшы қауіпсіздік сезімін туындатады. Өте алмайтын шекара болмайды, ал жалған жеке куәліктер мен виза жасаудың өте жақсы жолға қойылған өндірісі бар. Сондықтан шекараларда құжаттарды тексеруге ғана үміт артпай, күтпеген қонақтардың ЕО өту жолдарын айқындау маңыздырақ болса керек.
2001 жылы Шенген ережелерін дамыта келе, кеңес ЕО мүше-елдерін жасырын иммигранттарды тасымалдағаны үшін санкцияларды қолдануға міндеттейтін директиваны қабылдады. 2003 жылдың наурызында Испания әуе тасымалдаушыларына қойылатын талаптар мен қолданылатын санкцияларды қатаңдатуды ұсынды, оның ішінде тасымалдаушыларды ЕО елдерінің шекаралық және миграциялық билік органдарына жолаушылар туралы жол алды мәліметтерін тапсыруға міндеттеуді ұсынды. 2004 жылдың сәуірінде тиісті директива қабылданды, бірақ ол 1990 жылғы Шенген Келісімінің 26 бабында көзделген және Кеңестің 2001/51/ЕО директивасымен толықтырылған тасымалдаушылардың міндеттемелерін және жауапкершілігін жоймады. Максималды ақшалай айыпақы кемінде (бір жағдайларда) немесе 5 мың (басқа жағдайларда) еуро көлемінде немесе директива күшіне енген күндегі ұлттық эквивалентті валютада белгіленген. Айыпақы санкцияларын қолдану тасымалдаушыны басқа санкциялардан босатпайды, мысалы, егер ол өз міндеттемелерін едәуір көлемде бұзатын болса, көлік құралын тәркілеу [12].
2003 жылдың қарашасында Еурокомиссия «Мүше-мемлекеттердің құзырлы билік органдарының үшінші елдердің азаматтарының жолаушы құжаттарында олардың мүше-мемлекеттердің сыртқы шекараларынан өтуі кезінде жүйелі түрде белігілер қою міндеті мен 1990 жылғы Шенген Келісіміне және Жалпы нұсқауға түзетулер енгізу туралы» регламенттік жобасын ұсынды. Комиссияның мұндай ұсынысы бірқатар жағдайдаларда, мысалы, шекарадан өтудің кейбір пункттерінде ұзын кезектерді болдырмау үшін; барлық жолаушылардың құжаттарын тексеру мүмкіндігі жоқ мобильді нарядтардың пойыздарды тексеруі кезінде және т.б. жағдайдарда белгілер қойылмауымен байланысты. Үшінші елдер азаматтарының жолаушы құжаттарында белгінің болмауы шенген кеңістігінде болу мерзімін анықтау және ЕО елдерінде қысқа мерзімде болу режимін бұзушыны анықтау мүмкіндігін бермейтін. Еурокомиссияның бастамасы ЕО мүше-мемлекеттердің құзырлы билік органдарының үшінші елдердің азаматтарының жолаушы құжаттарында тиісті белгі қою міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Еурокомиссия директиваның жобасы үшінші ел азаматтарының ЕО елдеріне кіруінің, қысқа мерзім ішінде тұруы мен қозғалуының жаңа шарттарын ендіруді білдірмейді деп ерекше атап өтті. Комиссияның мақсаты – ЕО елдерінде қолданылатын қысқа мерзім ішінде болуды бақылау құралдарын нығайтуда. Белгінің болмауы ЕО елдерінің құзырлы билік органдарын үшінші елдердің азаматтарының Еуроодақ аумағында жасырын тұруы туралы болжам жасауына негіз болады, бұдан тиісінше нәтижелер туындайды. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?