Кеден ісі | Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау

 Кеден ісі | Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау

Мазмұны

Кiрiспе .......................................................................................................... 4

1. Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi........................ 6
1.1 Кедендiк бақылау органдарының түсiнiгi және қызметi.................... 6
1.2 Кедендiк бақылау – транспорттық түрлерiн реттеу ............................ 10
1.3 ҚР-ң тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлiуiн бақылау.......... 16

2. Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын..20
2.1 Кедендiк сараптама – кедендiк транспорттық бақылауды жүзеге асырудың арнаулы құралы.................................................................................... 20
2.2 Кедендiк бақылауға қатысты қосымша жағдайлар .......................... 23
2.3 Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi ………....……... 27

3. Кедендiк бақылаудың ерекше мәселелерi.......................................... 33
3.1 Экспорттық бақылау саласындағы кедендiк бақылау ...................... 33
3.2 Кедендiк бақылау жүзеге асыру ........................................................... 38

Қорытынды .............................................................................................. 46

Қолданылған әдебиеттер тізімі ............................................................ 4

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.
Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.
Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.
Бітіру жұмысында Қазақстандағы кеден органдарының кедендiк бақылау қызметi кеден iсi ретiнде және кеден саясаты, соған сәйкес құқықтық қатынастар түрiндегi iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылды. Кедендiк бақылау бүгiнгi күнгi қабылданатын саяси және жеке мүдделер тұрғысынан қарастырылды және кеден iсi мен кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде кедендiк бақылау қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн байланыстыра жаздым.
Кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қолданылатын бiрыңғай кедендiк төлемдер жүйесiн алу жолымен iске асырылатын кеден саясатын мемлекетiмiздiң сыртқы экономикалық қызметiнiң бiр бөлiгi, ретiнде қарастыра отырып, жалпы мәселерiнiң, кеден саясатының мақсаттары мен кеден iсiнiң жөнге қойылуының және кеден саласының маңыздылығын диплом жұмысынан көруге болады.
Кедендiк бақылау кедендiк рәсiмдеудiң жалпы мәселерiн құрайды. Бақылау кеден органдарына жүктелген маңызды талаптардың негiзгiсi.
Кедендiк бақылауды мемлекеттiк ретке келтiру мәселерiне кеден саласы, кеден саясаты, кеден iсi, кедендiк әкiмшiлiк ету, кеден заңдылықтарының нормаларын Қазақстанның басқа заңдылықтарымен сәйкестендiру (қолданыстағы iшкi құқықтық үйлестiру), құқық қолданушылық тәжiрибесiнде сәйкес мамандарды кәсiби дайындау, қоғамдағы құқықтық механизмдi жою жатады. Кеден iсi және кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде мемлекеттiң осы сала қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн көрсетедi.
Бұл жағдайда Республиканың егемендiгiн, қауiпсiзiдiгiн, экономикалық мүдделерiн қорғайтын кеден саласындағы мемлекет қызметiмен байланысты қоғамдық қатынастарды зерттеуге қажеттi саласы кеден құқығының пәнi болып табылады.
Мемлекеттiк құқықтық реттеуге жататын кеден саласымен байланыс, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополия, экология, көлiк және басқада салаларды айтуға болады.
Бітіру жұмысы кiрiспе бөлiмнен, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi.

1.1. Кедендiк бақылау органдарының түсiнiгi және қызметi.


Еуразия құрлығының үлкен бөлігінде 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың басында тоталитарлық империя - КСРО- ның қирауы, оның аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы процесі жүріп жатты. Бұл өте күрделі процесс болып, белгілі бір мерзімді қамтыды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі құқықтық негіздің жасалуы оның КСРО құрамында болған дәуірінен басталды. 1990 жылы жарияланған «Қазақстан Советтік Социалистік Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік тәуелсіздігінің құқықтық негіздерін қалады.
Сонымен әлемнің геосаяси картасында жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеті пайда болды. Қазақстан Республикасының Конституциясында биліктің негізгі көзі оны мекендеуші, өз атамекенінде мемлекеттік биліктің қайнар көзі оны басқа да ұлттық топтар болып табылады. Қазақ мемлекеттілігінің өркендеуінің басты бағыты Қазақстанда өмір сүретін халықтардың егемендігін, тәуелсіздігін, жер аумағын қорғау, елдің экономикалық өркендеуіне жол ашып халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне айналдыру.
Әрбір мемлекет өзінің мәні мен бағытына сәйкес, өз құқық жүйесін және де сол құқық жүйесіне негізделген мемлекеттік басқару органдары құрылымын қалыпстастырады. Өз мемлекеттілігін қайта қалпына келтірген тәуелсіз Қазақстан да жаңа құқық негізде жұмыс істейтін мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыра бастады. Сол мемлекеттік атқарушы билік органдарының маңызды бір буыны- кеден органы .
Кеден органы қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың буыны болғандықтан өзінің нақты қызмет ету аумағына, өз құзіретіне ие болып отырады. Және, қазіргі жалпы әлемдік ғаламдану процесі жүріп жатқан кезеңде мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органның маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеріп, түптеп келгенде «кеден органы» түсінігінің өзі жаңаша мәнге ие болуда.
Әрбір басқару органының мемлекеттік механизмі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындайтын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі.
Кеден органдарын құрудағы басты мақсат—мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кедендік егемендік» ұғымы аясына кең ауқымдағы міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады.
Жалпы, егемендік (суверенитет-француздың «souverainete» сөзінен – жоғары билік деген ұғымды білдіреді). Мемлекеттік биліктің халықаралық қатынас саласындағы тәуелсіздігін, сондай-ақ ел ішіндегі өзге де биліктерден тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік басқару механизмінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.
“Қазақстан Республикасының Кеден Кодексiнде” Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаты келесідей айқындалады:
- Қазақстан нарығын қорғау;
- Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
- Экономиканың дамуын ынталандыру;
- Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
- Бәсекені ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
- Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
- Шетел инвестициясын тарту;
- Сауда саясаты міндеттерін шешу;
Бұл мақсаттар мемлекеттін кеден саясатына жатады. Кеден саясаты- мемлекеттік саясатын маңызды буыны. Ол заңдар, басқа да құқықтық нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асады. Демек, мемлекеттік кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт-бағдарын Президент, Парламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды. Мемлекеттік кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс-әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс-әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен. Ол құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім-шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына бақылау жасайды; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер, алымдар алып отырады, мемлекеттік кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларға жауапкершілігінің шегін белгілейді. Осы міндеттерінің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган - кеден органы құрылып, ол мемлекеттік механизмнің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттікке ие болады.
Б.Н.Габричидзе мен Н.А.Сусловтың пікірі бойынша, кеден органдары атқарушы билікттің органдарының бір түрі, мемлекеттік басқару жүйесінің буыны болып табылады, [1 бет]. «Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың мәнін ашатын қысқа анықтаулар түрінде қалыптастырылады»
деп жазады С.А Комаров. Ал кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабында: “Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функцияларды атқаруға:
- баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға;
- әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге ;
- мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс сақталуын бақылауға;
- өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз - деп атап көрсетілген.
Кеден орган түсінігі және оның өзге де мемлекеттік орган жүйесіндегі орны туралы сөз болғанда, бұл органның басқарылуы – яғни, белгілі бір министрліктердің, әдетте, қаржы, кіріс немесе күштеу ведомстволары құрамына енуі немесе Президентке, Үкіметке тікелей бағынып, жеке орган бағыныштылығы мәселесі оның атқаратын дәстүрлі (экономикалық, реттеушілік, фискалдық, құқық қорғаушылық, т.б.) қызметінің қайсысына мемлекеттік тұрғыдан басым мән беріліп отырғанын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Кеден органдары Мемлекеттік Кіріс министрлігінің қарамағында да жұмыс істеп келді. Сол кездері кеден органдарының іс-әрекетінің экономикалық бағытына басты мән беріліп, оның құқық қорғаушылық, мемлекеттің кедендік шекарасын қорғау, миграциялық саясат ісіне қатысу мәселелері 2-ші кезекте қаралып отырылды. Жалпы, Кіріс министірлігінің қарамағында болғанда мемлекеттік бюджетті толтыру, экономикалық субъектілерден өндірілетін төлемдерді, кірісті көбейтуге зор маңыз берілуі 1997-1998 жылдардағы алдымен әлемдік экономиканы, соңынан Қазақстан экономикасын жайлаған ауыр дағдарыстан, сол себепті бюджетке түсетін кірістің күрт азаюынан туындаған қадам деп ойлаймыз.
Ресей Федерациясында мемлекеттік Кеден Комитеті Федерациялық атқарушы билік жүйесінде жеке іс-әрекет ететін орган болып, Ресей Президенті мен Үкіметтің басқаруымен жұмыс істейді. Қазақстанның төңірігіндегі қалыптасқан геосаяси жағдайларды, сондай-ақ қазіргі мемлекетіміздегі экономикалық даму бағыттарын (отандық кәсіп орындарды өркендету, өзімізде өндірілетін тауарды көбейту, т.б.) есепке алатын болсақ, Қазақстанда жұмыс істейтін жеке ведомство ретінде ұйымдастырылғаны дұрыс болғаны.
Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып атқарады. Айталық кеден органдарының валюта бақылау қызметін Республикалық Ұлттық Банкімен, жалпы банк жүйесімен бірлесе отырып атқарады. 1999 жылдың 5 ақпанынан бастап өз күшіне енген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру туралы» Нұсқаулықтың 6 пунктінің 1-тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы валюта бақылауын валюта бақылау органдары мен агенттері әрекеттегі заңдарға сәйкес өз құзіреті шеңберінде іске асырады» делінген.
Кеден органдары елдің миграциялық саясатына да қатысуы мүмкін. Републиканың Ішкі Істер министрлігінің Төлқұжат жұмысы және рұқсат қағаздарын беру мен тіркеу бөлімдері кеден ережелерін бұзған адамдардың мемлекет шекарасы арқылы сыртқа кетуіне және келуіне шектеу қоюға құқылы.
Қорыта айтсақ, кеден органдары қазіргі заманғы мемлекеттік басқару механизмнің маңызды буыны болып, атқарушы билік органдары жүйесінде елдің тәуелсіздігі мен егемендегін қорғауға қызмет етеді.
Кеден органдары алдына қойылатын міндеттер мемлекеттің ішкі сыртқы экономикалық, саяси мақсаттармен тығыз байланысты болып, белгілі кезендегі стратегиялық және тактикалық мақсаттрға сай өзгеріп отыруы мүмкін.
Кеден ісін, кеден саясатын жүргізу мемлекеттің монополиясы болып, ол негізінен кеден органдары арқылы жүзеге асырылады және кеден органдары өз іс-әрекетін тек мемлекеттік басқару шеңберінде ғана жүргізеді.
Кеден органдары Конституцияда белгіленген заң шығарушы органның, Президенттің заң дәрежесіндегі норматтивттік және тиісті ведомстволар мен Үкіметтің заңға тәуелді нормативттік актілеріне, қаулы, ережелеріне сай іс-әрекет жасайды.
Сондай-ақ, кеден органдары «Кеден Кодексiне» сәйкес азаматтар мен мемлекеттің алдында Республиканың экономикалық егемендігін және экономикеалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, жеке тұлғалардың заңды құқықтары мен мүделерінің сақталуы, сондай-ақ олардың кеден ісі саласында өз міндеттерін орындауын қадағалау бойынша жауапкершілік жүктелген.

1.2 Кедендiк бақылау – транспорттық түрлерiн реттеу
Кесте 1. Көлік түрлері....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады