Журналистика | Журналистік зерттеу

 Журналистика | Журналистік зерттеу

Мазмұны

КІРІСПЕ.........................................................................................................
Журналистік зерттеудің шығу тарихы.

1 тарау
1.1. Инвестергейтер - зерттеуші журналист................................................
1.2. Шетел тәжірибесіндегі журналистік зерттеу.......................................

ІІ-тарау
2.1. Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және
қалыптасуы.....................................................................................................
2.2. Бүгінгі демократия кезеңіндегі журналистік зерттеудің ерекшеліктері.................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................
Сілтемелер тізімі................................................................................................

Отандық журналистиканың мазмұнын қарастырғанда негізінен жанрлық тұрғыдан үш топқа бөліп қарастырамыз: ақпараттық, сараптамалық және көркем-публицистикалық. Ал батыс елдерінің баспасөзі туралы айтар болсақ, айталық АҚШ-та нақты журналистика және зерттеу журналистикасы.
Журналистика әлемі – алып мұхит. Ақиқат жолындағы арпалыс пен айқасқа толы, буырқана бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал әлем. Ол күн сайын сені өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді. Ал, сол әлемнің шыңырауына түсіп кетпеу үшін де даралық пен қабілет, пайым, парасат пен байқампаздық керек. Ізденімпаз жанға нәтиже – мол, білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында келеді. Ізденіс пен азапты арпалысты өз өмірінің кредосы етіп алған журналист қауымының қалам тербемейтін, араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де іс - әрекеттерді өз жан дүниесімен сезіне өз биігінен баға беріп, ой тұжырым жасайды. Парасат әлеміндегі кейіпкерлердің көңіл – күйіне ене отырып солармен бірге тыныстап, шынайы сезім шуағына бөленеді. Осының бәрі де «шеберлік» дейтін мәнді ұғыммен етене байланысты. Шеберлік жоқ жерде ойлы да көркем дүниенің өмірге келмейтіндігі әлімсақтан белгілі. Десек те, бізде күні бүгінге дейін тележурналистикадағы жекелеген даралықтардың методологиясы тиянақты зерттеліп, қорытылған емес. Қазақ тележурналистері бұл саланың жетістіктерін толық меңгеріп, игеріп кете алған жоқ.
Шығарма материалы – қоғамдағы әлеуметтік шындық. Автор оны өз биігінде жан – жақты терең зерттей отырып, көрермендерге қызғылықты жеткізілу жолдарын іздестіреді. Ол өзгелер байқамаған және сезінбеген жайларды тауып, көре біледі. Автор мақаланы жазу кезінде тақырыпты кездейсоқ таңдамауы тиіс. Белгілі бір саладағы терең әрі жан – жақты білім иелерінің табысқа жету жолында көмекке келіп, көрермен көңіл күйін өздеріне аудару керек. Теледидардағы Р. Жәнібеков, С. Татенко, Г. Ергалиева, Ө. Жұманов, Е. Бекхожин, Д. Нысанбаев, Ж. Кененбаев және өзгелері көрермендер ықыласына бөленіп, өз кезеңінің проблемалық жайларын терең әрі жан – жақты ашып, уақыт кезеңінің ауыр жүгін арқалай білді. Себебі қиялға қанат байлаған тегеурінді толқын ой әлемдерінде сезімді ойлар ағысы үздіксіз жүріп жатады.
Тақырып – шығармадағы қаралатын мәселе. Автордың құбылысқа қатысындағы сансыз ойлары, өзінің болашақ хабарларындағы кейіпкерлері немесе ізденісіндегі қажетті жайлары. Автордың өзі көрген, куә болған жайларға кірігуі. Демек, тақырып – идеяға шығатын ойтұғыр. Қазақ теледидарындағы әлденеше ондаған, жүздеген хабарлардың бастау бұлағында да тамаша идеялар жатыр. Шағын ғана мысал. Сексенінші жылдары баспасөз құралдарында Арал теңізінің мәселесі өткір қойылып, әлемдік деңгейге дейін көтерілді. Осы мезетте, 1990 жылдың соңына таяу, теледидардың бір топ қызметкерлері \А. Ғалиева, С. Азимов, А. Алипов \ «Аралға араша» телемарафонын өткізу жайлы идеяның пісіп жетілгендігін айтып, сол кездегі Орталық Комитет пен Орталық теледидардың және Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан теледидарлары басшыларының келісімін ала отырып, көлемі 12 сағаттық телемарафон өткізуге кірісті. Сапар барысында Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан территорияларындағы Арал апатының зардаптары жан – жақты қамтылып, мәселелер Одақтық деңгейге дейін кең көлемде көтерілді. Нәтижесінде, 1991 жылдың сәуір айында идея жүзеге асып, Арал қорына 40 миллион сом ақша жиналды. Содан бастау алған осы идеяның жалғасы жыл сайын түрлі шараларға арналған қайырымдылық акцияларына ұласты.
Автордың ақыл – ойында қорытылып, толымды ойлармен қамтылмаған, белгілі бір мақсат-мүдде негізінде ойластырылмаған болса, «шулы» факті де ақыл – ойға қозғау салып, әсер ете алмайды. Көпшілігінде хабарлардағы сенсацияның өзі де бұлыңғырлыққа әкеліп соқтырды. Солай етіп, ол көрерменді толық түсінушілікке жеткізбейді, оның оқиғаға, фактіге деген ара – қатынасын туындатпайды. Қорытындысында қоғамдық пікір басқаша қалыптасады. Солай бола тұрса да көпшілігінде ондай жайлар журналистикадағы сенсация болып шығады. Мәселе сол көрермендер пікірінің қоғамға әсер – ықпалында болатынын естен шығармау керек.
Тақырып – ойластырылып, іріктелген, автор ойларына және құбылысты зерттеуге қатысты болса, онда ойлардың шешімділігі келешек шығарманың құрылымына әсер етеді. Ал, шығарманың концепсиясы тақырыптан сәл ғана кештеу өмірге келеді. Тақырыпты айғақсыз да көтеруге болады. Ал концепсия автордың ойында дәлелденген, ойластырылған жайлардан келіп шығады. Ойдан тақырыпқа дейін жарты қадам, ал концепцияға дейін толық қадам. Ең бастысы, концепция материал жинақталғанша құрылуы қажет.
Журналист өмірді көре, үйрене, біле жүріп, солардан ой тоқиды, идеяға шығатын материал жинайды. Идея да ғайыптан пайда болатын зат емес. Оған да ақыл – ойдың тоғысы мен сезімталдық қабілет керек. Идея – шығарманың негізгі ойы. Автор идеяның көмегімен өзінің тақырыпқа деген өзіндік көзқарасын білдіреді. Материалды зерттеу барысында да идея ойға келуі мүмкін. Шындығында, идея түгелімен авторға, оның ойларына, алымдылығына, сезімталдығы мен өзге де қасиеттеріне түгелдей қатысты. Тақырып идеядан ауқымды. Бір тақырыпқа бірнеше хабарлар арналса да, олардың әрбірінің идеясы бір – бірінен бөлек болуы әбден мүмкін.
Аристотель коммуникация процесі үш құрамнан: қайнар көз \источник\, хабарлау \сообщение\ және адресаттан тұратындығын айтқан. Егер сценарийдің өн бойында осылардың біреуі болмаса, коммуникация да болмайды. Демек, журналист – қайнар көз, сценарий – хабарлама, көрермен – адресат. Шындығында, осы үшеуінің тоғыса келіп, журналистика әлеміндегі ой дүниенің ойлау арқылы өрнек салып, сөзбен сомдалып, жан әлеміңді бұзып өтіп, ақыл – ойға кірігуі.
″Журналистік зерттеу″ ұғымы тәжірибелі сөз қоры ретінде соңғы кездері енді. Десек те бұл түсінік бұрыннан қолданылып келген. Бүкіл әлемге танымал жазушылар – Эмиль Золя, Марк Твен және басқалары – осы жанрдың классиктері саналады. Мысал ретінде 70 жылдары болған үлкен оқиға ″Уотергейт″ ісі, Ричард Никсонның президенттік қызметінен өз еркімен кетуіне әкеп соққан істің зерттеушілер қос американдықтың жұмыстарына сілтеме жасалды. Журналистік зерттеуді көпшілік оны жасаушы үшін «жоғары пилотаж» көрінісі деп атайтыны кездейсоқтық емес. Бүгінде бұл жанрдың репортаж, очерк, шолу сияқты өз орны бар. Бірақ, журналистік зерттеудің кейбір түсінбеушілік тудыратын ерекшеліктері де бар. Бұқаралық ақпарат құралдарында қазір «зерттеу» деп тыңдалып зерттелмеген әңгімелерден, құпия құжаттарды қолға түсіру, ашық пікірталас арқылы жазылған мақаланы айта береді.
Жалпы журналистік зерттеу дегеніміз не?
1. Жалпы журналистік әрекеттерді кең мағынадағы зерттеу деп атауға болады.
2. Журналистік зерттеу күнделікті жұмыс аяқталатын тұстан басталады.
3. Ол шенеуніктің құпиясын тікелей ашуға бағытталады.
4. Ол ұзақ уақыт бір тақырыпты зерттейді, көп ізденіс пен күш-жігерді қажет етеді.
5. Тақырып анықталған фактілер негізінде ашылады.
6. Әңгіме бір мәселе төңірегінде өрбиді.
7. Жинақталған және келісілген мақала төлқұжат нұсқасымен жарияланады.
Жобалас ереже:
″Журналистік зерттеу″- бұл өз таңдауы мен ұсынысы бойынша құрылған журналистің материалы. Әрине ол жекелеген тұлға мен ұйымдар құпия сақтағысы келген маңызды тақырыпқа құрылады. Негізгі үш элементтері: журналист, басқа біреу әлі зерттей қоймаған мәселеге зерттеу жүргізеді; біреулер қоғамнан жасырғысы келген деректерді тауып алып оқырман мен көрерменге тың мәлімет ретінде ұсынады. Бұл ″Newsday″ журналының үйлестіруші редакторы Роберт Гриннің тұжырымдамасы.
Зерттеу не үшін керек? Қоғамға қызмет ету, шындық пен әділеттілік үшін күресу үшін керек. Журналист үшін зерттеудің пайдалы жағы: беделін көтеру, қызмет орнында жоғарылау, сондай – ақ қаржылық пайда түсіру. Мысалы, зерттеу нәтижесі бойынша кітап шығару. БАҚ үшін – бұл оқырман сенімін арттыруға мүмкіндік, бұл қоғамды танып бағалаудағы әділ қорғаушының беделі. Қандай журналист зерттеумен айналыса алады? Кез келген. Тек нақты оқиғаға қатысы бар адаммен тілдесе білу, қажетті құжаттарды іздеуде бүкіл уақытын сарп етуге дайын болуы керек. Басқаның барлығы тәжірибемен келеді.
Жұмыс жоспарын қалай құру керек? Материалды жинау басталысымен зерттеу мен жоспар істері қатар жүруі керек.
Зерттеуді жоспарлаудың бағыттары:
*Атауын, тақырыбын, басты ойын, негізгі проблеманы таңдау.
*Таңдап алынған проблема оқырманды не үшін қызықтыратынын ойлану.
* Белгілі материалға қоғам мүшелерінің көзқарасы қанадй екенін жобалап қойғаныңыз да дұрыс.
* Өзіңіздің іс - әрекетіңіздің әдістерін анықтыңыз.
*Мақала қашан жарияланатынын, жалғыз әлде көп сериялы бола ма, осы жайды шешіңіз. Мүмкін суреттер де қажет болатын шығар.
*Мүмкіндіктер мен тапсырмаларды белгілеңіз. Зерттеңіз. Репортаж жасаңыз.
*Материалды жариялауға дайындаңыз.
*Жариялаудың алдында деректерді тағы бір тексеріңіз. Сосын барып материалды жариялаңыз.
*Сіздің мақалаңыз күшті пікірталас туындатса, басшылықпен жағдайды талқылаңыз.
Міне мұның барлығы журналистік зерттеуді жүргізу жұмыстарының бастамасы ғана, сондықтан да бүгінгі бітіру жұмысымда елімізде, өз тәжірибемізде бұрыннан бар, алайда қазіргі заман ағымына орай жаңа жанр болып еніп жатқан «Журналистік зерттеу» тақырыбын жан-жақты ашуға тырыстым. Шетелдік, ресейлік оқулықтармен, отандық журналист зерттеушілердің мақалаларымен танысып шықтым. «Журналистік зерттеу» атты зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден басқа екі бөлімнен және төрт тараудан тұрады.
Негізгі бөлімде 1.1. Инвестергейтер – журналист зерттеуші. Мұнда осы терминнің қайдан шыққанын, сондай-ақ осы мамандық иелерінің қызмет ерекшеліктері жайлы айтылады.
1.2. Шетел тәжірибесіндегі журналистік зерттеу. Бұл тарауда осы жанрдың қалыптасуына бастаушы болған Америка, Франция елдеріндегі журналистік зерттеу тәжірибесіндегі жаңалықтар мен қалыптасқан әдіс-тәсілдерді қарастырып, солардың сыр-сипатына үңілуді мақсат еттім.
ІІ-бөлім. 2.1. Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және қалыптасуы.
2.2. Бүгінгі демократия кезеңіндегі журналистік зерттеудің ерекшеліктері.
Қорытындыда өз жұмысымның нәтижелерін көрсетемін. Мысалы журналистік зерттеудің қиындықтары мен ерекше талаптарын ашып-танығандағы жұмыс нәтижелері...
Тақырыптың өзектілігі: Журналистік зертеу жанры демократиялық елдерде жақсы дамыған. Бұл бағытта ойын ашық айта алатын, жоғары орында отырған шенеуніктерден қорықпайтын, қоғамдағы болып жатқан оқиғаға батылы барып, өз ойын білдіре алатын журналистер ғана шын мәніндегі ерлік істерімен көріне алады. Алайда Қазақстан елінде бұл журналистік зерттеу мәселесі аздап кенжелеп қалып жатқаны жасырын емес. Сондықтан қоғамдық телеарна құру мәселесі, БАҚ туралы заңның қайта-қайта қаралып жатқан уақытында бұл саланы зерттеп өзім үшін және журналистиканы еншілеген басқа да әріптес замандастарыма қажетті ой түйіндер жасауды мақсат етемін.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Инвестергейтер – журналист зерттеуші
Журналистік зерттеу –әлі бұл салаға дайындығы жоқ журналист үшін ең қиын жұмыс, ең қауіпті сала. Тіпті криминалистикада қалам тербеп жүрген ең тәжірибелі маманның өзі жалғыз зерттеу жүргізсе, оған талай тосқауыл кездеседі. Ал егер бұл іске арнайы бір топ құрып араласса, нәтиже беріп қалуы ықтимал. Сонда ғана ақпартты жинау, оны кең көлемде реттеп, сауатты түрде тексеруге болады.
Ресейде алғаш рет мұндай мекеме – Журналистік зерттеу агенттігі деген атпен – 1986 жылы ашылды. Оны атақты публицист, «Қарақшылар Петербургі» («Бандитский Петербург») және «Жемқорлық жайлаған толы Петербург» («Коррумпированный Петербург») атты бестселлерлердің авторы Андрей Константинов ұйымдастырған болатын. Бұл мекемеге біреудің көңілі толып жатса, енді біреулері оның ұсынған қызметтерін бағаламай жатады. Кейбіреулер бұл агенттіктің қызметіндегі журналистік зерттеу әдістеріне сенімсіздікпен қарады. Енді біреулер мұндай агенттікті бұқаралық ақпарат құралдары қатарына қоспай қойды. Жалпы алғанда журналистік зерттеу тәжірибесі туралы «Батыс инвестергейттеріне қарағанда ресейлік инвестергейттердің айырмашылығы неде?»-деген сауалға, оның жетекшісі Андрей Константинов былай дейді: «Ең бастысы мұнда инвестигейттердің технологиясының әрқилылығында. Бізде бұл негізінен, қылмыс, криминал, коррупция немесе осыған жақын тақырыптар. Ал батыста зерттеу бұл біздің көзқараспен қарағанда, кәдімгі күнделікті өмірдегі жәй заттармен байланысты. Десекте біртіндеп бізде болашақта сол үлгіге жақындайтын шығармыз. Әзірге бізде үлкен проблемалар мазалайды. Өйткені батыс инвестигейттері айтатындай жақсы жағдай жоқ. Біздің елде журналист салмақты, үлкен материал дайындау барысында өзіне де пайда табу жолында жүреді. Бізде аты белгілі тұлғаға ақы төлеу әлі дағдыға айналмаған. Осыдан да орыс журналистикасының жалпы батыстан айырмасы өте көп.»/1/
Журналистік зерттеу әдісінің тууы барлық елдерде бір сәтте қатар жүрді. Ақпарат көздері де болды. Мәселен Бурцев есімін алайық. Ол Азеф ісін ашқаны үшін танымал болған. Бір мезгілде журналистікпен қатар ол тыңшы болып та қызмет еткен. Ғасыр басындағы оның төңкерісшілер мен дау-дамайшылар ортасын әшкерелуі және «Былое» журналындағы оның мақалалары журналистік зерттеудің бастауы. Тіптен Пушкиннің шығармашылығынан да осы жанрдың белгілерін табуға болады. Оның «Пугачев көтерілісінің тарихы»шығармасын алар болсақ - бұл нағыз журналистік, тарихи, публицистік зерттеу. Кез-келген сауалды жан - жақты зерттеу, бірақ бұл бір қарағанда қиын болып көрінеді. Ресейлік нұсқада бұл өте қажетті құпияның ашылуы. Инвестигейтерлер батыста тергеушіден гөрі зерттеушілер қызметіне жуықтайды. Бізде керісінше және журналистік зерттеу жасайтын мамандар өте аз. Дау-дамай қақтығыстары саяси баспасөзбен байланысты. Бұл тақырыпты түсінбеушілерде кездеседі. Егер бір адам бір жазылып алынған дауысты әкеліп беріп, сіз оны ашып, өзіңіздің түсіндіруіңізбен мақала етіп жазғаныңыз бұл әлі журналистік зерттеу емес. Бұл жұмыста ынталылық басты сауал болып табылады. Зерттеу журналистің өзінің, болмаса оның БАҚ-ның бір тақырыпқа қызығуы бойынша ықыластары бірдей болуы мүмкін. Тапсырысты зерттеу де болуы мүмкін. Бұл қалыпты тәжірибе, өйткені бұл арада бұқаралық ақпарат құралдары арасында бәсекелестік туындайды. Басқа қимыл керек, бұл жерде арнайы анықталған ережемен іс әрекет жасау керек. Зерттеу жасауға келісім беруі мүмкін, бірақ оның нәтижесі міндетті емес. Міне бір адам келіп: мен сіздердің жақсы зерттеу жасай алатындарыңызды білемін, бір тақырыпты ашып беруге көмектессеңіздер –дейдіп. Мұнда тұрған ешқандай сөкеттік, қорқыныш жоқ, егер жұмыс жүргізілетін болса, ол былай да былай жүреді. Дәл сондай адам ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!