Қазақша диктант: Қазақ тілі | Атау сыры » ZHARAR © 2016 | қазақ тілі Атау сыры диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Атау сыры




  • »

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Атау сыры

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Атау сыры казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Атау сыры на казахском языке

Өзендер сияқты таулардың да аттары бар. Түрлері қандай болса, бұлардың аттары да сондай. Құсмұрынның мұрны қораздың тұмсығына ұқсас. Біздің ауылға жақын таудың аты — Қарабура. Оның өзі ашуланшақ жалбыр шуда қара бура сияқты. Екі өркеші дәу Қарабура мойнын созып, Айнабұлақтан су ішіп тұр. Тайменденің Сарытауы — егіз боталы сары інген. Ол егіз ботасын ертіп, өріске беттеп барады. Қарақойын, Қашырлы шұбырып, Керей өзеніне келе жатыр. Көкдомбақ төңкерілген көк қазанға ұқсас.

Қозылар жаздай қозы болып жүреді. Олар тек қар жауғанда тоқты болады. Тоқтылар — қыстыгүні қойдың ішіндегі ең әлсізі, ең тоңғағы. Сондықтан тоқтыларды ең жақсы тауға қыстатады. Сондықтан сол тау Тоқтытау аталыпты. Барлық жабағы қыстан тай болып шығады екен. Сол үшін әлгі бір сары тау Тайменде атаныпты.

Бір жылғада жалғыз құдық. Бір сайдың бойында жеті құдық. Бір ойпаңның аты – Төртқұдық. Бір кең алқаптың аты — Қырыққұдық. (131 сөз)


Санат: KZ портал » Қазақша Диктанттар жинағы | | 134
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .