Саида Калыкова Тұрарбекқызы

 Саида Калыкова Тұрарбекқызы

Калыкова Саида Тұрарбекқызы – Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі
Саида 01.04.1985 жылы Орал қаласында туған. Анасы 25 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Ал әкесі – инженер-энергетик.

Саида 6 жасында №11 С.Сейфуллин атындағы қазақ мектебіне барды. 2002 жылы №21 орта мектепті және №3 музыкалық мектептті үздік аяқтады. Мектепті тәмамдаған соң, Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжге түсті. Мұны да үздік бітіріп, 2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсіп, оны 2010 жылы үздік бітірген. 2011-2014 ж. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Италияның Флоренсия қаласында магистратураны «Loude» белгісімен аяқтап, музыка академигі дәрежесін алып шығады. Қазіргі кезде Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі.

Саида бірінші сыныпқа барған кезінде әке-шешесіне айтпай-ақ музыка мұғаліміне жазылады. Ол аз уақыттың ішінде фартопианода еркін ойнайтын дәрежеге жетті. Бірақ 1994 жылғы операциядан кейін үздік оқушы көру қабілетінен айырылды.
Басына түскен қиындыққа қарамастан, Саида музыкамен айналысуды жалғастыра берді. 12 жасында өзінің алғашқы музыкалық концертін береді. 15 жасында алғашқы музыкалық шығармаларын жазған еді.

Университет қабырғасында жүріп, ол Италияның Киоджи қаласындағы шеберлік сыныбына қатысқан еді. Мектептік бағдарлама бойынша Сан-Бартоломедағы конкурсқа қатысып екінші орын алады. Осы жарыстан кейін Румыния консерваториясының ректоры Саиданы жабық конкурсқа қатысуға шақырады. Бұл конкурста пианист-композиторлар өзі жазған туындысын алып шығатын еді. Бүгінгі таңда Саиданың 15-20 шақты жеке шығармалары бар.

2011 жылы Саида «Болашақ» бағдарламасының стипендиасын ұтып алады. Одан кейін Флоренция қаласындағы Л.Керубин атындағы консерваторияға ректордың шақыртуымен магистратураға түседі

Саида қазақ, орыс, ағылшын, сондай-ақ испан және француз тілдерінде еркін сөйлейді. Бүгінгі таңда ол қоғамдық өмірге белсене қатысып, бүкіл әлемдік қайырымдылық шараларына қатысады.
- республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары: «Джованни Таленти» Италия-2008ж., «Шаг навстречу» - Ресей-2009ж .; Конкурс пианист-композиторларға арналған. К. Филча - Румыния (2009ж.).
- Қазақстан, Ресей, Италиядағы жеке концерттерін өткізген.
- Оркестрмен концерт: - Санкт-Петербург 2009 ж. Юрий Темиркановтың басшылығымен симфониялық оркестр.
- Флоренция (Италия) - 2014ж. «Пергола» театрының симфониялық оркестрі - режиссер Алессандро Пинсаути.
- Астана 2014ж. - Мемлекеттік филармонияның симфониялық оркестрі, жетекшісі Ерлан Бақтыгерей.
- Астана 2016г. - қазақ халқының әйгілі аспаптары, режиссер Нұрлан Хамзин.
- 60 концерттің, соның ішінде 10 қайырымдылық шарасына қатысқан.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі