Қызды ұнататын жігіттің белгілері қандай? » ZHARAR © 2016 | қыз бен жігіт, махаббат, қошемет сөз, дәмхана, жаттығу залы, би сізге, сізді, бірнеше, айтады, сіздің, қарағанда, қандай, болады, келеке, ұнатады, үнемі, немесе, жерде, етеді, Немесе, сөйлеседі, Мысалы, Өзіміздің, келгенде, сізбен




  • »

Қызды ұнататын жігіттің белгілері қандай?

Қызды ұнататын жігіттің белгілері қандай? казакша Қызды ұнататын жігіттің белгілері қандай? на казахском языке

Өзіміздің жігітке ұнап-ұнамайтындығымызды оңай түсінуге болады. Бірақ сіздің қандай ситуацияларда кездесетіндеріңізді білмегендіктен, бірнеше белгісін қатар келтіруге тырыстым. Олар:

1. Ол сізге қарай береді. Егер ол сізге басқаларға қарағанда көбірек қарап, жанарларыңыз бірнеше рет түйіскен болса, ол сізді ұнатады.

2. Ол үнемі сіз тұрған жерде әзіл айтады немесе сізді келеке етеді. Бұл да сізге деген симпатияның бір көрінісі болуы мүмкін. Немесе сіздің күлкіңіз оған қатты ұнап, оны жиі көргісі келеді.

3. Ол сізбен басқа қыздарға қарағанда ерекше сөйлеседі. Мысалы, басқаларымен бірдей қалжыңдасады да, сізге келгенде өзін байсалды ұстайды. Немесе барлығымен жақсы сөйлеседі де, сізге келгенде қатты абыржып кетеді.

4. Қошемет сөздерді жиі айтады. Бұл белгіні түсіндіріп жатудың қажеті жоқ шығар.

5. Ол сіз баратын жерлерден жиі көріне бастайды. Мысалы, дәмхана, жаттығу залы, би залы және т.б.

6. Ол сізге жақынырақ болғысы келеді. Мектеп асханасында сіздің жаныңызға отыру үшін барлығын жасайды.

7. Оның достары келіп сізбен таныса бастайды. Кейде жігіттер досына ұнатқан қызы туралы көп мәлімет біліп берсін деп өтініш айтады.

8. Ол сізді бірге қыдыруға шақырады. Бұл жағдайда оның сізге деген көңілінің бар екеніне күмән келтірмесеңіз болады.

Сіз тағы қандай белгілерін білесіз?


Дайындаған: Томирис Сағындық, дереккөзі


Санат: KZ портал | | 3 394
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .