8-сыныптағы геометрия курсын қайталау (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

 8-сыныптағы геометрия курсын қайталау (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы геометрия курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: 8-сыныптағы геометрия курсын қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Планиметрия бөлімінің негізгі ұғымдарын және олардың қасиеттері мен оларға байланысты формулаларды қайталау
Сабақтың мақсаты: Планиметрия бөлімінің негізгі ұғымдарын және олардың қасиеттері мен оларға байланысты формулаларды қайталау.

Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу
- Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
- Оқушыларды көпбұрыштардың көмегімен топтастыру

М: Қандай геотриялық фигураларды көріп отырсыздар?
О: №1 –Астана ғимараты, №2 – Голландиялық қызғалдақтар алқабы
М: Голландиялық гүлдер өзінің әдемілігімен және мезгілдің қай кезінде де болса өсетіндігімен аты шулы. Қазір Қазақстанда да Голландиялық әдіспен гүл өсіру шаруашылығы қолға алып жатыр
М: Осы ғимараттарды тұрғызуда қандай геометриялық фигуралар қолданылған?
О: Үшбұрыштар, төртбұрыштар, көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін сұрақ түрінде оқушылармен бірге қарастыру.
Т
Бұрынғы білетін ақпаратымызды еске түсіру мақсатында келесі тапсырманы орындаңыз.
Зерттеу жүргіз:
1. Кез келген дөңес бесбұрышты сал. Оның бір төбесін таңдап ал да, осы төбеден шығатын барлық диагональдарын жүргіз.
2. Жоғарыда келтірілгендей ұқсас пайымдауды қолданып, бесбұрыштың бұрыштарының қосындысын тап.
3. Енді алтыбұрыш пен жетібұрышты сал. Оларды бір төбеден шығатын диагональдар арқылы үшбұрыштарға бөл.
4. Кестенің бірінші жолы толтырылған. Өз суреттеріңді пайдаланып, келесі үш жолды толтыр. Соңғы екі жол саған өз бақылауларыңды қорытындылауға мүмкіндік береді.

Бағалау: келесі топ бағалайды.
Бағалау критерийлері Дискрипторлар

Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытып шығара алады; Берілген дөңес көпбұрыштардың диагоналдерін жүргізе алады
Пайда болған үшбұрыштар санын анықтай алады
Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын таба алады
Бесбұрыштың, алтыбұрыштың, жетібұрыштың ішкі бұрыштар қосындысы мен үшбұрыштар саны арасындағы заңдылықты анықтай алады
Кез-келген дөңес n-бұрыштың ішкі бұрыштарының формуласын қорытып шығара алады

Ж
Қасиеттерін анықтаңыз:
Паралле-лограмм Тік төртбұрыш ромб Квадрат
1 Диагоналдары қиылысады, қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
2 Диагоналдары тең
3 Бір қабырғасына іргелес бұрыштары тең
4 Диагоналдары бұрыштарын қақ бөледі
5 Диагоналдары перпендикуляр
6 Қарама-қарсы бұрыштары тең
7 Барлық бұрыштары тең
8 Диагоналдары тең әрі перпендикуляр
9 Барлық бұрыштары тік
10 Қарама-қарсы қабырғалары параллель
11 Қарама-қарсы қабырғалары тең
12 Барлық қабырғалары тең

Бағалау: оқушы тақтадағы дайын жауаппен келесі жұп бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

Жер телімі квадрат пішінді және 7 бірдей периметрі 24 м болатын тіктөртбұрышты жүйектерге бөлінген. Жер телімінің периметрін тап.

Шешуі:
Периметрі 24 см болатын тіктөртбұрыштың енін х, ал ұзындығын 12-х деп белгілейік. Жер телімі осындай 7 тіктөртбұрыштан құралатын болғандықтан квадраттын қабырғалары 7х және 12-х болады. Квадраттың қабырғалары тең, демек
7х=12-х
8х=12
х=1,5
Квадраттың периметрі: P = 4∙(12-1.5)=42 (см)
Жауабы: 42 см.
Бағалау: өзін-өзі бағалайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 558



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі