Қазақша спорттық ойындар


Мектептегі дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне сайыс үлгісі
Шаңырақ (жарысқа дайындық ойыны 3 минут). Отбасылар сапқа тұрады
1. Шаңырақ дегенде команда дөңгелене шаңырақ сияқты қолдарының ұшын бір - біріне тигізіп тұра қалады.
Сурет 5. Үй тігу
Уықтар дегенде бірінің артына бірі тұрып, қолын жоғары көтеріп лек болып тұра қалады.
Кереге дегенде теріс қарап, қол ұстасып жерге отыра қалады. 6 - 8 рет қайталайды. Ұйымшылдық, шапшаңдықтар көрсеткен командаларға ұпай беріледі.
2. Үй тігу эстафеталық жарысы. 3 минут (алдын ала дайындалған магнитті екі тақта тұрады, командаларға киіз үй сүйегі жабдықтарының жеке - жеке жеткілікті суреттері беріледі).
„Дайындал, үй тігуге жүгіріңдер!“ командасынан кейін отбасының әкесі жүгіріп барып табалдырықты қойып келеді. Сонан кейін 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қанат керегені отбасы мүшелері жүгіріп барып тақтаға жапсырып (жайып) келеді, керегелерде жеті ата атаулары жазылған (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене). көрсеткіштер ретімен, яғни атадан неменеге ілінеді. Бұдан кейін бақанды, сосын шаңырақ, ең соңында уықтарды қояды. Уықтарға отбасына қатысты қанатты сөздер жазылған (татулық, сыйластық, достық, мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық ж. т. б) көрсеткіштер ілінеді, сөйтіп, әр отбасы мүшелері, яғни 5 адам 3 реттен барып үйді „тігеді“.
3. Дастарқан басында отыру тәртібі эстафетасы (3 минут). Үйіміз тігілді. (ойынға екі команда үшін қажетті спорттық құралдар: 2 шеңбер, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандары жазылған 7 кеглиден 14 кегли керек). Енді дастарқан басына отбасы мүшелерін орналастыру басталады. Дөңгелек шеңбер, яғни дастарқан басына сандар жазылған кеглиді 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 жүгіріп барып өз орынына „отырғызып“, неге ол орынға отырғызғаны баяндалады. Үстелде №1 кім отырады (атасы, әкесі), № 2 кім отырады (ағайындары, ағалары, ұлдары), № 3 кім отырады (анасы, келіні), № 4 сан – қонақ (құда - құдағи, нағашы, жиен, бөле т. б) қонақтан кейін немесе қонақ келмесе тұрмыс құрмаған қыз отырады, №5 сол үйдің немесе әулеттің қыз - күйеулері, №6 табалдырық, №7 санының қасиеті - дастархан, ондағы ұлы тағам - ас.
4. Сырықпен жүру жарысы, 3 минут (әкесі, баласы сырықпен белгіден айналып өтіп келеді). Сырық – бұл қол жетпейтін үзік, туырлық киіздерін жапқанда түзу жазу үшін қажет 2 - 3 м таяқ, оны есіктің сол қанатына керегеге сүйеп қояды. Үзіктің жабдығына жеңгелер құрт, балқаймақ, ірімшіктерін кептіреді. Ал бозбалалар жеңгелерінің тәтті құрттарын сырықпен түсіріп алады да, сырықты ағаш аяқ етіп, цирк спортшылары секілді жарысып ұзап кете береді екен.
5. Арқаннан секіру. (отбасыларының барлығы қатысады, әке мен шеше арқанды айналдырады, балалары секіреді.) арқан ақ арқан, ала арқан болып ағаш үйдің белінде ілулі тұрады. Мына ала арқанның қандай қадір қасиеттерін білесіздер? - деген сұраққа бала түсінік береді. Қазақстанның кейбір облыстарында әлі де сақталған дәстүр, құда күткенде, құдаларды немесе қонақтарды сынау үшін алдарынан ала арқанды тастайды екен, неге? Түнде далаға жатқанда арқанды дөңгеленте тастап ортасына жатады екен, сонда таң атқанша шағатын жәндіктер ол шеңберге ене алмайды. Кісінің ала жібінен аттама дегенді қалай түсінесің? Себебі ала арқан ақ пен ара қой жүнінен есіледі. Қара қойдың жүнінің иісінен қара құрт қашады.
6. Киіз үйдің оң жағында. Бес тас.
7. Киіз үйдің сол жағында. Асық ойнау.
Сурет 6. Керегелер керілді
Сурет 8. Отбасы мүшелері дастарқан басына жиналды.
Сурет 9. Көз бен қол мергендігі мектебі – асық ойыны
Сурет 7. Уықтар шаншылды

Рамазанова Агуза Далабаевна
Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы 
«Өрлеу» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы, 
Жаратылыстану - ғылыми (гуманитарлық) пәндерді 
оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістері 
кафедрасының аға оқытушысы

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу​​​


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу