Балабақша ойындары

Балабақша ойындары казакша Балабақша ойындары на казахском языке


Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан.

Ойынның тәртібі:ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді.

Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады.



Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да, бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге жайлап: «Бәрі кетіп-қалды»,-дейді. Тәрбиеші көзін ашады.

Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады.



Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!» — дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады.

Нұсқау.Қапты екі қолмен лақтырулары керек.



Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б. бейнелейді.



Балалар алаңда өзді-өзі ойнап жүреді. Тәрбиеші біршеше балаларды атап шақырып, допты қуып жетуді және онымен ойнауды ұсынады. Балалардың аттарын атай отырып, тәрбиеші кезекпе- кезек әр түрлі бағыттарға допты домалатады. Әрбір бала доптың артынан жүгіріп, оны ұстап алып, тәрбиешіге келеді. Тәрбиеші бұл жолы допты басқа бағытқа қарай лақтырады.

Нұсқау.Үш жасқа аяқ басқан балалар тәрбиешінің бірнеше рет лақтырған добын қуып, қызыға жүгіруге қабілетті. Содан кейін ойынға балалардың келесі тобын тарту керек. Ойынға бір мезгілде 8-10 бала қатыса алады. Балалар бір мезгілде доптардың артынан жүгіру үшін, барлық допты бірден төгіп (домалатып) жіберуге болады. Доптың орнына резеңкеден жасалған дөңгелекті, жұмсақ қапшықты пайдалануға болады.



Тәрбиеші еденге ұзындығы – 2,5-3 м бір – бірінен қашықтығы – 25-30 см екі параллель сызық сызады (немесе екі жіпті салады). Ол балалардың орман ішінде қыдыруға баратыны жөнінде әңгімелеп береді. Жалғыз аяқ ұзын тар жолмен еппен жүру керек. Сызылған екі сызықтың бойымен балалар бірінен соң бірі жайлап жүріп келеді. Сосын кері қарай қайтады.

Нұсқау.Балалардың сызықты басып кетпеуін, бір – біріне кедергі жасамауын, алдында келе жатқан балаға соқтықпауын тәрбиеші қадағалайды.



Балалар тәрбиешімен бірге жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден ол: «Ал енді көрелік, сендердің іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне былай», — дейді (көрсетеді). Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай шегініп: «Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар тәрбиешіге қарай жүгіреді, оны қоршап алады, ал ол балалармен әңгімелеседі, олардың жаттығуды жақсы да тырысып орындағанын атап айтады.

Нұсқау.Үш жастағы кейбір балалар аяқтарының ұшымен жүрген кезде басын жасанды төмен салбыратып, иығын ішіне тартып жүреді. Оларға өздері сондай жай жүріп келе жатқан болып көрінеді. Балалардың қатесін көрсетіп, оларды жөндеуге тырысу керек.



Бөлменің ортасына таман еденге параллель екі таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м. Бөлменің бір жағында балалар тұрады, екінші жағында орындықтың үстінде жалауша жатады. Бала таяқшаларға бетін қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің айтуымен ол бірінші таяқшаға жүріп барады, онан аттап өтеді, содан кейін екінші таяқшадан аттайды. Орындыққа барады, жалаушаны алады, оны жоғары көтеріп бұлғайды. Содан кейін жалаушаны орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп жүріп, өзінің орнына келеді. Тапсырманы келесі бала орындайды.

Нұсқау.Егер бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл тапсырма балаларға өте жеңіл болып көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды, сондықтан жаттығуды күрделірек етіп өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6 таяқша немесе бірнеше құрсау тастап, балаларға олардан аттап өту ұсынылады.




Балаларбөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе скамейкаларда отырады. «Мені қуып жетіңдер»,-дейді тәрбиеші және алаңның қарама-қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп, оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін»,-дейді. Балалар өз орындарына жүгіріп барады.

Нұсқау.Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін ойнайтындардың санын 10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, жақсы жүгіретінің айтып оларды мадақтап қойған жөн.




Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында отырған торғайлар. Аланның қарама –қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар», - деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өтккенен кейін: «Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына» дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлр жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді.

Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын –ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді.




Балалар аланның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама –қарсы жағында тұр. Ол: «маған қарай жүгіріңдер.Бәрі – бәрін де маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Балалар барлығында құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрұған тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол аланның басқа жағына барып, тағы да: «Маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Ойын 4 – 5 рет қайталанады. «Үйге қарай жүгіріңдер!»- деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның ережесі бойыша тәрбиешіге қарай « маған қарай жүгіріңдер!» — деген сөзден кейін ғана жүгіруге болады. Итеріспеуге, бір –біріне бөгет жасауға болады.

Нұсқау: Ойнағысы келгендерді шағын 2 топқа бөлуге болады. Әзірше бір топ ойнайды. Басқасы қарап отырады. Сосын олар рөлдерін ауыстыралды. Алғашында балалар кез –келген орындықты иемденуіне болады. Бірте – бірте олар өз орындарын табуға үйренеді. Ойынды қайталағанда орындықтарды бөлменің әр шетіне орналастыруға болады.

Дереккөзі: erketai.kz



Көбіне ер балалар ойнайтын ойын. Далада, ашық алаңқайда немесе кең бөлмеде ойнауға болады. Қатысушылар саны шектелмейді.

Ойынныңшарты: ойын ойнаушылар шеңбер құрай дөңгелене отырады. Ойын бастаушы ортаға біреуді шақырады. Ойынға алдын-ала белбеу не есілген сүлгі даярланады. Артына қолын жасырған ойыншылар белбеуді бірінен соң біріне өткізе бастайды.

Сөйтіп, белбеу әр бағытта қолдан қолға өтеді. Мұның өзі ортада тұрған кісінің зейінін басқаға аудару мақсатында жасалады. Ыңғайы келген сәтте ойнаушылардың бірі ортадағы кісінің арқасынан ұрып қалып, белбеуді көрсетпей басқа біреуге бере қоюы тиіс. Егер ортадағы ойыншы белбеуді қағып қалса, екі ойыншы алмасады, ал ұстай алмай қалса ойын әрі қарай жалғаса береді.




Ойынға қатысушылар санына шек қойылмайды. Ойын қыста үйде. жазда таза ауада ойналады. Ойын қажетіне орамал, қолғап, басқа да ұсақ бұйымдар жарай береді.

Ойын шарты: Ойыншылар тізесін сәл көтеріп бір-біріне жақын айнала отырады. Бастаушының белгісі бойынша ойнаушының бірі орамалды көрсетпей екінші біреуіне береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойнаушылардың сырт жағында ескен сүлгі не жіп ұстап тұрған кісіге орамал көрінбеуі тиіс. Оның зейінін басқа нәрсеге аударып, жаңылдыру үшін ойыншылар «әне кетті, міне кетті» деп шуылдап отырады. Егер ойын жүргізуші орамалды ұстаған адамды дер кезінде байқап, оны ұрып қалса, екеуі орын алмасады. Ал, егер қателессе ойыннан шығып қалады немесе бастаушының яки кез келген ойын мүшесінің тілегін орындайтын болады.




Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады.

Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды.



Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің ортасында тұрады, қолдарын арқасына ұстап бір-бірімен тығыздалып тұрады.

Тәрбиеші допты (диаметрі 15 см-ден аспайтын) кімге болса да біреуіне береді, балалар оны арттарымен шеңбер жасай бір-біріне береді. Бастаушы доптың кімде екенін табуға тырысады. Ол:

«Қолыңды» деп кімге айтса, сол екі қолын алға шығарып, алақанын жайып, жоғары көтеруге тиіс, онда ол оның қолында доптың жоқ екенін көрсетеді, Егер басқарушы добы бар екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады, ал доп табылған бала ойынды басқара бастайды.

Ойынға балалардың ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана береді.



Ойынға әр уақытта 5 адам қатысады. Төртеуі екі-екіден, бірінен соң бірі тұрады. Бірінші екеу бір-бірінің қолын ұстап тұрады да, бос қолын артында тұрған екеуге созады, екінші екеу де қолдарын сондай етіп ұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің созған қолдарымен ұштастырылады.

Бесінші қатысушы — тракторшы. Ол екі-екіден тұрғандар арасындағы қолына картоннан жасалған руль ұстап тұрады. Бесеудің бәрі алаңда араласып, жайлап жүре бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан келеді.

Тара-тара-тара-ра,
Біздің бұл қораға.
Кіріп келді трактор:
«Бұл бос келді демеңіз,
Егінді жерге егеміз,
Нанға толып қырат-қыр,
Тойғызып біз балаларды
Береміз қалаш нандарды!»
Балалар ырғақпен басуды үйренген кезде, өте күшті дауыспен «жер», «егін», «балалар» деген сөздерді ерекше айта алатындай болуы керек.




Еденге немесе тегіс алаңға көлемі шағын заттарды шашып тастайды: бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар және басқалар.

Ойнаушылардың ішінен екі-үш бала таңдап алынады оларға кәрзеңке немесе кішкене шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай шарларды, текшелерді) жинай бастайды. Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан ғана алуға рұқсат етіледі.

«Тоқта!» деген белгі бойынша заттарды жинау тоқтатылады да, кім көбірек жинағанын санайды. Содан соң қалған жұп балалар жарысады. Ойынға қатысқысы келгендердің саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана беруіне болады.




Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.

Әдемі шеңберде,
Билейік кең жерде.
Қолдармен ұстасып,
Бәріміз жұптасып.
Бірігіп достасып,
Бір орында ұстасып,
Осылай етіп істейік.

Мәтінді айтып бітер кезде балаларқол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді.

Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.

KZ



KZ, білім күніне арналған ойындар, балабакша ойындары, балабақша ойындары, балабақша ойын түрлері, Арқан тарту, Жай жүріп өт, Шеңберге түсір, Ормандағы ақ тиіндер, Айгөлек ойыны, Тракторшылар, Орамал тастау, Торғайлар мен автомобиль, Мені қуып жетіңдер, Таяқшадан аттап өт, Жалғыз аяқ жолмен, Допты қуып жет, Пойыз, Ойын: кім баяу, Маған қарай жүгіріңдер, Белбеу тастау, Кетті-кетті, Ойын: доп кімде?, Кім заттарды көбірек жинайды?, Ойын бастаушылар (тура шын ойлану), Қалпақ және кішкене таяқша, Айгөлек, Табан балық және шортан, балабакша ойындары балабақша ойындары балабақша ойын түрлері Арқан тарту Жай жүріп өт Шеңберге түсір Ормандағы ақ тиіндер Айгөлек ойыны Тракторшылар Орамал тастау Торғайлар мен автомобиль Мені қуып жетіңдер Таяқшадан аттап өт Жалғыз аяқ, Балабақша ойындары