Күйеуімнің көңілінен қалай шығамын?

Күйеуімнің көңілінен қалай шығамын?

Оқырман: «Қадірлі әйелдерге арналған сайт, кеңестеріңіз өте қажет. Маған күйеуімнің көңілі толмайды. Өйткені, не істесем де мүлде ұнатпайды, «істеген ісіңнің бәрі кемпірдікі сияқты»-, дейді. Төсекте де көңілінен шықпаймын, ал ол туралы біреуден кеңес алуға ұяламын. Кейде мені, кемсіткеніне налығанда ажырасып кеткім келеді. Бірақ балаларымды толыққанды отбасында өсіргім келеді. Айтыңыздаршы, қайтіп отбасымды сақтай аламын? Сіздердің кеңестеріңіз ауадай қажет!»

Қазақ әйелдері төсекте өте ұяң. Оларды мазалайтын жайттар өте көп болғанымен, көбінде жұмған ауыздарын ашуға құлықсыз. Біз оны жақсы білеміз! Сондықтан да, бүгін осы төңіректегі хаттарға жауап беру мақсатында еркектерді қалай елітуге, сұрауын қалай қанағаттандыруға болатынын айтқымыз келеді.

«Мен бұл істі сүйемін!» Әрі қарай бұл кеңесті таратудың қажеті жоқ сияқты. Сізге жыныстық қатынасқа түсу ұнаса, «ойынды» түрлендіріп отырыңыз. Өзіңіздің еркекке деген ниетіңіздің бар екенін сездіре отырып, оны аймалаңыз. Әйел түн ауғанда қылымсып ашынаның рөліне енуі тиіс.

Сүйкімді дене. Әйелдердің басым көпшілік бала туғаннан кейін өздерін күтуді ұмытады. Олар үшін жыныстық қатынасқа түсу тек — бала жасау. Жооқ, біз бұны қайталап айтамыз! Секс — ол сіз ләззат алатын «аймақ». Сүйіктіңіздің жанында тап-таза, нәзік арудың сызылып жатқаны өзіңізге де жағымды емес пе? Сол үшін артық салмақтан арылыңыз. Әрі үнемі таза жүріп, теріңізді жақпа майлармен нәрлендіріп отырыңыз.

Киіміңізге мән беріңіз. Асханада киген киіміңізбен төсекке жата кетпеңіз. Ерінбей, арнайы киім ауысытырыңыз. Жатқан кездегі киім еркектің есінде қалатындай болса тіпті, жақсы. Қазір, дүкеннен оның мыңдаған түрін табуға болады.

Сүйе білу. Біздің әйелдер еркекті қалай сүю керек екенін білмейді. Олардың ойынша:»бәрін тек еркек жасау керек». Бұл тұста да қателік жіберіп жүрсіз. Дұрысы еркекті жәй ғана емес, шымшып, тістеп сүю керек. Оларға солай ұнайды. Сіздің дем алған дыбысыңызға дейін оны ынтықтырып тұруын қадағалаңыз. Бірақ ойыңыздың бәрі «Мен дұрыс істеп жатырмын ба?» деген сұрақтың соңына түсіп кетпесін.

Аймалай білу. Өз серігіңізді «есінен тандыру» үшін массаж үйреніп алу да артық етпейді. Оған ұнайтын жерлерін сипап, уқалаңыз. Сүйіктіңіздің қай жеріне массаж жасаған ұнайтынын білмесеңіз, өзінен сұрап алуға ұялмаңыз. Еркектер өзінің қалауын орындағанда ғана қанағаттанады.

Музыка. Егер, сүйіктіңізден ұялатын болсаңыз, ақырын әуен қосып қоюға да болады екен. Ол екеуіңіздің сүйікті әндеріңіз немесе бір оқиғаға байланысты есте сақталған әуен болуы да мүмкін.

Және, «ойын» біткен соң, ешқашан теріс қарап жатып қалмаңыз. Оған еркелеп, жанасып үйреніңіз. Иеңіздің өзіңізге керек екенін сезіндіре біліңіз. Әрі оны мойындауға ұялмаңыз.

Бір қарағанда бұл айтылғанның барлығын ешкім үйретіп отырмаса да білетін тәріздіміз. Ал шынтуайтына келгенде, көпшілігін орындай бермейміз. Ерлі-зайыптының арасын суытпай, бір-біріне деген тұрақтылығын сақтауда біз ұсынған кеңестің маңызды екенін естен шығармаңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі