Бірлік туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Бірлік" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Бірлік" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Бірлік" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Бірлік" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 71
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 31
Өлеңдер: 55
Нақыл сөздер: 23
Құттықтау, тілектер: 4
Баталар: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 4
Эсселер: 1
Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.
Кеңеспен пішкен киім кең де болмайды, кем де болмайды.
Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік.
Күш бірлікте.
Түйін бір қолмен байланбайды,
Бір қолмен шешілмейді.
Бір қолмен шешілмейді.
Кеңесіп кескен қол ауырмас.
Ынтымақтың түбі - игілік,
Тірлік түбі - бірлік.
Тірлік түбі - бірлік.
Ерлік түбі бірлік.
бірлік, қазақ мақалы
Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады.
Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің құйрық, біреуің қанат бол.
Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ.
Бірлік бар жерде - тірлік бар.
Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді.
Байлық, байлық емес, бірлік байлық.
Әрне көрсең тірлікте, сыйласқан жақсы бірлікте.
Алты бақан, ала ауыз.
Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды.
Айрылыссаң - азарсың, қосылсаң - озарсың.
Сыртқы жаудан ішкі жау жаман.