Тамақ туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Тамақ" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Тамақ" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Тамақ" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Тамақ" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 254
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 14
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 31
Құттықтау, тілектер: 1
Әңгімелер: 12
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Соғым басы — елдің асы,
Наурыз асы — жердің асы.
Барында батып іш,
Құрт, майыңды қатып іш.
Ауырсаң айран іш,
Сіңірің түйілсе сүт іш.
Қонақ айтпай қонады,
Қоңсы айтпай кіреді.
Аштың көңілі ақ ұнда,
Тоқтың көңілі сағымда.
Гүл сабағымен қадірлі,
Ас табағымен жарасты.
Табақ асымен жарасты,
Кәрі жасымен жарасты.
Қарның ашса,
Қазаншының қасына отыр.
Ерке сөйлеп,
Етегін басып отыр.
Балдан тамады,
Бардан жұғады.
Жауын бар жерде
Қақтың қадірі жоқ.
Қауын бар жерде
Ақтың қадірі жоқ.
Тары түйіп көже асқан —
Тапшылықтың белгісі,
Кісен сап, ат байласқан
Сақшылықтың белгісі.
Еттің бәрі қазы болмас,
Иттің бәрі тазы болмас.
Ертеңгі асты өзің іш,
Түскі асты түстенгішпен бөліп іш,
Кешкі асты жиналып көбің іш.
Асықтың етін
Аштан өлсең де жеме,
Тобықтың етін,
Тойып отырсаң да тастама.
Тарысы бардың — тақаты бар,
Құрт, майы бардың — рахаты бар.
Қауыны бардың — сауыны бар,
Тілігі бардың — тынымы бар.
Айран ішкен құтылар,
Аяқ жалаған тұтылар.
Тауы жоқ болса, тасқа қорлық.
Жеушісі жоқ болса, асқа қорлық.
Дәм мен дидар ғанибет.
Табақты үйдің тауығы —
Қос жұмыртқа туады.
Барыңды үндемесең,
Жоқшылыққа бір соққы.
Тұзсыз май татымсыз,
Қантсыз шай татымсыз.
Жұтаған жұртын мақтар,
Жұғымсыз құртын мақтар.
Қағанағы жарылған,
Уызын мақтайды.
Торсығы жарылған,
Қымызын мақтайды.
Сарымсақты жедің бе,
Сырқатқа ем дедің бе?!
Нармаяның шуаты —
Нартүйенің қуаты.