Бірлік күні туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Бірлік күні" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Бірлік күні" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Бірлік күні" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Бірлік күні" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Тақпақтар: 87
Өлеңдер: 19
Құттықтау, тілектер: 63
Баталар: 9
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 9
Эсселер: 9

Орнап бақыт, береке (сурет, фото)
Құтты болсын бірлік күні кеп жеткен, Айналаны шуақты да гүлді еткен. Орнап бақыт, береке елімізде, Ынтымақты күн болсын күлімдеткен. Жібек Искакова
©  Бірлік күні
Бірлік күніне тілек - сурет фото
Келіп жеткен ағайын ортамызға, Бірлік күні сыйласын қуанышын! Түрлі ұлттар тату боп елімізде, Ортаймасын елім оу қуанышың! Жібек Искакова
©  Бірлік күні
Бірлік күні құтты болсын халайық! (сурет, фото)
Есік ашып келетін мамырда бұл, Бірлік күні құтты болсын халайық! Бірлігің мен ынтымағың жарасып, Сыйластықта татулықта болайық! Жібек Искакова
©  Бірлік күні
Бірлігімнің айнасы
Кірлемесін, дақ түсіп, Бірлігімнің айнасы. Бойымызға дарысын, Татулықтың жайлы асы.
©  Бірлік күні
Бұзылмасын қаймағы
Татулық пен сыйластық, Ынтымағың жарасып. Бұзылмасын қаймағы, Бақ-береке жанасып.
©  Бірлік күні
Бірінші мамыр мереке
Бірінші мамыр мереке, Ынтымақты бірлік күн. Түрлі ұлттар өкілі, Достастығы халықтың.
©  Бірлік күні
Бірлігіміз жарасып
Құтты болсын мереке, Бірлігіміз жарасып. Ынтымақ пен сыйластық, Бірге жүрсін жанасып.
©  Бірлік күні
Тыныш болсын еліміз
Көп ұлттардың мекені, Тыныш болсын еліміз. Ынтымақ  пен бірлікте, Тыныш болсын жеріміз.
©  Бірлік күні
Есте қалар күн осы
Есте қалар күн осы, Бірлік күні ғажайып. Мерекеде шаттана, Әсем әнге салайық.
©  Бірлік күні
Болсын бәрі бақытты
Бірлік күні жанданып, Болсын бәрі бақытты. Мерекеде жүріңіз, Жақсы өткізіп уақытты
©  Бірлік күні
Бұзылмасын бірлігім
Қазақстан  елімде, Бұзылмасын бірлігім. Құтты болсын мереке, Естен кетпей бұл күнім.
©  Бірлік күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Шаттық болып енейін. Сіздер үшін ұстаздар, Тақпақ айтып берейін. Құтты болсын мерекең, Ынтымаққа бастайтын. Шынайылық жалғасып..
©  Бірлік күні
Құтты болсын мереке
Әр жыл сайын келетін, Құтты болсын бірлік күн. Ынтымақ пен жарассын, Таусылмайтын бірлігің.
©  Бірлік күні
Құттықтаймын әкешім
Асқар тауым Әкешім, Тәрбие берер біздерге. Бірлік күні құттықтап, Бас иемін сіздерге. 
©  Бірлік күні
Құттықтаймын анашым
Бүгін бірлік күнімен, Құттықтаймын анашым. Ынтымаққа бастайтын, Анашым сен дарасың. 
©  Бірлік күні
Еркелейтін  аташым (атама
Құтты болсын мереке, Еркелейтін аташым. Ынтымақ пен бірлікті, Тілеп әркез жатасың.
©  Бірлік күні
Құтты болсын  мереке (әже
Әжетайым, асылым, Құтты болсын мереке. Бірлік күні бүгінгі, Сыйлап бізге береке.
©  Бірлік күні
Бүгін бірлік күнінде
Шаттанайық,  қуанып, Бүгін бірлік күнінде. Би білейік ән айтып, Сыйласып біз күніге.
©  Бірлік күні
Құтты болсын мерекең
Бірлік күні осы күн, Құтты болсын  мерекең. Ұйғыр,  тәжік,  барша ұлт, Артсын деймін берекең.
©  Бірлік күні
Тақпақ айтып берейін
Мерекеде бүгінгі, Тақпақ айтып берейін. Бірлік күні сіздерге, Шаттық үнін себейін.
©  Бірлік күні
Бала жүрек үндесін
Бала жүрек үндесін, Бірлік күні сіздерге. Айтсын рахмет,  алғысын, Ата-әжелер біздерге.
©  Бірлік күні
Бірлік күні жалғассын
Біздер үшін ғажайып, Мереке бұл бірлік күн. Кел билейік балалар, Сыйластықта етіп үн. Әнді айтып берейік, Жиналған көп қауымға. Биді билеп берейік..
©  Бірлік күні
Мен бақытты баламын
Бірлік күні туылған, Мен бақытты баламын. Ынтымақты ту етіп, Айтқан тілді аламын. Бірлік күні туылған, Мен бақытты баламын. Сыйластықты жырлатып..
©  Бірлік күні
Жүрегіңе енемін
Бірлік күні мереке, Тақпақ айтып беремін. Қылығыммен тәп-тәтті, Жүрегіңе енемін.
©  Бірлік күні
Сіздер үшін өлеңім
Сіздер үшін айтылар, Ән мен жырым,  өлеңім. Бірлік күні ғажайып, Көңілге күй беремін.
©  Бірлік күні