Сақтық туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Сақтық" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Сақтық" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Сақтық" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Сақтық" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 63
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 13
Нақыл сөздер: 12
Баталар: 1

Жамандықты жасырма,
Жаманды басыңнан асырма.
Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан.
Сақтықты сұңқардан үйрен!
Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.
Мың жаудан бір жансыз жаман.
Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.
Жауды аяған-жаралы.
Бәледен машайық та қашыпты.
Айтқан жерде бәле жоқ,
Ақ жүргенге жала жоқ.
Қауіп қайдан болса
Қатер сонан.
Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.
Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.
Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.
Айла — алтау,
Ақыл — жетеу.
Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында.
Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.
Жарақтыда жау жолықпас.
Сақтықта қорлық жоқ.