Бағдарламашы туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 30
Өлеңдер: 5
Құттықтау, тілектер: 30
Шығармалар: 5
Эсселер: 5

Құтты болсын мерекең
Құтты болсын мерекең, Бүгінгі бұл кеп жеткен. Мамандары Айтидің, Күнің көп боп тербеткен.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Оныншы бұл қараша
Айти қызметкерінің, Күні күзде тойланар. Оныншы бұл қараша, Көңіліңіз жайланар.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Оқиық біз Айтиді
Оқиық біз Айтиді, Заманның бұл талабы. Компьютерді білсеңіз, Білімдісіз даналы.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Айти маман керек ақ!
Айти маман керек-ақ, Көңілге күй береді-ақ. Оқып, біліп, үйренгім, Расыменде келеді-ақ.. Айтидің бұл заманы, Ғажайып бір береді ат.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютер жарық ғалам
Компьютер жарық ғалам, Қолданатын барлық адам. Мол табысқа кенелесіз, Болсаңыз сіз Айти маман!
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Мен де сіздей боламын
Мамандары айтидің, Компьютерді меңгерген. Мен де сіздей боламын, Компьютермен тербелген.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Технология заманы
Технология заманы, Есік ашқан бұл заман. Компьютер, бағдарлау, Маңызы бар бұл заман.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
10 қараша бүгін
Оныншы қараша бүгін, Күні Айти маманы. Түрлі істі бағдарлау, Істердің бұл адамы.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютермен біргемін
Компьютермен біргемінҮйреніп ап бағытын. Айти жолын таңдаймын, Тауып өмір бақытын.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Айти берер мол табыс
Айти берер мол табыс, Айти берер қорғаныш. Компьютер заман талабы, Бізге керек қолдағы іс.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютерсіз күнің жоқ
Компьютерсіз күнің жоқ, Мектепте де компьютер. Аруханаға барсаңыз, Тағы шығар компьютер. Компьютерді білмеуің, Оны ұстап көрмеуің. Байланысты Айтиге..
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютер заманы
Компьютер заманы, Соған қарай адамы. Білу керек біз оны, Бұл заманның талабы.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Бағдарлаушы боламын
Сайтты жасап, үйреніп, Бағдарлаушы боламын. Компьютерді меңгеріп, Биік шыңға қонамын.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Айти қызметкері боламын
Мен өскенде Айтидің, Қызметкері боламын. Оқып әрбір бөлімін, Толған айдай толамын.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютерді оқимыз
Айти жолын бағдарлап, Компьютерді оқимыз. Әр жазбасын зерделеп, Көңілге оны тоқимыз.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Сіздер елдің адамы
Бағдарлаушы мамандар, Сіздер елдің адамы. Істеріңіз ел үшін, Көңілді күй, бағалы...
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Көңіліңіз жанданып
Бағдарлама жасаушы, Бар жақсыны тілеймін. Көңіліңіз жанданып, Аман-есен жүр деймін!
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Компьютерші әпкелер
Компьютерші әпкелер, Сіздерге кім тең келер. Әр ісіңнің жемісін, Риза болған ел берер.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Бағдарлама жасауда
Бағдарлама жасауда, Барын салар мамандвр. Істеріңіз оң болсын, Түсініп ел бағамдар.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Бағдарлаушы ағалар
Бағдарлаушы ағалар, Істеріңіз оң болсын. Жаны жайсаң әпкелер,. Несібеңіз мол болсын!
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Сіздердей мен боламын
Бағдарлаушы мамандар, Мен сіздердей боламын. Бағдарлаудың жолында, Толған айдай толамын.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Компьютер маманы
Компьютер маманы, Жанданыңыз әрдайым. Бағдарлама жасауда, Іс оң болсын жоқ уайым!
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Қызыметіңіз жанданып
Бағдарлаушы мамандар, Істеріңіз оң болсын. Қызметіңіз жанданып, Саулығыңыз зор болсын!
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Шаттықты боп жаныңыз
Шаттықты боп жаныңыз, Әр күннен бақ табыңыз. Бағдарлаушы мамандар, Атсын сәтті таңыңыз.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Мамандары айтидің
Мамандары айтидің, Ел алдында жүретін. Сәтті болсын ісіңіз, Компьютерді білетін.