Шалбар туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 4
Жұмбақтар: 8
Өлеңдер: 1
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 1

Таңертең тұрдым,Екі сайды құдым.(Шалбар)
Талтаймашқа мен талтайдым,
Талтаймаш маған талтайды.

Жауабы: Шалбар
Таңертең тұрдым,
Айырыма міндім.

Жауабы: Шалбар
Күндіз толады,
Түнде солады.

Жауабы: Шалбар
Азанда тұрдым,
Екі сайды қудым.

Жауабы: Шалбар
Ерте тұрдым да,
Қос жолға түстiм.

жауабы
Шалбар
Аузы бiр –
Қос құбыр.

жауабы
Шалбар
Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.