Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  307


Автор: Олжас Сәндібек

Жазылған əрбір жырымның бəрі...

Жазылған
əрбір жырымның бəрі,
Тең болмаса да
сұрапыл отқа.
Ешкімге айтпаған
сырымның бəрі,
Кішкентай осы
блокнотта.
Өмірден
əрбір түйгенімді де,
Көңілімді де
досымнан қайтқан.
Ғашық боп,
қызды сүйгенімді де,
Бүкпесіз
бəрін осыған айтқам.
Жазылған
əрбір жырымның бəрі,
Тең болмаса да
сұрапыл отқа.
Ешкімге айтпаған
сырымның бəрі,


Кішкентай осы
блокнотта.
Өлеңге анық
жақын екенім,
Бір өлең жазу
Мұратым едің.
Олжастың
қандай ақын екенін,
Бір білсе білер
блокнотым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу