Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  518


Автор: Олжас Сәндібек

Мен туған ауыл...

Мен туған ауыл
жыр тұнған Сырдың бойында,
Тасыған Сырдың
құдіреті бар бойымда.
Əбділда,
Манап,
Сырбайды тапқан Сыр елі,
Мені де достым
күдіктенбей-ақ мойында.
Пенделігіңе бой ұрма!
Жалын жыр жазсам
анамнан солай туғанмын,
Қаламымды алып
қара өлең жолын қуғанмын.
Бірі де емеспін
сен ойлағандай сумаңның,
Намысым – найза,
найзалы жырмен туды алдым.
Тарылмақ емес
тасыған жырдың арнасы,
Жылғалай берер
сарқылмас Сырдың жалғасы.


Жалынды жырым
жүрекке жетіп жатса егер,
Шабытты туған
от жүрегімнің арқасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу