Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  95


Автор: Ақылбек Манабаев

Тағат таппай елігіп тым...

Тағат таппай елігіп тым,
Жетегінде сері үміттің
Уәделі жерге тағы бұрын барып,
Күттім ұзақ, жан сәулем, сені күттім.
Тыныштық құшағына шомылып түн,
Жұлдыздар кірпігінен төгіліп мұң,
Қабырғам сөгіліп бір,
Сені күттім...
Келмей қалдың,
Үмітім өлмей балғын,
Жанып тұр кеудемде әлі,
Мен ойладым
Тек өзіңмен жүздесуді.
Сен не ойладың..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу