Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  254


Автор: Танакөз Толқынқызы

ӘНҰРАН

Жасасын бандиттер! Қарақшы ұрылар!
Жалғыз һәм мейлі олар топ болсын
діні қар
Бір қара таппай жүр сүйкеніп ұрынар,
Олардың біздерде алынбас құны бар.
Құтқарып қалады ол кең байтақ жерменен
Құтқарып қалады ол біздің жан Отанды,
Маңызды түр жасап, маң басқан әртісті
Қасына жияды ол, басқа оның кімі бар?
Тәртіп орнатады,
Әлсізді қорғатады,
Тауларды орнынан қозғайды ірі, нар
Осының барлығын, шыныда, кім ұғар?
Жалғыз һәм мейлі олар топ болсын
діні қар
Ғажайып бандиттер! Қарақшы, ұрылар!
Тезірек, тезірек келіссөз бастайық!
Бірінші болып біз ұсыныс тастайық.
Өздерін бөктіріп алтын мен күміске
Біздерді ұмытып, қашпасын қасқайып.
Сүйікті, сүйкімді, керемет, данышпан,
Атағы айқайлап тұратын алыстан,
Ұлы һәм құдіретті, өміршең өлмейтін,
Әні де жаңғырып жататын ғарыштан
Жалғыз һәм мейлі олар топ болсын
діні қар
Ғажайып бандиттер! Қарақшы ұрылар!
Танымал бандитке ескерткіш қоямыз,
Жаны бар бандитке ескерткіш қоямыз,
«Ары» бар бандитке ескерткіш қоямыз
Бәрі бар бандитке ескерткіш қоямыз!
Белгісіз бандитке ескеркіш қоямыз,
Адам деп сенгісіз, жақсыға бергісіз,
Көргісіз бандитке ескерткіш қоямыз!
Отырып тұрғаны, ұшқаны, жатқаны,
Күлгені, жүргені, мұхитқа батқаны,
Аппағы, қап-қара қожалақ сатпағы,
Жарқырап нұр шашып тұратын шақтары
Бәріне ескеркіш қоямыз аямай,
Жеріміз жетеді болса да аядай.
Ескеркіш орнатып шапалақ ұрамыз
Бандиттер жайында айтамыз мың аңыз.
Данышпан бандитке ескерткіш қоямыз,
Қарысқан бандитке ескерткіш қоямыз,
Құдаймен алысқан бандитке
ескерткіш қоямыз,
Байлық жинауда
Жарықпен жарысқан бандитке
ескерткіш қоямыз,
Жоғары мәртебелі, данышпандардың
данышпаны
Арыстан бандитке ескеркіш қоямыз,
Билікке өлердей жабысқан
бандитке ескерткіш қоямыз!
Ең жақын, ең ыстық ұрының ұрысы,
Бандиттің бандиті деу керек дұрысы.
Өздерін алтын мен күміске бөктіріп,
Біздерді жетім ғып мың азап шектіріп
Қалдырып кетпеді. Рахмет сол үшін...
Қалдырып кетпеді. Неткен бұл тектілік!
Жалғыз һәм мейлі олар топ болсын
діні қар
Еңбегі сіңгендер, қайраткер, ұлы, нар
Жасасын бандиттер! Жасасын ұрылар!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу