Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  81


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

МОЛДАҒА

Жан шошыр, өлім қалың халайықта,
Молдалар ысқат підиә алайықта.
Өлгендерді жуайын, олжа алайын,
Мені кіргіз тәуібіне ылайық-та.
Деп айтып, сыбырлап та, жекелеп жүр,
Жаназа оқып алсам деп қарасын бір.
Олжалас қылса, мені, мен алсам деп,
Жемтік көрген құзғындай қылқыңдап тұр.
Молдалар зыр жүгірді дәрет алып,
Өлікке молда риза, халық налып.
Дәл осы ниетпенен пыдиа алған,
Бір қанша молда көрдім, мұным анық.
Нәпсім-ау, көремін ғой сенен жапа,
Аларда теке-жезде, ешкі-апа.
Әр жерде ыбыр-сыбыр, жылдам жүріс,
Қиянат істеріңнің бәрі қата.
Өзі өлгісі келмейді олжа алуда,
Пайда іздеп, сыбырлап, сөз салуда.
Аз берді, көбірегін анау алды


Деп кейіп, құлқы жаман бос налуда.
Осылай жүргендер көп дүние кезіп,
Нені сүйер, нені ойлап, неден безіп?
Берік ниет, хақ көңіл көре алмадым,
Білмедім не парлаған, нені сезіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу