Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  62


Автор: Исраил Сапарбай

ҚАРҒЫС

Өсiрiп айтсам, кеш, елiм,
Өршiп тұр өрттей кеселiң.
Өмiрем қапса болмай ма,
Өз әнiн «әңгi» десе кiм?!
«Өз үйiң – өлең төсегiң»,
Өз елiң – мерей, меселiң.
Өмiрем қапса болмай ма,
Өз тiлiн өгей десе кiм?!
Өзеуреп едi кеше кiм,
Өзiнiң ойлап есебiн?..
Өмiрем қапса болмай ма,
Өз етiн жұлып-жесе кiм?!
Өзiңнен туған «бәтшаның»
Өзгеден бұрын қақ шаңын!
Өмiрем қапса болмай ма,
Өз жерiн жатқа сатса кiм?!
Өгiзше өксiп батса Күн,
Өлмейтiн күннiң жақ шамын!
Өмiрем қапса болмай ма,
Өздi-өзiн иттей қапса кiм?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу