Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  40


Автор: Исраил Сапарбай

АШЫНУ

«Жаратқанға» бүгiнде пенде айналып,
Жата алмайды төсекте Жер жайланып.
Көзiмiзге көрбiлте – шер байланып,
Белгiсiз бiр сапарға бел байладық...
Балық емес,
Түскендей жаның ауға
Тәңiрдi де айналдық танымауға.
Көгенiнен ағытқан қозы-лақтай
Жұрттың бәрi жан-жаққа жамырауда.
Қас қарайып,
Көрiнбей аспан анық,
Бұлдырайды алыстан асқар алып...
Жолыға ма бiр қара адасқанға?
Соғыла ма басымыз тасқа барып?..
Қара түнде тал таппай қарманарға,
Қара басым айналды-ау арлан аңға!
...Ей, Тәңiрiм!
Не дауа,
Тал басынан
Аппақ қарға сарыған қарғаларға?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу