Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  174


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

...АЙДАН СҰЛУ МҚАНГҮЛ

Айдай сұлу, айдан сұлу – Мқангүл!
Ай астында мен күлгенде, сен де күл.
Мерке таудан келе жатыр күн шығып,
Мен отырмын сезіміме тұншығып...
Таңды мақтап, әнге басса бұлбұлдар,
«Сарыжайлаудың» күйін тартты тіршілік.
Мен отырмын сезіміме тұншығып...
Мерке таудан келе жатыр күн шығып...
Оятты ма табиғаттың бал үні?
Жүрегімнің басылмай тұр жалыны.
Менің асау жүрегімді емдейтін,
Бір өзіңде – дауасы мен дәруі...
Жүрегімнің басылмай тұр жалыны.
Оңашада айттым сені ән қылып,
Мерке тауға асылғанда ай күліп.
Кетсем бе екен тасқа соғып басымды,
Мәжүнідей Бетпақ шөлге қаңғырып.
Аямады жүрегімді ол-дағы,
Қара бұлтқа бетін басты ай кіріп...
Жараланған менің қыран жүрегім,
Мерке тауға қона алмайды білемін.
Алматыдан талпынады аспанға,
Жараланған менің қыран жүрегім!
Дауасы да дәруі де бір өзің!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу