Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  84


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ТАҒЫДА ШЫРҚАП ЖІБЕР КӘНЕ, ЖІГІТ!

Тағы да шырқап жібер кәне, жігіт!
Барады тән шымырлап,
Жан егіліп!
Қара шашым –
Қара түн қар шалмаған,
Қарайды сұлу қыздар дәме қылып...
Жалған жар қайрылмайды,
Мәңгі ұмытты!
Кім сенің жаныңдағы зарды ұғыпты?
Бос белбеу, бота тірсек бозбаладан,
Қыздар тәур көреді кәр жігітті...
Əлі есімде – он жылдық партасында,
Бұрымы бұлаңдаған арқасында.
Алаңсыз отырғанда айдай ару,
Жүрегімді салғанмын қалтасына.
Өткен күнді жыл жылжып,
Тасалапты!..
Абыржумен хат күттім аса қатты!
Алға қойған арманы –
Бестік баға,
Класком қыз қайтеді махаббатты!?
Көктеме еді жайнаған шие гүлі!
Жаздым білем: «сүйем, – деп, –бір өзіңді...»
Қайтып ғашық болмасқа антымды алдың,
Қысып тұрып қолыңа жүрегімді...
Күстаналап мен кеттім бір өзімді,
Сүймейсің деп,
Сан жерде қыз егілді.
Өңім түгіл,
түсімде жатам іздеп...
Əттең, қайтып бермедің...
ЖҮРЕГІМДІ!
Əттең, қайтып бермедің...
ЖҮРЕГІМДІ!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу