Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  97


Автор: Сәруар Қамаева

ӘНШI-ӘКIМГЕ

Мiнезiң шатақ екен ғой дейсiң нелiктен?
Бiреулердiң мiнезiн барлай келiп пе ең?
Айтқызбай бiлiп, алыстағыны көретiн,
Жұмеке, өзiң екенсiң нағыз “көрiпкел”.
Жалғанда мына көңiлдi талай басты мұң,
Жадыратар бiр ауыз сөзi жақсының.
Таласпаймын жөн сөзге, сiрә, тап шыным,
Ғұмыр бойы «бақсыға» сiздей тапшымын.
Сырымды ұғып, сөзiмнiң бiлсең бағасын,
Сараларсың жақсы мен жаман арасын.
Ақ қанат жырды ауылыңа қарай ұшырдым,
Жанымның жайсаң жарқылын содан табасың.
Тағдырын ойлап, тiзгiнiн елдiң ұстадың,
Жұртыңа мәлiм өнерге сенiң құштарың.
Азамат едiң ағайын арқа сүйеген,
Тiледiм әр кез түтiнiң түзу ұшқанын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу