Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  76


Автор: Дихан Қамзабекұлы

УАЙЫМ

Уайым-шер адамның діңкесіне тимек қой,
Тұрмыс неге зорласа, соған адам күймек қой.
Айтарға тіл сақау боп іштен түйін түймек қой,
Тарлықта аздап демеген жанды адам сүймек қой.
Жаратылысы оңды жан жақсы жолға имек қой,
Қиянаткер, зияншыл кесірі көпке тимек қой.
Көрінгенге мынаны иек қағар «илеп қой»,
Терең көзбен қаралса, тұрмыс жолы ирек қой.
Иреңдетіп біреуді дегізбек топтан сүйреп қой,
Сүйрелсең топтан өлгенің, қайтсең де шыдап үйрет бой.
1931 ж., ағұстың 30-ы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу