Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  79


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ҚАЗАҚ ҰЛЫ БІЗ ТҰРМЫЗ

Қазақ ұлы біз тұрмыз,
Үлгі, өнерден тым құрмыз,
Сауынға бар, санда жоқ.
Надандықты емдеткен,
Қисық жолды жөндеткен,
Тым болмаса қам да жоқ.
Бай болғымыз келеді,
Ниетті сөйтіп бөледі,
Қолға кірген мал да жоқ.
Бек болғымыз келеді,
Аттай көңіл желеді,
Қазақ түгіл ханға жоқ.
Сұлуды көңіл сүйеді,
Көрсе ішің күйеді,
Оның көңлі маңда жоқ.
Артта қалған өрнек жоқ,
Көрге барсақ ермек жоқ,
Жарық сәуле шам да жоқ.
Азбандай дауға ілестік,
Бұқадай буға сірестік,
Қызық түгіл шаң да жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу