Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  92


Автор: Дихан Қамзабекұлы

САХАРАҒА ҚАРАСАҚ

Сахараға қарасақ,
Жайылды қойдай халайық.
Бейғамына қарасақ,
Қасқыр жеуге лайық.
Көңіл сезді, көз көріп,
Айтпай қайтіп шыдайық.
Жау жағадан алқымдар,
Бөрі етектен тақымдар.
Бұған лаж қылайық.
Балаларды оқытып,
Көңіліне өнер тоқытып,
Талап қылып сынайық.
Адал ниет, ақ кәсіп,
Үйде отырып қорланбай,
Ашық тұр ғой кең есік,
Кіріп таққа жылайық.
Қаршыға аңдыр қоянды,
О да шошып оянды,
Талап етер күн туды,
Кел, ұйқыдан тұрайық.
Орманбетұлы Нарманбеттен (1905)
28.01.1937 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу