Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  64


Автор: Дихан Қамзабекұлы

МИСАЛ СӨЗ

Қас бекзат бір айтқанын екі айтпайды,
Төресін әділ билер мін етпейді.
Белгісін шын жүйріктің зейін ілкім,
Атқарып бастан міндет тілетпейді.
Қыран құс бір ілгенін екі ілмейді,
Ақ сұңқар өлексемен күн көрмейді.
Мәрт жігіт тәуекелші сабырға ие,
Нәфсіге зор табиғат билетпейді.
Кешіккен іс ақырына сүйіну керек,
Ұзағынан қонар бақыт тез бітпейді.
Ашалмай жүрміз серпіп тұманды да,
Қоршаған басты айналып бұлт кетпейді.
Томсарып әркім де жүр мазаны алып,
Мақсұтқа көңіл жетсе, қол жетпейді.
Ойларға жеткіз өзің, сұбықаным,
Жоқты іздеп, сергелдең боп кім өтпейді?
01.11.1932 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу