Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  56


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көңілім артты күдікті көптен...

Көңілім артты күдікті көптен,
Сезімге неге жолдаспын.


Білге қағанды білікті еткен
Тоныкөк дана болмаспын.
Жалғай алмаспын ғарышты жермен,
Ерсілеу болар ендігім.
Қайталамаспын шарышты жеңген
Әбілмансұрдың ерлігін.
Қолын сұқса да еркіме дара
Заманым мені елемес.
Жанына – шипа, дертіне – дауа,
Ұлықпан хакім мен емес.
Түнерген жерге бос ағылмайды,
Бейкүнә жұлдыз көк толған.
Пендеге бола басы ауырмайды,
Бар болып қайта жоқ болған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу