Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  55


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көңіл...

Қараңғыда
Адасып жүрмісің,
Әлде...түнмен
Жарасып жүрмісің,
Түннен де Күннен көңілің қалып,
Жеті қат көктен әрі асып жүрмісің...
Жалғанды
Жалғыз кезіп жүрмісің,
Түңіліп, менен безіп жүрмісің,
Жеті қат жердің салмағы жаншып,
Бәріне амалсыз төзіп жүрмісің...
Ұнатпай
Сұрқын сұрақтардың да,
Жәбірлендің бе, жылап қалдың ба?
Үркітті ме үні
Күннен Түнге асып,
Күліп, жылаған бұлақтардың да...
Көңілім,
Тұрмын халіңді сұрап,
Жасаураған мұң жанымды шылап,
Қанат байлайын қауырсын текті,
Көрейін сосын бағыңды сынап...



Шілде,2002ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу