Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  158


Автор: Жанат Әскербекқызы

Етікші жездемнің өлеңі

«Етікші етік тігер бізіменен,
Тарамыс жорғалайды ізіменен.
Құдай берген өнердің арқасында
Оршанның3 жақын болдым қызыменен».
Осы еді сүйікті әні жездеміздің,
«Қармағы қаппай қалған өзге қыздың».
Жауапты орайымен тауып айтар
Мазалап, қалжыңдаған сөзге біздің.
Қош айтып қызығына бұлаң кештің,
Фәниден алып кетті мұнар көшкін.


Бір қабір пайда болды қырат жақта −
Айтпайды содан бері бұл әнді ешкім.
Жездей де кетті әпкенің ізіменен,
Тарамыс есіз қалды бізіменен.
...Жалғанның жалғандығын ұғына алмай,
Барады ала бұлт боп жүзіп өлең...




3 Оршан − ел аты




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу