Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  340


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Өнер бәсекесінде

Қош кепсіздер, думанға сырнайлатқан,
Ата-ана, немересін бірге ойнатқан!
Мұндай жақсы жарысқа жол ашылсын,
Елге бірлік, ақынға жырды ойлатқан!
Қуаныш құтты болсын салтанатты,
Шарпыған шарапаты шартарапты.
Өзіндік өрнегімен өнерлі озып,
Шабытын шарықтатсын әр талапты!
Кеңейтіп зейнеткерлер арқа-басын,
Бет бұрсын берекеге алты Алашың!
Басқаға бастамамыз үлгі болып,
Тойдан-той Алматыда тарқамасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу