18.08.2022
  278


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Жігіт қуу ойыны

Бұл ат ойынына қатысушылар екі топқа бөлі неді. Ойын жүргізуші аралары 1–2 шақырымдай екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, басына тұмақ кигізеді де, екіншісіне өзі тұрады. Екі топтан екі адамды шақырып, біреуінің қолына белбеу (немесе орамал) береді. Сосын ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай тұра шабады. Шарт бойынша белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге жеткізбей жолда қуып жетіп, арқасынан ұруы керек. Бұлардан кейін ойынға келесі екі ат ты шақырылады. Соңында қай топтың ойыншылары қарсыластарын көбірек қуып жетіп, «сыбағаны» көбірек жегізген бол са, сол топ жеңген болып есептеледі.


Бұл ойынды жаяу жүріп те ойнауға болады. Мұндай жағдайда ойыншылар екі топқа бөлініп, алдын ала арасы 20–30 адымдай екі көмбе белгіленеді. Көмбенің біреуіне алдыңғы ойындағыдай қазық қағылып, басына тұмақ кигізіледі. Жүргізуші екі топтан екі ойыншыны өзі тұрған екінші көмбеге шақырып алып, біреуінің қолына белбеу немесе екі бүктеліп есілген орамал ұстатады. Содан соң жүргізуші белгі берген кезде ойыншылар қарсыдағы көмбеге қарай тұра жүгіреді. Ойын ережесі бойынша, белбеу алған ойыншы екіншісін жолда қуып жетіп, арқасынан ұруы тиіс. Межеге жеткесін «сыбаға» жегізуші ойыншы белбеуді жерге тастай сала кейін қарай қашады. Енді екінші ойыншы белбеуді ала салып, қашып бара жатқан қарсыласын қуып
жетіп, арқасынан ұрады. Ойын барысында қарсыласына белбеу жұмсай алмаған
ойыншы ұтылған болып есептеледі. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу