18.08.2022
  195


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ТҰМАҚ ҰРУ

Ойынға әркім өз атымен шығады. Алдын ала көмбеден 20–30 адымдай жерге биіктігі ат бойындай қазық қағылып, басына бас киім ілінеді. Сосын аттылы ойыншының біреуі қолына қамшы ұстап көмбеге келеді. Ойын жүргізуші оның көзін орамалмен байлап, атының басын бас киім ілінген қазыққа қарай бұрып жібереді. Көзі байланған ойыншы атын желдірте жүріп бара жатып, қазықтағы тұмақты қамшысымен дәлдеп ұруы керек. Егер тұмаққа дәл тигізсе, белгіленген жүлдені ұтып алады. Ал тигізе алмаса, жұрттың күлкісіне қалады.


тұмақ сурет фото 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу