Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  98


Автор: Сәуле Досжанова

«Жарың ғой!», – деп жанұшыра шырылдап...

«Жарың ғой!», – деп жанұшыра шырылдап,
Телефоным көрсетпейді атыңды.
Отыз бес күн өте шықты зырылдап,
Сен сапарға аттанғалы ақырғы.
Сен сияқты тәтті сөзге толтырып,
Хабарлама жолдамайды енді ешкім.
Дүниені іздесем де шарқ ұрып,
Сен сияқты аймаңдай ұл көрмеспін.
Күніне он телефонмен тілдесіп,
Отырушы-ек сағынысып баладай.
Енді міне жалғыздықтан күн кешіп,
Қалғандаймын панасыз боп далада.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу