Өлеңдер ✍️

  13.08.2022
  104


Автор: Темірхан Медетбек

Күн батарда

Дамылдаған арқасынан жүк түсiп
жатыр төбе, дөңес, жота бүк түсiп.


...Батып бара жатқан күннiң астынан
реактивтi самолеттер шықты ұшып.
Қарап қалды қала, ауыл, түздер де,
қарап тұрдық қадалып бiр бiздер де.
Зырлап аққан сол бiр самолеттерден
шұбатылып қалып жатқан iздерге!
Тұрды-дағы қарап бiр сәт тосылып,
кеттi кенет сонан бәрi шошынып:
тас төбеде шұғылаға малынған
қанды қызыл iздерге!
Тұрды-дағы қарап бiр сәт тосылып,
Кеттi кенет сонан бәрi шошынып:
Тас төбеде шұғылаға малынған
Қанды қызыл iздер жатты жосылып.
Кеткен сынды ауытқып бiр жер өсi,
Жиырылды түздiң қырат, белесi.
Тартып-тартып жiбергендей дойырмен
Тiлiм-тiлiм ұлы аспанның денесi.
Соған қарап қала, дала тарыққан,
соған қарап қала, дала қамыққан.
Талаураған сол iздерден жерiме
қазiр ендi кететiндей тамып қан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу