Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  62


Автор: Асылбек СҮЛЕЙМЕНОВ

ЖЫРЛАП ҚАЛ!

Жырлап қал!
Жастық шақ өтіп кетеді десіп тұр бақтар.
Жігермен егіз бойыңда өрлік тұрғанда,
Жырлап қал, ақын,
Жырлап қал!
Жырлап қал!
Қарағай жырды шабыт желеңмен ырғап қал!
Бозбала шақта айтылмай қалған сыр болса,
Жасқанып жаным тұрма, ақтар!
Жырлап қал!
Жастық шағыңнан қалмасын көңіл,
Сырды ақтар!
Бұл шағың, жаным, ғайыпқа кетер бір күні,
Арманға қолың бұлғап қал!
Жырлап қал!
Ертеңге дауыл үні бар ғажап жырды ап бар!
Айтылмай қалған кеудеде жырың көл болса,
Жел болып толқып сырды ақтар!
Жырлап қал, ақын,
Жырды ақтар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу